Дөңгелек диаграмма

110

Сабақ жоспары                                        МАТЕМАТИКА                               5  сынып

Апта Күні   Сабақ
Сабақтың тақырыбы Дөңгелек диаграмма
Жалпы мақсаты Процент және бөлшекпен берілген шамалардан бұрыштың  өлшемін таба білуге, транспортир  пайдаланып кез-келген бұрыш салып, дөңгелек диаграмма салуға    дағдыландыру
Күтілетін нәтижелер  Дөңгелек  диаграмма салу
Сабақ түрі Есептер шығару
Тапсырмалар *топтық жұмыс

* сұрақ-жауап әдісі

* деңгейлік тапсырмалар

*рефлексия

Керекті жабдықтар Бұрыш түрлері, транспортир, үшбұрышты сызғыш, постер, бояу
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы:

1. Процент  бойынша дөңгелек диаграмманы қалай салу керек?

2. Шамалар   бөлшекпен берілсе, дөңгелек диаграммада оны қалай салу керек?

↓↑ дәрежелі сұрақтар қою

Дарынды балаларға:

↑ Мәртебелі сұрақ.

1. Күнделікті өмірден дөңгелек диаграмманы  қайдан байқадыңыздар?

2. Балалар, сағат түскі  15:00 болса, дөңгелек диаграмманы  сағат тілдерін неше және  қандай бұрышға  бөледі?

Өткен сабақты қорытындылай келе,   сабаққа кіріспе жасалады.

оқушылар жоқ оқушыларды атайды, топқа бөлінеді.

 

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

 

Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақты еске түсіреді.

 

 

Оқушылар тыңдайды, сұраққа жауап береді.

Тұсаукесер Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін.

ой бөлісу.

1.     Дөңгелек диаграмма не үшін қажет? ( толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыру үшін қажет)

2.     Дөңгелек диаграммадағы  сәйкес бұрыштың градустық өлшем бірлігі қандай? (3600*0,1=360)

 

Оқушылар тыңдайды.

 

 

 

 

Оқушылар еске түсіреді,  талдайды, жауап  береді.

Негізгі бөлім ТАПСЫРМА 1

Ауаның 78%-і азот, 21%-і оттегі, қалғаны әр түрлі газдар. Ауадағы азоттың, оттегінің, түрлі газдардың дөңгелек диаграммасын салыңдар.

ТАПСЫРМА  2

Метеориттің құрамында 91% темір,   8,5%  никель және қалғаны кобальт. Метеорит құрамының дөңгелек диаграммасын салыңдар.

ТАПСЫРМА  3

Балмұздақтың  6 бөлігі су, ал 2 бөлігі сары май, 2 бөлігі қант. Балмұздақтың  құрамының дөңгелек диаграммасын салыңдар.

ТАПСЫРМА  4

Сыныптығы 30 оқушының 18-і қыздар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар санының  дөңгелек диаграммасын салыңдар.

 

Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады.

Тапсырманы  дәптерлеріне жазады.

 

 

 

Процент және бөлшекпен берілген шамаларға дөңгелек диаграмманы постерге  салып, түрлі түсті бояумен бояп әдемілейді, топ мүшелері жұмыстарын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды Бекіту: Рефлексия.

Не үйрендім? Мен үшін қиын болды Мен үшін қызықты

 

Қорытынды.

Бағалау.

Оқушылар бағалау өлшемі бойынша бір-бірін бағалайды. Бағалау өлшемдері:

1.       Қайталау сұрақтарына жауап береді

2.       Белгісіз бұрышты таба алады.

3.       Бұрышты сала алады.

4.       Шамалар  процент, бөлшекпен берілгенде  дөңгелек диаграмма салады.

5.       Тапсырманы түсіндіре алады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бағалау өлшемі бойынша бір-бірін бағалайды. Қалай және қаншалықты жұмыстанғаны туралы айтып өтеді.

Сабақтың өзіндік талдауы

 

Тәжірибелік сабақты бағалау
Сабақ бойынша өзгертулер