«Мен үлгілі ата-анамын» байқауының сценарийі
«№122 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің өмірге құштарлыққа бағытталған ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында
балалармен бірігіп ата-аналар арасында «Мен үлгілі ата-анамын» байқауының сценарийі
Өтілетін орны: Мәжіліс залы Уақыты: 15.00
Жүргізушілер: Замира Алиева, Айғаным Торыбаева
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
2 жүргізуші: Мектеп-біздің панамыз,Одан білім аламыз. Ұстаздар жол көрсетсе,Биіктейді санамыз.-деп білім алып отырған білім ордамызға қош келіпсездер!
1 жүргізуші: Айғаным,барлық туыстық атауларға негіз болатын ұрпағының жақсы азамат болып өсуін тілейтін кімдер?
2 жүргізуші: Әрине бұл-әр адамның ата-анасы!
1жүргізуші: Олай болатын болса бүгінгі байқауымыздың бағдарламасы ағайын-туысты тануға,сыйлауға үйрететін,тәрбиелейтін ата-аналарымызға арналады.
2 жүргізуші: Енді оқушыларымызды ата-аналармен ортаға қошеметпен шақырамыз.1 кезекте Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира Қарсыбекқызы.Назира Қарсыбекқызы жұбайы Нүркен екеуі 2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отыр.Отбасының сүйіп көретін сериалы «Келин» телехикаясы. Отбасының сүйіп жейтін тағамы манты.
1 жүргізуші: 2 кезекте Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына Мауленқызы. Қазына Мауленқызы 7 перзенттің анасы,алтын алқа иегері.Жұбайы Асқардың айтуынша «Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін» деген ұранға ұстанады.
2 жүргізуші: 3 кезекте Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл Сандыбайқызы.Рыскүл Сандбайқызы жұбайы Сейілханмен 2 ұл,2 қыз өсіріп отыр. Отбасының сүйікті жануары жылқы.
1 жүргізуші: 4 кезекте Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр Тұрсынқызы. Айнұр Тұрсынқызы жұбайы Шаймерден екеуі 2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отыр.Отбасының армандайтын автокөлігі «Порша»,сүйіп жейтін тағамы,анасының пісірген тәттінаны,яғни торт.
2 жүргізуші: Енді байқауымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасының төрағасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапаров Жандос.
1 жүргізуші: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмағанбетов Нұржан.
2 жүргізуші: Кәсіподақ ұйымының төрайымы Утебекова Алия.
1 жүргізуші: Ал енді ата-аналарымызды байқаудың шартымен таныстырайық.
1 шарт. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі көрініс.
2 шарт. Сұрақ-жауап.
3 шарт. Отбасылық өнер.
4 шарт. Психологиялық ойын. «Миға шабуыл»
5 шарт. Сезімнің суретін салу.
2 жүргізуші: Ендеше 1 шарт бойынша көріністі сәттілік тілеп алғашқы сынағымызды бастаймыз.
- Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира.
- Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына.
- Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл.
- Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр.
1 жүргізуші: 1 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.
2 жүргізуші: Ана деген алатаудай асқар шың,
Махаббаты қол аспан — күн.
Ананың аңсайтыны — баласы
Баланың да аңсайтыны – баласы.
1 жүргізуші: Ән: «Аналар». Орындайтын Смайыл Алтынай.
2 жүргізуші: Сұрақ-жауап,яғни сұрақтар өмірден алынған. Мысалы біз кейде балаларымызға «Ақымақсың сен қолыңдағының барлығын таратуға дайынсың…» дейміз, бұл — негативті қондырғы.Салдары жайлы ойласаңыз осы кезде балада өзін төмен бағалау,қызғаншақ,өзінің құрбыларымен қиындықтар өзімшілдік пайда болады . Сіз былай жауап беруіңіз керек: «Жарайсың! Сен қолыңдағыны өзгелермен бөлісесің! »-бұл позитивті қондырғы.
1 жүргізуші. Қатысушыларымыздан әділ-қазылардың алдынан сұрақтарын алуын сұраймыз.Әр ата-анаға екі сұрақтан.
Сұрақтар:
№1
1.«Басыма бәле болдың ғой».
2.«Бұл сенің ақылың жететің жұмыс емес, араласпа!..»
№2
3.« Қалыңырақ киін, ауырып қаларсың!»
4.«Сен тура әкең сияқты жалқаусың…»
№3
5.«Ешнәрсе істей алмайсың,қолыңнан түк келмейді!»
6.«Өмір өте қиын: өскен соң білесің!..»
№4
7.«Лассың, қопалсың!»
8.«Өзің ешқандай іс істеме,үлкендерден рұхсат сұра!»
2 жүргізуші:
№1
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
- Өзін кінәлі сезіну, өзін төмен бағалау, айналасындағыларға өшпенділік, бөтендік, ата-анасымен жанжал пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
1.«Бақытымсың,қуанышымсың!»
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
2.Өзін төмен бағалау,психикалық дамуында іркіліс,өзінің пікірінің жоқтығы,бөтендік,жанжал туады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Ал,сен қалай ойлайсың?»
1 жүргізуші.
№2
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
3.Өзінің денсаулығына деген жоғары уайым,уайымдау,қорқыныш,жиі тұмау аурулары пайда болады..
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Шынықсаң сау боласың!»
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
4.Ата-анамен қарым-қатынастағы қиындықтар,бірбеткейлігі,ата-анасының қылығын қайталау қалыптасады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Біздің әкеміз тамаша адам!»
2 жүргізуші:
№3
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
5.Өзінің күшіне деген сенімсіздік,өзін төмен бағалау,қорқыныш,өзінің денсаулығына деген жоғары қорқыныш,талапсыздық,мақсатқа жетуде жайбасарлық пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Тағы бір істеп көр,сенің қолыңнан келеді!»
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
6.Сенімсіздік,қорқақтық,еріксіздік,тағдырға мойынсыну,бақытсыз жағдайларға бейімділік,күмандану,пессимизм пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Өмір қызық әрі тамаша! Барлығы жақсы болады!»
1 жүргізуші:
№4
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
7.Өзін-өзі кінәлау,қорқыныш,өзіне және өзінің сыртқы келбетінекөңіл аудармау,достар таңдай білмеу.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Сен таза әрі жинақы кезіңде,саған қараған өте керемет!»
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
8.Қорқыныш,өз-өзіне сенімсіздік,мақсатсыздық,үлкендерден қорқу,тәуекелсіздік,өзгелердің пікіріне тәуелділік,беймазалық пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
- «Сен күштісің,қолыңнан барлығы келеді.»
2 жүргізуші: 2 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.
1 жүргізуші:
3 шартымыз бойынша отбасылық өнер көрсету. Ата-аналарымыз балаларымен дайын болғанша әділ-қазылар алқасымен және көрермендермен «Жүректен шыққан жылы сөздер..»атты сергіту сәтін ойнайық.
( түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады.)
Құрметті әділ-қазылар алқасы мен көрермендер! Сіздер де мына бүгінгі байқауға қатысып отырған ата-аналарымыз сияқты ата-анасыздар. Жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер,қандай мейірімді сөздер айтасыздар,яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңді жазыңыздар.
(үлкен жүректі тақтаға ілеміз,әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.)
Мына үлкен жүрек,ата-ана,сіздің жүрегіңіз,ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі.Әрқашанда балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса,ата-ана жүрегі қашанда бала,ал бала жүрегі ана деп соғуы керек.
Ал енді ата-аналарымыздың өнерін тамашалаймыз.
- Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира.
- Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына.
- Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл.
- Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр.
2 жүргізуші: 3 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.
1 жүргізуші: 4 шартымыз бойынша психологиялық ойын «Миға шабуыл».
Яғни ата-аналарға балалары естіп-көріп жүрген ертегілердің атын терісқарай айтамыз,ал ата-аналар тез арада оңғаратып айтып беру керек.Әр ата-анаға бір ертегіден жасырамыз.
2 жүргізуші:
1.ашзат алаб – Тазша бала
2.радла есөк – Алдар көсе
3.қабңақ лаш – Қаңбақ шал
4.сымапла рытаб – Алпамыс батыр
1 жүргізуші: 4 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.
2 жүргізуші: 5 шартымыз сезімнің суретін салу. Құрметті ата-аналар! Әділ-қазылар алқасының алдында 4 түрлі сезімнің аты жазылған парақтар тұр, бір-біреуден алуларыңызға болады.
Сезімдер
1.Бақыт
2.Таң қалу
3.Риза болу
4.Махаббат
2 жүргізуші:
Ата-аналарымыз балаларымен бірігіп суретін салып болғанша ән тыңдаңыздар! «Әкелер» әні. Орындайтын Сапарханов Данияр.
( Плакатқа түрлі-түсті қаламмен қиялындағы сезімнің суретін салып болған соң,оны сипаттап береді.)
1 жүргізуші: 5 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.
2 жүргізуші: Баршамыздың асыға күткен,ортамызды қуанышқа кенелдіретін сәтте жеткен секілді.Оның кімге бұйырып,бақыт құшағына кімді алатынын әділ-қазылар ғана айта алады.Олай болса,қуаныш алдындағы сөзді қазылар алқасының төрағасы Жандос Сапаров мырзаға береміз.
Орын номинациямен беріледі.
«Үлгілі ата-ана»
«Жаңашыл ата-ана»
«Өнерлі ата-ана»
«Белсенді ата-ана»
1 жүргізуші: Қымбатты көрермендер қауымы! Осымен балалармен бірігіп ата-аналар арасында өткен «Мен үлгілі ата-анамын» байқауы аяқталды.Сау-сәлеметте болыңыздар!