Сабақтың тақырыбы: «Do you know English well?»

37

Сабақтың тақырыбы:    «Do you know English well?»

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: Тіл үйренудің стратегияларын қоданып,оқушыларды

жоғары нәтижеге жеткізу;

Белсенділік- оқушының жасайтын әрекетін, оның

ақыл ой қабілеттілігін арттыру

Берілген тапсырма бойынша білімдерін тексеру;

 

Оқып үйренудің нәтижесі:              Оқушыларда қабылдау, ойлау, жаңа білімді есте сақтау

бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру

 

Негізгі идеялар;                                Ағылшын тілінде білген білімдерін сабақ барысында

ойын түрінде пайдалана білу.

 

Тапсырмалар:                                   антонимдер мен синонимдерді табу.Сын есімнің

шырайларын 3 формада беру. аяқтарды санап,есептеп

шығару.сөздер арқылы сурет салу. электронды

оқулықтан тексті тыңдап берілген сұрақтарға жауап

беру .

Дерек көздер:                                   ғаламтор.электронды оқулық.

 

Көрнекіліктер:                                 Тақырыптық суреттер, стикерлер,бағалау

парақшасы,кубик,

антоним,синоним,конверт,жалаушалар

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Уақыт
Сәлемдесу

Жоқтама жасау

Топқа бөлу

Ит және мысық деп жазылған стикерлерді балаларға таратып беремін

Олар осы жануарлардың атауымен екі топқа бөлініп отырады, және сол үй жануарларының дауысын  салып береді. Топпен жұмыс жасауға баулу. Балалардың ынтасын күшейту. 3 мин
Сабақтың шартын түсіндіру

Сабақ барысында әр бір шарттарды орындай отырып, мынау берілген таудың шыңына қайсы топ тезірек жетсе сол топ бүгінгі сабақ жеңімпазы аталмақ

1 топ көк жалауша

2 топ қызыл жалауша

Таудың шыңына бірінші болып жетуге ынталана отырып, тапсырмаларды орындау Балалардың мотивациясын арттыру 2 мин
Speech drill

ABCD……

Бірнеше оқушыдан сұраймын.

My name is…

My friend name is ….

We live in ….

We sell …… etc.

Тілді жаттықтыру, ойлау сөйлеу қабілеттірін дамыту. 5 мин
Алғашқы сайыстың шарты мынадай. Конверттерде берілген антоним синонимдерді сәйкестендіріп табу 2 топ өздеріне берілген тапсырманы сәйкестендіріп табады. 1 топқа антоним. 2 топқа синоним. Сөздік қорларын дамыта отырып, сөйлеуге үйрету. 5 мин
«Ең мықты тапқыр» Кубикті дөңгелету арқылы сәйкес келген сын есімнің шырайларын 3 формада тауып ауызша айтып береді. Балалардың көру, ойлау, табу, есте сақтау секілді түйсіктеріне шабуыл жасау 5 мин
«Ең жақсы математик» деп аталады келесі ойын шарты Суреттегі берілген тапсырмаға сәйкес аяқтың қаншау екенін дұрыс санап шығару Қатысушыларды жылдамдыққа, топпен жұмыс жасауға, біріге отырып шешім қабылдауға баулу 5 мин
Суреттер сөйлейді Сөздер жазу арқылы белгілі бір суретті бейнелеп шығару Ойлай отырып, ойлануға, ойлана отырып қағаз бетіне түсіруге,суреттерді сөйлетуге үйрету 5 мин
Мәтінді тыңдап,сұрақтарға жауап беру

Электронды оқулық

Алдарына берілген сұрақтардың жауабын мәтіннен тыңдап, тауып дұрыс жауабын жазу АКТ ны қолдану әдістерін кеңейту. 10 мин
Қорытынды

Тау шыңына жеткен топты анықтау

өзін өзі бағалау арқылы, өз нәтижелеріне көз жеткізу 5 мин