«Бақытты балалық шақ» Сәбилер тобының ертеңгілігі

Павлодар облысы Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы

«Бақытты балалық шақ»

Сәбилер тобының ертеңгілігі

жүргізуші      Армысыздар! Құрметті қонақтар!

Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!

Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп,

Бүлдіршіндер сіздерді тамсандырар.

Жүр-ші; Көктемде  тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?

— Торғай, қарға, тауық.

Жүр-ші; Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?

— Жұмыртқа шығарады.

Жүр-ші; Ендеше,  «Алтын жұмыртқа» ертегісін еске түсірейікші .

Жүр-ші; Балалар ертегі не туралы екен?

-Алтын  жұмыртқа туралы.

Жүр-ші; Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?

— Ата, әже, тышқан, тауық

Жүр-ші; Ал енді  осы ертегіні сахналап  көрсетейікші.

Сахналау  Алтын жұмыртқа

Жүр-ші :Балалар ал жұмыртқадан не шығады ?

Балалардың жауаптары Балапан

Жүр-ші; Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.

(«Шөжелер» әніне қимыл  би  жасайды)

Жүр-ші; Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?

— Пішіні сопақша

Жүр-ші; Түсі қандай?

— Түсі ақ.

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.

Жүр-ші; Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?

Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.

Тауық  Қыт – қыт — қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!

Жүр-ші; Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?

Тауық Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?

— Ия, көмектесеміз.

Жүр-ші; «Жұмыртқаны жина» ойыны. Балалар сынып қалған жұмыртқаның бөліктерін тауып құрастырады.

Тауық Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.

Жүр-ші  :Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.

Жүр-ші  :Ауылда ата мен  әжелерінде  қошақандар бар ма ? Балалар біз қошақан туралы өлең  білеміз ғой.Қане бәріміз тұрып айтайықшы.

Ән « Қошақаным қайда екен ?»

Жүр-ші  :Біздің балалар жыл бойы жаттаған тақпақтарын айтып берсін.Тамашаланыздар.

Мирас ,Науан,Самир т.б

Бір кезде күн мен бұлт кіреді.

Күн:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Бұлт:

Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзімен менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн: Жоқ, мен мықтымын!

(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін  күн  туралы әнін орындап берейік  .

Жүр-ші  :Ән  «Әрқашан күн сөнбесін»

Күн мен бұлт қоштасып  кетеді .

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жүрейік

Келер оқу жылына!

Жүр-ші  : Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, өнер дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.