«Жеңіске кім жетеді ?» Интеллектуалдық ойынының жүрісі

«Жеңіске  кім  жетеді ?»  Интеллектуалдық  ойынының  жүрісі

Мақсаты:     Студенттердің  математикадан  логикалық ойлауын , ой-өрісін  дамыту   және                                                                                                                                                                                       математикаға қызығушылығын  арттыру.

Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, слайдтар

Шараның  өткізілу  барысы:

Атақты  француз  оқымыстысы  С.Д.Пуассон  «Өмір  екі  нәрсемен  көркемделеді – ол математикамен  айналысу  және  оны  оқыту»  деген  болатын. Біздің  заманымыздан  бірнеше  ғасыр  бұрын  айтылған  бұл  ұлағатты  сөз   бүгінгі  күні  өз  дәрежесін жойған  емес. Біздің  елімізде  де  математика  пәні мен  оны  оқытуға  көп  көңіл  бөлінеді. Соның  айғағы  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің  индустриалды – инновациялық даму жағдайында  математика  негізгі  техникалық  пәндердің  бірі  ретінде  алдыңғы  қатарда тұр. Жаңа  мүмкіндіктер  математикалық  білімді  модернизациялау, нақты  механизмдерді  анықтау, оны дамыту және болашақта  тиімді  қолдану  тапсырмаларын  алға  қояды »  деп айтқан болатын.

1-курс  студенттерінің  математика  пәнінен  білімдерін тексеру  және  дамыту  мақсатында  «Жеңіске  кім  жетеді?»  атты  интеллектуалдық  ойынды  ұйымдастырып  отырмыз. Олай  болса  ойынымызға  қош  келдіңіздер!

Бүгінгі  ойынымыз  5 айналымнан  тұрады. Әрбір  айналымның  ұпай  сандарын  есептеу  қазылар  алқасына  жүктеледі. Олай  болса  алдымен  бүгінгі  сайысымыздың  жеңімпазын  анықтау  міндеті  жүктелген  қазылар  алқасымен  танысайық:

  • ———————————
  • ———————————
  • ———————————
  • ———————————

Алдымен  ортаға  студенттерді  шақырамыз. Шақырылған  студенттер өздерінің аты-жөнін, өмірлік  ұстанымдарын  айтады.

Сайыстың жоспарымен таныстыру

  1. «Бәйге»
  2. «Дода»
  3. «Көп ойланбай, тез тап»
  4. «Нартәуекел»
  5. «Жорға»

I  Бәйге

Әрбір  студентке  5 сұрақтан  қойылады.Дұрыс  жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сұрақтар: 1-студентке

1.Шеңбер  ұзындығының  диаметрге  қатынасы неге  тең?                     3.14

2.Айырмашылығы  тек  таңбаларында  ғана  болатын  сандар  қандай  сандар  деп  аталады?

Қарама-қарсы  сандар

 

 

3.Биквадрат  нешінші  дәрежелі  теңдеу?                                                  Төртінші

4.Шеңбердің  центрі  арқылы  өтетін  хорда  не  деп  аталады?              Диаметр

5.Пифагор  теоремасы  қалай  айтылады?

2- студентке

1.Трапеция  дегеніміз  не?

2.Картадағы  кесінді  ұзындығының  оған  сәйкес  жер  бетіндегі  қашықтыққа  қатынасы  не  деп  аталады?                                                                                                         Масштаб

3.Айнымалысы  түбір  таңбасының  астында  тұратын  теңдеу  не  деп  аталады?

Иррационалдық  теңдеу

4.Бірлік  вектордың  анықтамасы қалай  айтылады?

5.1 жай  сан  ба  әлде  құрама  сан  ба?

                  3- студентке

1.«Миллион»  сөзін  қазақ  арасына  алғаш  таратқан  кім?                 Ы.Алтынсарин

2.yфункциясының  графигі  қалай  аталады?                               Гипербола

3.Француз  математигі әрі физигі  Р.Декарттың   математикаға  енгізген  әдісі  қалай  аталады?                                                                                          Тік бұрышты  координаттар 

                                                                                                             жүйесі

4.Екі  қатынастың  теңдігі  не  деп  аталады?                                    Пропорция

  1. 1-cos2cos2

4- студентке

1.Жай сан дегеніміз не?                                              1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар

  1. Бүтін сандар жиынына қандай сандар жатады? Теріс таңбалы натурал сандар, нөл  

                                                                                                                   және  натурал сандар

3.Үшбұрыштың бір төбесінен шығып қақ бөлетін кесінді не деп аталады?  Медиана

  1. Адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым қалай аталады? Логика

5.1012 дәрежесі не деп аталады?                                                            Триллион

 

5- студенке

1.Қандай теңдеудің әрдайым екі түбірі болады?  Квадраттық теңдеудің

  1. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны не деп аталады? Шеңбер
  2. «Ақын жанды болмаған адам, математик те бола алмайды» деген кімнің сөзі? Ковалевская
  3. Тоннаның 10% -і неше килограмм? 100кг
  4. х22= R2 функциясының графиги не деп аталады? Шеңбер

Осымен 1 айналымымыз аяқталды. Әр студенттік жинаған ұпай санын білуге сөз кезегін қаылар алқасына береміз.

 

ІІ  Дода

 

 

 

Таблода сәйкес сұрақтың тұсында сол сұрақтың құны белгіленген. Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе, ұпай сол ойыншыға беріледі.

Арифметика  5  10    20   10
Логика            5  10   20   10
Жұмбақтар     5  10   20   10

1. Арифметика.
1) 5, 075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5, 1)
2) Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36см)
3) Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңдар? (111)
4) Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық)
2. Логика
1) 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5 бала)
2) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин)
3) 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
4) 10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар. Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек?

3. Жұмбақтар
1) Біз санбыз…
Сызықпыз бөлінген
Математиканы ұқпас адамға.
Құбыжық болып көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас.
Ондық болып бөлінген.
Қандай сан? (Бөлшек сан)

2) Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсының құны бар. Ол не? (теңге)

3) Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сандар осында! (рационал сан)

4) Алды артымыз шексізде,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді біздерден. (түзу)

 

 

Осы екі ойынның қорытындысы бойынша ұпайы аз бір студент ойыннан шығады. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

 

ІІІ Көп ойланбай, тез тап

Мақалдың жалғасын табу керек.

 

 

 

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
    2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
    3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
    4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
    5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
    6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

 

 

  1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
    8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
    9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
  2. Айдағаның бес ешкі, ( ысқырығың жер жарады)
  3. Алтау ала болса, ( ауыздағы кетеді), Төртеу түгел болса, (төбедегі келеді)
  4. Жүздің түсін білгенше, (бірдің атын біл)
  5. Жүзден жүйрік , (мыңнан тұлпар)
  6. Жеті атасын білмеген ұл – (жетесіз)
  7. Екі аяқты да (бажа тату), төрт аяқты да (бота тату)
  8. Бірінші байлық (денсаулық), екінші байлық (ақ жаулық), үшінші байлық (он саулық)
  9. Елу жаста – (ер дана), елу жылда – (ел жаңа)
  10. Екі қарға таласса, (бір қарғаға жем түсер)
  11. Жігітке (жеті өнер де аз)
  12. Көп көргеннен сұрама, (көп білгеннен сұра)

 

Осы ойынның қорытындысымен бір студент ойыннан шығады. Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде.

 

ІҮ   Нартәуекел

  1. Қазақта қолданылатын салмақ өлшеуіштерін ата?
  2. Берілген нүкте арқылы түзуге неше перпендикуляр жүргізуге болады?
  3. Теңдеуді шешіңдер:
  4. Отбасында жеті қыз және әр қыздың бір – бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?
  5. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді Осы уақыттың ішінде бір ат қанша км жол жүреді?
  6. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонса цифр бар? 10 мен 100
  7. 1+ tg2=
  8. 192=
  9. Қандай сандар кемел сан бола алады?
  10. Шеңбердің диаметрі 8 см. Радиусы неге тең?
  11. Сағаттың 1\4 бөлігі неше минут?
  12. Бөлімінен алымы көп бөлшек не деп аталады?

Осы ойыннан ұпайы аз бір ойыншы ойыннан шығады. Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Ү Жорға

Білім – деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім –деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей отырып  соңғы шешуші кезеңіміз Жорға сайысын бастаймыз.

Осы сайыстың ережесімен таныстыра кетейік

 

 

 

 

 

 

 

1.(Экранда Пифагордың суреті және сұрақ шығады.)Б.з.д. 570 жылдары Семос аралында дүниеге келген бұл оқымысты бала кезінен саяхат жасауды армандаған. Ол үндістанда, дүниеге келген бұл оқымысты бала кезінен саяхат жасауды армандаған. Ол Үндістанда, Египетте Вавилонда болған. Отанына оралғаннан кейін ол аристократия уәкілдерімен жастар үйірмесін ұйымдастырған. Үйірмеге ұзақ уақыт сын емтихандардан кейін салтанатпен қабылданған. Оған  енуші әр адам өз мүлкінен безіп, бас тартқан және ілімнің негізін құраушының оқуын құпия сақтауға ант берген. ОСылайша Оңтүстік Италияда бұл  оқымыстының атымен мектеп пайда болған.

Сұрақ: Суретте бейнеленген оқымысты кім? (қосымша көмек: аңыздарға сүйенсек, ол геометрияда ашқан жаңалығы үшін Зевс құдайына 100 өгіз сойып құрбан еткен.)

Жауабы: Пифагор

 

2.Бұл адамның  еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздікті жібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екн «Математикада патша жолы жоқ». Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін жарияланып оқытылған.

Сұрақ: Бұл қай математик?

(Қосымша көмек: «Бастамалар» атты еңбегі бар)

Жауабы: Евклид

 

3.Сұрақ:Ең алғаш вертолет жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз.

(Қосымша көмек: ол дүниежүзіне әйгілі суретші болған.)

Жауабы:Леонардо де Винчи

 

4.Сұрақ: Сандықтың ішінде 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік, және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек?

Жауабы: 8 құлыпты ашу керек

 

Осымен құрметті көрерменде, интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыны білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

 

Жеңімпаз оқушыларды бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтайммыз.

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп Галилео Галилей айтып кеткендей, математиканы оқиық, меңгерейік, оның қыр – сырын аша білейік. Алтын уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға  көп – көп рахмет! Білім сайыстарында жүздескенше достар!