Төрт түлік және оның төлдері.

169

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Тілдамыту

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы:  Төрт түлік және оның төлдері.

Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсаты:

  • Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға , әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға, үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай отырып сұрақтары арқылы тіл байлығын дамыту. Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
  • Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
  • Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі:   үй жануарларының суреті, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар, плакаттар.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топпен жүмыс, ойын, әңгімелеу, сергіту жаттығуы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің байланысы: қорашаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ

 

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Қош келдіңіз, бәріңіз.

Тәрбиеші:Балалар отырыңдар.

 

Тәрбиеші:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жыл мезгілі қыс.
  • Қазір қыс мезгілінің қай айы?
  • Желтоқсан
  • Дұрыс.
  • Қыс айларын атаңдар?
  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
  • Дұрыс.
  • Балалар, қыс мезгілінің ерекшелігін атаңдар?
  • Қыста қар жауады, күн суық болады. Жаңа жыл келеді.
  • Аптада неше күн бар?
  • Жеті күн бар.
  • Неше күн жұмыс істейміз?
  • Бес күн жұмыс істейміз.
  • Неше күн демаламыз?
  • Екі күн демаламыз.
  • Апта күндерін атайық
  • Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

 

 

 

ІІІ. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Оларға мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Суретке қараңдар, үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларымен, төлдерімен таныс болайық.

Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген. Сондықтан көптеген мақал – мәтел, жұмбақтар, өлеңдер, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер айтып кеткен.

 

«Төрт түлік» туралы мақал-мәтел.

 

  1. Жылқы – малдың патшасы
  2. Түйе – малдың қасқасы
  3. Қой – мырзалық
  4. Сиыр – ақтық
  5. Бота ойнақтаса – молшылық
  6. Тайлақ ойнақтаса — тоқшылыққты

Тыйым сөздер.

  1. Малды бастан ұрма.
  2. Малға теріс мінбе.
  3. Малды теппе, төкпе.

Жұмбақ.

Жем-шөп беріп бағамыз,

Сүтін сауып аламыз. (сиыр)

Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.

 

Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,

Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.

 

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.  (түйе)

Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі —   Ойсылқара.

 

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды.  Қойдың пірі – Шопан ата.

 

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Адам деуге болмайды, сақала тағы бар. (ешкі)

Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.

 

Үй жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік.

Түйе боздайды. Бе-бе-бе, бе-бе-бе.

Қой-ешкі маңырайды. Қой м-ә-ә-ә, м-ә-ә-ә. Ешкі м-е-е-е, м-е-е-е.

Жылқы кісінейді. И-и-и-о-о-о.

Сиыр мөңірейді. Му-му-му.

 

 

 

Үй жануарларын қалай шақырамыз?

Қойды  пүшайт — пүшайт.

Ешкіні  шөре — шөре

Жылқына  құрау -қүрау

Сиырды  әукім — әукім.

Түйені  көс-көс.

 

  1. Сергіту сәті;

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел болдық.

Балалар, тыңдаңдаршы, біреу есік қағып тұр ғой деймін? Кәнекей көрейікші. Бізге хат келіпті. Ашып көрейік. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде туралы өтіп жатқанымызды біліп тапсырмалар беріп жіберіпті. Тапсырманы орындауға дайынбыз ба?

 

  1. Хатқа жауап.

 

1 – тапсырма. Үй жануарлары туралы тақпақтар:

 

Жасұлан:    Мінезім жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал,

Толғанай:   Арғымақ тұлпар жылқымын,

Мақтанымын жұртымның.

Ерге қанат тұлпар мен,

Қалай түлік келер маған тең.

Айсезім:     Қой-ешкі бір түлікпіз,

Бірге өстік еш күдіксіз.

Еті тәтті, сүті бал,

Қой-ешкі ең құнды мал.

Дильназ:    Ең зор түлік түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң сүтім шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат.

2 – тапсырма. Төлдер туралы тақпақтар:

Ерсұлтан:      М-ә-ә-ә, м-ә-ә деген әні бар,

Жібек тоны, сәні бар.

Қошақаным, момақан,

Сүйкімді бір жануар.

Ақжан:          М-ө-ө-ө, м-ө-ө деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Мөңіреген бұзау,

Маған үйір жануар.

Ақмоншақ:    М-е-е-е, м-е-е деген әні бар,

Байқамасаң жамырар.

Секеңдеген лағым,

Тынымсыз бір жануар.

 

 

 

 

Бейбарыс:      Б-ө-ө-ө, б-ө-ө деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.

 

Аяулым:         Құлдыр-құлдыр құлыншақ,

Құлдыраған құлыншақ.

Жібек жалды құлыншақ,

Құндыз жүнді құлыншақ.

3 – тапсырма. Үй жануарларының төлдерін кім атайды.

Түйенің төлі – бота.

Жылқының төлі – жылқы.

Сиырдың төлі – бұзау.

Ешкінің төлі – лақ.

Қойдың төлі – қозы.

 

4 – тапсырма.  Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Түйе боздайды. Бе-бе-бе, бе-бе-бе.

Қой-ешкі маңырайды. Қой м-ә-ә-ә, м-ә-ә-ә. Ешкі м-е-е-е, м-е-е-е.

Жылқы кісінейді. И-и-и-о-о-о.

Сиыр мөңірейді. Му-му-му.

 

5 – тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

1 – орталық.  «Төлдерін тап»

2 – орталық:  «Үй жануарларын құрастыру»

3 – орталық:  «Сүйкімді төлдерді бояу»

4 – орталық:   «Қайсысы артық»

 

Ақмоншақ – қымыз:

Аңыз ғой қымыз бұрыннан,

Иісі кетпей мұрыннан.

Дәмі кетпей таңдайдан,

Жолаушы жолдан бұрылған.

 

Жаснұр – шұбат:

Жайлаған елден суатты,

Жұтсаң шырын шұбатты.

Жадырайды жаның бір,

Жұтқандай күн шуақты.

 

Нұршуақ – сүт:

Ақ шай ішіп құмардан-

Шыға алмай, өңі қуарған.

Қысты күні анам бір қасық,

Сүт табылса қуанған.

Өтірік өлеңдер:

Толғанай:   Ала тайға міндім де,.

Аспанды екі айналдым.

Балалар – ау біл, білме,

Біреу – ақ бұл айламның.

 

Нұршуақ:   Мен жасадым, жоқ арман,

Таң қаласыз, көріп сіз.

Жүре алады сол арбам,

Жанармайсыз, көліксіз.

 

VІ. Қорытынды.

  • Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?
  • Үй жануарларына нелер жатады екен?
  • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
  • Жануарлар қалай дыбыстайды?
  • Балалар, үйымдастырлған оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңызға рахмет, мадақталады.

 

«Менің жүрегім»

Менің жүрегім ыстық,

Менің жүрегім жылы,

Менің жүрегім батыл,

Менің жүрегім мейірімді,

Менің жүрегім сабырлы,

Менің жүрегім қайырымды.

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін білу керек.

Оларды бір – бірінен ажырата білу керек.

Болу керек: Үй жануарларына деген қызығушылық болу керек.

Қолдануы: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы   тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын  шығармашылықпен қарайды.