Тәрбиеленуі қиын балалармен не істеу керек?

Тәрбиеленуі қиын балалармен не істеу керек?

Менің ойымша, сынып жетекші деген сөздің өзіайтып тұрғандай , ол оқушыны  алға жетелеуші, қамқоршы, өмірдегі түзу жолды нұсқап, бағыт  беруші. Жетекші сыныпты алған соң, әр оқушы оның өз баласындай  болып кетеді. Қандай жағдай болса да, шешімін тауып, реттеп, тәлім тәрбие беретін сынып жетекшісі. Әл-Фараби айтқандай «Адамға ең бірінші білім емес, тірбие беру керек, тірбиесіз берілген білім адамзаттың кас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». Осы сыныппен жүмыс істегеніме екі жыл. Зерттеу бағытындағы тәрбие жұмысы екі бағыттан тұрады:1) оқу арқылы тірбие беру, 2)тәрбие үрдісі арқылы тәрбиелеу. Менің зерттеу бағытымдағы сынып оқушыларының жас шамасы қатар болса да түсінуі  құбылысты тәрбиені қабылдау  қабілеттері әртүрлі. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, кез келген мәселені тез менгеріп кете алса, енді біреуі самырқау, айтқанды қиын қабылдайтын жалқау болып келеді. Өйтекні олар әртүрлі жанүядан шыққан. Мінезі тұйық, сыныптан оқшауланған балардың сабаққа селқостығы анықталды. Оқшаулықты сүйетіндері сабақты нашар оқиды, үлгерімін жақсарту үшін талпынбайды. Олар сабаққа әзірленбейді, бір қалыпты оқымайды, мұғаләмдермен  дөрекі сөйлеседі. Ата-анасын мектепке де жиі шақырдық, ата-аналар да мұғалімдерді көмекке шакырады, «талқыға да салынады», осыдан нәтиже шамалы. Тәрбиеленуі қиын балалармен не істеу керек? Алдымен бұл сұраққа жауап беру бұрын, балардың неге тәрбиеленуі қиын балаларға айналатындығын анықтап алу керек. Көптеген үйдерге барып ең басты себебі – тұрмыс жағдайының қолайсыздығы мен семьядағы тірбиенің дұрыс еместігі, 2) әке мен шешеін, ата-ана мен балалардың бір бірімен қатынастарының дұрыс еместігі, араларында достық жок, әрқайсысы өз мақсаттары үшін ғана тұрады, балаларға көніл бөлмейді.Әкесі шешесіне баласынын кешіккені жөнінде немесе сабақтан қашқаны туралы, сабағы төмендеп кеткені туралы сөз қозғау өте қтын болды. Балаға ұрсады, жазалайды, олардығ адамгершілігін қорлайды. Мінке, сол себепті балада оларға әділетсіздікке әділетсіздікпен карайды, бағынбаушылықпен қарчылықпен жауап береді. Бірте бірте балның мұндай тәртібі тұрақты сипат алып, дағдыға алады. Қолайсыз жағдай мен балаға көніл бөлмеушілік оны тәрбиелеуге қиын етеді.Ата-ана баласынын орынсыз тілегін орындауға дайын тұратын, оған ешқандай шек қойып, тыйым салмайтын жанұяларда бпр болады. Міне, балада мен еркін өсіп келемін, маған бәрінде әстеуге болады деген сенім пайда болады. Ата-ана да оған батыл тыйым сала алмайды. Балада ата-ананың пікірімен санасуға болады деген қате сенім пайда болады, осындай тәрбиеленуі қиын бала мектепте жамандардың қатарында болады, оны тәрбиеленуге көнбейді деп есептейді.          Тәрбие жұмысында болған кемшілікті түзетіп, тәрбие жұмысын дұрыс жолға қойып, баланың тұрмысында қалыпты жағдай туғызуға әбден болады. Тіпті баланың жағымсыз мінезі тұрақты сипат алып, уаққытты өткізіп алған кездін өзінде де бұл жағдайды түзеуге болады. Тек бұл үшін көп күш, сенімділік пен қайырылымдылық қажет болады. Тәрбиеленуі қиын бала шын жүректен сенімділік, кайырылымдылық, сүйінспеншілік көрсетсе, олар да қайырылымдылыққа , оның күші мен қабілеттілігіне сенушілікке шын көңілден адалдықпен кайырылымдықпен жауап береді. Әрине, олар өздеріне деген қарым қатыннастың өзгергенин анықтап , оған әуелі сезіктене карайды, сене қоймайды. Айқай не бұйыру арқылы тәрбиелемей, берік болу тәртіпкіздікке төзбейтіндей табандылық корсету, қоятын талаптарды бәрте бірте дамыта тусу, қиқар, ерке баланы қалайда тындатуға мәжбүр ету керек. Сонымен қатар оның сәл жақсы жағын көріп қалсан, жақсырақ болуын қолдай отырып, сенім корсете сөйлесу керек. Ақылды кеңес орынды нұсқауға құлак салатын болады.