Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның.

173

Тақырыбы: Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның.

                                             Жақсымен дос болсаң,

                                                       Алдыңнан шығар елпектеп…

                                             Жаманмен дос болсаң,

                                                    Сыртыңнан жүрер өсектеп.

        Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету.
Міндеттері:
— сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;
— адамның өмірінде достықтың алатын
орны туралы ұғымын кеңейту;
— адамның айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: мултимедиалық тақта, плакаттар, маркерлер, қанатты және мақал-мәтелдер жазылған қима қағаздар.

Шараның түрі:  пікірталас.

 

Жоспар

1/  Ұйымдастыру

1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.
2/ Топ жетекшісінің кіріспе сөзі

3/  «Достық туралы бірер сөз» баяндамасын тыңдау

4/  Пікірталас

5/  Ситуациялық сұрақтар. Достығын ыммен түсіндіру.

6/  Пікір алысу «Достық» сөзіне

7/ Қорытындылау

I.Ұйымдастыру
ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз?

3) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
ІІ. Топ жетекшісі: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгінгі біздің оқушылардың «Досыңды мақтағынаң – өзіңді жақтағаның» атты ашық тәрбие сағатына қош   келдіңіздер!
Дос туралы Осч йлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос — жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен. Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?
ІІІ.  Достық туралы бірер сөз

Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

 

Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық.

 

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!

  1. Пікір талас сұрақтары:

1 – сұрақ: Сіздің өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды?

2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3 – сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
4 – сұрақ: Ұлы Абайдың «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас» деген сөзінің ақиқаттығына мысал келтіре аласың      ба?

5 – сұрақ: « Екі дос келгенде жаңа достың көзінен жас шығады» — деген мақалдың мағынасын          аш.
6 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір?
7 – сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша  жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

8 – сұрақ: Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін

айт, мен сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсыз ба?

  1. V. Ситуациялық сұрақ. Достығын ыммен түсіндіру: мына шарлардың ішінде сұрақтар бар. Қандай шардағы сұраққа жауап беру өз еріктеріңізде.
    Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?

    2. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың   ба?
    3. Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

VІ. Пікір алысу «Достық» сөзіне

 VІІ. Қорытынды:

Балалар, Абай атамыз айтқандай шын дос болу- бақыт. Сенің өмірдегі жанаңды түсінетін, саған қиындық туғанда көмектесе алатын, әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адамның ол- сенің досың. Адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем- сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жанында тұтпаса, достары да оны есіне сақтамайды, ақырында ол адам өмір бақи доссыз қалатын болады. Барлық уақытта дос ұстауды әдет қыл, себебі досы көп адамның кемшілігі білінбейді, ал жақсы қасиеттері көбейе түседі. Бірақ жаңа дос тапқанда, ескі достарыңнын безбе, олардан сырт айналма, сонда барлық уақытта досың көп болар. «Жақсы дос- сарқылмас дәулет»— деген сөз бекерге айтылмаған.

Оқушыларды марапаттау.