Алтын күз мерекесінің сценарийі

112

Алтын күз мерекесінің сценарийі

        

І жүргізуші:      Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған жеріме

Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам

 

Армысыздар құрметті қонақтар, ата — аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 

ІІ жүргізуші:     Олай болса,

Мерекесі халықтың

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Ертеңгілігімзіді бастайық

 

Хор: «Ақ дастархан»

 

Ғажайып сәт:  Әуенмен залға күз келеді.

-Саламатсызар ма балалар,саламатсыздар ма қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын.

-Балалар  күз бізге өз өнерімен келіпті.Қандай өнер көрсетеді екен?

 

Жібек:      Жетті  желмен алтын күз

Жемісін жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды салтымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елдің бәрін сыйлаймыз.

 

Сымбат:  Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері келіпті

Сары жібек көйлегін.

 

Ару:          Күзім,күзім,күзім

Пісті алма,жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп.

 

 

 

Қ.Аружан:        Соққанда кейде дауылы

Береке күздің жауыны

Сол жауыннан өсіпті

Бақшаның қарбыз-қауыны.

 

Әсел:                 Тамсандырып таңдайды

Жеміс-жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Жер бетіне түседі.

 

І жүргізуші:      Балабақша бағында

Сайраңдаймыз жанында

Нақ өзіндей бүлдіршін

Көп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай қыздарымыз сіздерге «Балабақша» әнін орындап береді. (Әсел,Аружан,Ө.Аяулым,Ару, Сымбат,Әсемай,Қ.Аяулым).

 

Ғаламат: Күз жомарт қой қашанда

Мол жемісін беретін

Піскен қарбыз,тәтті алма

Балаларға керек қой.

 

Мағжан:  Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ағаштарда жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

 

Мади:       О,алақай,тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.

 

Дарын:     Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал,терек

Жапырағын жұлғызып.

 

ІІ жүргізуші:     Күйекте күйлі мол қанша

Қырманда толы дән қанша

Алтын күз әсем айналам

Қараймын көзім талғанша.

 

Келесі кезекте Хор: «Дақылдар әні».

 

Қ.Аяулым:       Қазан болды молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке жол сызып

Құстар қайтып барады.

 

Нұрай:               Алтын,сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

 

Диас:                  Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

 

Ө.Аяулым:       Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала.

 

І жүргізуші:      Ән: «Толқиды бидай».Орындайтын Алиакбар Жібек.

 

Ырғақ биі: (Думан-Қ.Аяулым

Дарын-Аружан

Деис-Әсемай

Әділет-Әсел

Диас-Ару).

 

Жасұлан:                  Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады жарқын күз

Сайраңдадық  күліп ойнап

Келді,міне,алтын күз.

 

Сұңқар:            Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық,алтын тау.

 

 

 

Аятулла: Берекелі сары күз

Тамылжыды балбырап

Мәуелі ағаш сары уыз

Майысады албырап.

 

Нұржігіт:          Аспанда бұлт жөңкіген

Дүниеге сұр өң кірген

Жылы жаққа құс кетті

Жаз жоғалып,күз жетті.

 

ІІ жүргізуші:     Бақ өсіріп көрік беріп

Жайқалтамыз алқапты

Алма,жүзім,өрік теріп

Біздің бақтан тарапты.

 

Келесі кезекте Хор: «Бағбандар жыры»

 

Әсемай:   Алма пісіп,алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды

Құстар қайтып қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды

 

Гүлнұр:   Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

 

Айгерім:           Күн мұңайып тұр бүгін

Қыс ызғары келеді

Құс шуласа бір-бірін

Жоғалтпасақ дегені

 

Денис:      Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

 

І жүргізуші:      Қуанышқа бөленген әр күніміз

Бақыттымыз балалар барлығымыз

Ән шырқайық көтеріп көңілдерді

Ақ көгершін әніне кезек беріп.

Ән: «Ақ көгершін». Ғалымбек Думан.

 

Келесі кезекте мың бұралған бишіліерімізді ортаға шақырайық.

Би: «Өзбек биі» (Жібек,Нұрай,Б.Аяулым,Әсел,Сымбат.)

 

Перизат:  Алтын нұрдай тамшылап

Жапырақтар төгіліп

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

 

Нұрислам:       Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

 

Әділет:              Бақ өсіріп көрік беріп

Жайқалтамыз алқапты

Алма,жүзім,өрік теріп

Біздің бақтан тарапты.

 

Ойын:      «Кім жылдам?»

 

ІІ жүргізуші:     Бас қаласы елімнің

Астанасы жерімнің

Бәйтерекпен танылған

Ол Астанам бас қалам-деп келесі кезекті әнге берейік.

«Ел жүрегі -Астана» (Әділет,Нұржігіт,Сұңқар,Диас,Дарын,Мағжан,Ғаламат.)

 

 

Алтынай:          Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

 

Б.Аяулым:       Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

 

Думан:     Ерекше күз келді

Айнала сары ала

Комбайн жүзеді

Толқыған далада

 

Тазартса бірі дән

Тиейді бірі астық

Қырманға осы сән

Күзге бұл жарастық

 

Шоферда болмайды

Тынығу жату да

Тасиды бидай да

Қойма элеваторға.

 

 

Би: «Қазақ биі» (Жібек,Ө.Аяулым,Нұрай,Алтынай)

 

І жүргізуші:      Апортқа алма жетпейді

Күллі әлем сүйсінген

Дәмі аузыңнан кетпейді

Хош иісі үйіңнен-,деп келесі кезекте

Хор: «Апорт деген тәтті алма».

 

Құрметті ата-аналар,қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар