Ардагер ұстаздармен сыр сұхбат «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

391

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы жалпы

орта мектебі

жас мамандар бірлестік жетекшісі:Испусинова А.Ж.

 

 

(Ардагер ұстаздармен сыр сұхбат)

Жүргізуші: Армысыздар Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар!     

 Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және  ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

 Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

 Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің  орны ерекше.

       Мектебіміздегі жас мұғалімдер мен ардагер  ұстаздардың   қатысуымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасына  қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Жүргізуші: 
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі сыр сұхбаттың  қонақтары —  ардагер ұстаздармен таныс болайық. 

  1. Білім беру саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы

 Нұғманов Нұрлығайын Нұғманұлы

  1. Құрмағазы ауданының құрметті азаматы, заңгер

Мурсалимов Ғизатолла Қыдырұлы

  1. Ардагер ұстаздар: Шапхатова Мүлкат Шапхатқызы
  2. Ажғалиев Марат Уапұлы
  3. Бахтыгереев Меңдіхан Бахтыгерейұлы
  4. Закарьяева Лида Мұқарқызы

Жүргізуші: 
Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз  жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қоялық.

Жүргізуші: 

                                        Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

                                        Көңілді күндер тусын алдан әлі

                                         Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

                                         Бүгінгі күн сіздерге арналады.

дей келе бүгінгі мерекелік шараны  ашу үшін сөз  мектеп директоры Кубаева Гульфара Өтемісқызына   беріледі.

Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Барша ұстаздарымызды кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан

 

Құттықтау сөз  Білім беру саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы

 Нұғманов Нұрлығайын Нұғманұлына беріледі.

 

   Жүргізуші:  Ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу , қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында «Жас мұғалімдер» мектебі өз жұмысын жалғастырып  келеді. Жас мұғалімдер мектебі — бұл педагог кадрлардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі. Бұл бірлестікте 15 жас мұғалім еңбек етіп келеді. Бірлестік жетекшісі Испусинова Ариша Жамбылқызы. Жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылығын дамыту жолында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі «Сыр сұхбат» кездесуінің кейіпкерлері, қонақтарымыз  — шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарымыз  тыңдарманы жас мұғалімдермен  бірге.  

Жүргізуші:  Жас мұғалімдер мектебінің жұмысымен таныстыру үшін сөз кезегі бірлестік жетекшісі Испусинова Ариша Жамбылқызына беріледі.

 

(Сыр-сұхбат  басталмас бұрын ардагер ұстаздар жас мұғалімдер Г.Утебаеваның  5б сыныбындағы тарих сабағына және Н.Тауенованың 3бсыныбындағы математика сабақтарына қатысты. )

Қатысқан сабақтарды талдау

 

Ардагер ұстаздар жас мұғалімдерге «Жас маманға 10 кеңес» атты жаднамалар үлестіреді.

Жүргізуші:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,

Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

Жас ұрпақтың  жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті  тұлға, жас маман —   Сіздерсіздер!

Жүргізуші:

Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман — болашақ ұлт ұстазы Сіздерсіздер! Сіздерге — Ақ жол!

Жүргізуші: Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері  ардагер ұстаздарымыздың  еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырады.Ендеше ардагер ұстаздарымызға қоятын сауалдарыңыз болса қоюға рұқсат.           (Ардагер ұстаздарға арналған сұрақтар)
Жүргізуші: Бас қосу соңында жас мұғалімдеріміздің пікірлерін тыңдап көрейік.
(Жас мұғалімдер ардагер ұстаздарға сыйлықтар тапсырады.)

 

Қоғамдық сынып жетекші тағайындау

Жүргізуші:

                       Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

                        Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

                        Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

                        Өздеріңнен бастау алар бар арман.

  Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға  Қоғамдық сынып жетекші куәлігін табыстау үшін сөз мектеп директоры Г.Ө.Кубаеваға беріледі.

 

Жүргізуші:

Сыр сұхбаттың еңбегі жансын, 
Жас мамандар керегін содан алсын.
Өмірдегі кездескен қиындықты,
Жеңіп тастап, барлығын артқа салсын., — деп өз сезімдерін білдірген, өздерінің  ақыл-кеңестерін беріп отырған кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымызға  алғысымыз шексіз.

Жүргізуші:
Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.


Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар! «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты сыр сұхбат шарасы өз мәресіне жетті.
«Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» демекші, ардагер-ұстаздарымыздан  бәйтерек ағашына жас мұғалімдерге арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.
«Батаменен ел көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)

Ендігі кезекті жас мұғалімдеріміздің  сіздерге арнап дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасына береміз.

                           Мерекелік концерттік бағдарлама

Қазіргі таңда мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс. Осы мақсатта өздерінің еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге бірден- бір тиімді тәсіл — жас мұғалімдердің жұмысын жүйелі жоспарлау, өз міндетін дұрыс білуі. Өткен оқу жылының қорытындысымен мектепішілік «Жас мұғалім — 2015» байқауының жеңімпазы Утебаева Гүлжүзімнің     5 б сыныбында тарих пәнінен  «            »  тақырыбымен өткен сабағына қатысқан ардагер ұстаздарымыздың пікірлерін, сабақты талдауын тыңдап көрелік.

Сөз кезегі Құрманғалиева Жаннат апайға беріледі.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында жас мамандар қатарына қосылып отырған Тауенова Надежда     3 б сыныбында  математика пәнінен  ашық сабақ өткізген болатын, осы сабақты қорытындылау үшін сөз кезегі ардагер ұстаз

Закарьяева Лида Мұқарқызына беріледі.

— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып, би билеп берсеңіз.
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

Гаухар : — Жаннат апай, Сіздің сұхбатыңызды тыңдау кезінде мені таң қалдырған жағдай – сіздің өзіңізге сенімділігіңіз. Сіздің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар ісіңізге сәттілік болсын демекпін.
Жанар: — Осындай ардақты да аяулы ұстаздардан  үлгі-өнеге алған біздер сіздердің сенімдеріңізден шығып, талай биіктерді бағындырамыз деп сендіремін.
Гүлжүзім: — Менің алған әсерім шексіз. Өзімде туындаған көп сұрақтың жауабын тапқандаймын.Мамандық таңдауда қателескен жоқпын деген ойдамын. Болашақта талай биіктерді бағындырамыз деп сендіремін.