И, й, у әріптерінің жазылуы.

Сабақ тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы.

Сабақ мақсаты: 1. Й,и, у әріптерінің емлелік ережесін есуе түсіру, сөздерде дұрыс жазуын пысықтау. Осы әріптерге дұрыс талдау жасауға үйрету.

  1. Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту.
  2. Жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: сызбалар, оқулық, әліпби

 

Сабақ барысы:       1.Ұйымдастыру сәті

 

2.Үй жұмысын сұрау-тексеру:

Дыбыстар деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. Дауысты дыбыс түрлерін айт. Әріп пен дыбыстың айырмашылығын ата.

Үйге берілген 5-жаттығуды тексеру.

 

  1. Өткенді еске түсіру. Сұраққа жауап беру..

-У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?

-и әрпі қай жерде жазылады?

-й әрпі қай сөздерде жазылады?

— й мен и қандай дыбыстар?

— й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.

 

  1. Білімді қайталау. Көркем жазу. ӘәӘ Әділхан әлем әділдік Әсемнің әпкесі әсем билейді.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді өздеріне 1 рет оқытып шығу. Өлеңді көшіріп жазу.

И, й әрпі бар сөздердің астын сызу. Венн диаграммасы арқылы й, и дыбыстарын салыстыру.

Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Алдымен сөздерді дұрыс оқытып алу. Көп нүктенің орнына й, и, ый әріптерінің тиістісін қойып жазып шығу. Сый, тый сөздерінің дұрыс жазылу ережесін еске түсіру. Сызбаларды пайдалану.

Сергіту жаттығуы. Й,и дыбыстары кехдесетін сөздерді айтып , тез сөйлемдер құрастыру.

5.Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып шығады. Қысқаша мазмұнын айтқызу. У дыбысы дауысты болып тұрған сөздерді бөлек, дауыссыз болып тұрған сөздерді бөлек жазады. Сызбаны пайдалану.  (ауа-дауыссыз, су-дауысты)

  1. Шығармашылық жұмыс. 5-жаттығу Жаңылтпашты түсініп оқу. Й әрпі кездесетін сөздерді айтқызып, жазылу ережесін еске түсіру . /дауысты дыбыс+й/ ай, ой, сый,той.

Сөздік жұмысы. Йемен, Йена- мемлекет , қала атаулары.

  1. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстарды қайталадық? Не есімізде қалды? Удыбысы-қандай дыбыс? Й әріптері қай сөздерде бірінші кездеседі?

8.Үйге тапсырма: Сұрақтарға жауап беру. 4-жаттығу. /үй жаттығуын түсіндіру/

9.Бағалау.