«Математикалық эстафета» сыныптан тыс жұмыс.

193

                             «Математикалық эстафета» сыныптан тыс жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Өткен материалды еске түсіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық:Ұйымдастырушылық,жетістіктерге жету қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты бір пәнге деген қызығушылығын дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Сабақ түрі: Сайыс сабағы

Сабақ көрнекілігі:Оқулық, слайд-шоу,нақыл сөздер;

Пәнаралық байланыс:Математика,қазақ әдебиеті,сызу;

Қолданылған нақыл сөздер:

1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3.Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдал да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Сабақтың барысы мен мазмұны:

Ұйымдастыру бөлімі:

1-оқушы: «Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса,қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі-сайыс

2-оқушы: Бүгін біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.

1-оқушы:

Шақырамыз, келіңіздер жарысуға

Күш өнер,білімменен алысуға,

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей, кім шығады сайысуға,

 

Сонымен ортаға сайыскер топтарымызды шақырамыз.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,-дей отырып сайыскер топтарымызға білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық.

Сайыс жоспары:

1.«Қас-қағым сәт»

2.«Сиқырлы мозайка»

3.«Ойымды жалғастыр»

4.«Математикалық домино»

5.«Мат-логика»

2-оқушы: Сонымен,Құрметті көрермендер, сайсымыздың бірінші турын бастайық. Бұл турда сайысқа қатысушы әр топ тұлпарларына аз уақыт ішінде 6-ты сұрақтан койылады. Әр дұрыс жауап 5-ұпай;

1.Бұрыштық өлшейтін құрал.(транспортир)

2.Бойы екі қарыс,сиып тұр 25 арыс.(сызғыш)

3.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді.(0)

4.30 санын үш 6-ны пайданалып шығар.(6*6-6)

5.Аты шулы айқас сызық,өзі толған мағына қызық.(координаталар осі)

6.Қиылыспайтын екі түзу.(параллель)

 

1.Ұзындықтың өлшем бірлігі.(метр)

2.100 жылдың басқаша атауы.(ғасыр)

3.Екі нүктенің арасындағы түзу.(кесінді)

4.Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады.(құрамында әрпі бар өрнек)

  1. Барлық қабырғалары тең тіктөрбұрыш.(шаршы)
  2. 25 нешенің квадраты.(5)

1-оқушы: Екінші тур «Сиқырлы мозайка». Бұл турда әр топқа бірдей тапсырма,карточка арқылы беріледі.Кесте ішінде жасырулысөздер бар,сол сөздерді сөзқума арқылы тауып айту.Әр дұрыс, әрі толық жауақа 10-ұпай;

 

1-карточка

 

С

 

А

 

Н

 

Н

 

А

 

Т

 

У

 

Р

 

А

 

Л

 

М

 

А

 

Қ

 

О

 

С

 

У

 

Б

 

Ү

 

Т

 

І

 

К

 

Т

 

Е

 

М

 

А

 

Т

 

И

 

К

 

А

 

Н

 

Ө

 

Б

 

Е

 

Й

 

Т

 

Ү

 

Б

 

Ө

 

Л

 

У

 

К

 

О

 

О

 

Р

 

Д

 

И

 

Н

 

А

 

Т

 

А

 

 

2-карточка

 

М

 

А

 

С

 

С

 

А

 

М

 

А

 

С

 

Ш

 

Т

 

Т

 

Е

 

Р

 

І

 

С

 

О

 

Ң

 

Н

 

Ө

 

А

 

Б

 

Ө

 

Л

 

Ш

 

Е

 

К

 

П

 

Р

 

Л

 

Б

 

Р

 

А

 

Ц

 

И

 

О

 

Л

 

У

 

О

 

П

 

О

 

Ш

 

А

 

М

 

А

 

Н

 

А

 

Я

 

И

 

Ц

 

Р

 

2-оқушы: Келесі тур «Ойымды жалғастыр» сайысы.( Әр командаға жеке-жеке математикаға байланысты мақал-мәтел беріледі,соның жалғасын табасыңдар.)Дұрыс жауап 7 –ұпай;

1.Жеті жұрттың тілін біл, …………………….( жеті түрлі білім іл)

2.Білікті бірді жығар, ……………………….(білімді мыңды жығар)

3.Екі жақсы қас болмас, ………………………(екі жаман дос болмас)

4.Досыңды үш күн сынама, ………………………(үш жыл сына)

5.Бір елі ауызға- …………………….(екі елі қақпақ)

6.Жүз сомың болғанша, …………………(жүз досың болсын)

7.Отыз тістен шыққан сөз, ……………………..(отыз елге тарайды)

8.Білгенің бір тоғыз, …………………..(білмегенің тоқсан тоғыз)

9.Бір кісі қазған құдықтан, ………………….(мың кісі су ішеді)

10.Алты жасар бала келсе, …………………….(алпыстаға қария келіп сәлем берер)

1-оқушы: 4-тур «Математикалық домино» сайысы. Бұл турда екі түрлі тас беріледі, сол тастардың жұптарын табу керек. Яғни сұрақтар мен жауаптардың үйлестіре қою қажет. Әр дұрысы 7-ұпай;

1-топ:

Екі қатынастың теңдігі

 

нөлге тең
Қарама қарсы санның қосындысы

 

қатынас
Оң санның жұп дірежесі

 

пропорция
Екі санның бөліндісі

 

оң

 

2-топ:

Жүздік бір бөлігі

 

теріс сан
Теріс санның қосындысы

 

жүз
Ең кіші үш таңбалы сан

 

бүтін, оң, теріс
Рационал сандар жиыны

 

процент

 

2-оқұшы: Соңғы турғада келіп жеттік. «Мат-логика» сайысы. Бұр турда аты айтып тұрғандай математикалық логикалық есептер беріледі. Сол есептердің дұрыс жауаптарын тауып, ұпай жинайсыздар. Әр дұрыс жауап 10-ұпай;

1-топқа:

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?( 3кг)

2.Үстел  беті  төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп  алсақ, неше бұрыш қалады?      ( 5 бұрыш)

3.Төрт қойдың неше аяғы бар?(16 аяқ)

4.Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңщы біреуін атып алды, неше торғай қалды?(1-торғай)

2-топқа:

  • жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(3 минутта)

2.1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?(тең)

3.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар.Жанұяда неше бала бар?(алты бала)

4.Асханаға жүз кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді?(300 кг)

Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, қазылар алқасынан әр турдың жиналған жалпы ұпай санын сұраймыз.

Бүгінгі сыныптан тыс ашық сабағымызды аяқтап, эстафеталық сайысқа белсене қатысқан оқушыларды анықтап, қазылар алқасы марапаттайды.

 

                                                Сау болыңыздар!!!