Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске қосу. Калькулятормен жұмыс жасау

32

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске қосу. Калькулятормен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру,

                                           калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және 

                                           сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық

                                           амалдарды қолданып есептер шығару.

2) тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

3) дамытушылық мақсаты:Оқушыларды калькулытор қолданбасымен жұмыс жасауға

                                                     дағдыландыру

Сабақтың түрі:Конференция сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, флипчарт, смайликтер т.б.

Техникалық құралдар:ДК-лер, бейнепроектор, интерактивті тақта

Конференцияның күн тәртібі:(сабақтың барысы)

  1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)
  2. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)
  3. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)
  4. Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үйге тапсырма беру)
  5. Конференция қорытындысы (сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау)

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Мен бүгінгі сабағымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, дарынды, өнегелі, ұрпақ» деген сөзімен бастағым келіп тұр.

  1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)

Тест сұрақтарына жауап беру(тест сұрақтары экранда слайдта көрініп тұрады, оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы бар сәйкес түстерді көтеру арқылы айтады)

  1. Блокнот программасын қалай қосамыз?

■Пуск – Все программы – Стандартные — Блокнот

■Пуск – Стандартные – Блокнот

■Пуск – Стандартные – Все программы — Блокнот

  1. Блокнот қолданбасында мәтінді сақтау командасы:

■Файл – Окрыть

■Файл – Сохранить как…

■Файл – Создать

  1. WordPad бағдарламасы қандай редактор?

■графикалық

■мәтіндік

■кестелік

  1. Мәтін үзіндісін көшіру үшін қай команданы орындаймыз?

■Правка — Копировать

■Правка — Вырезать

■Правка – Вставить

  1. WordPad-ты қосу үшін орындалатын әрекет қайсы?

■Пуск – Стандартные –WordPad

■Пуск – Все программы – WordPad

■Пуск – Все программы – Стандартные –WordPad

  1. 6. Бұрын сақталған құжатты ашу командасы:

■Файл – Окрыть

■Файл – Создать

■Файл – Сохранить

  1. Блокнот қандай программа?

■өте кішкентай мәтіндік редактор

■мүмкіндіктері зор мәтіндік редактор

■кестелік процессор

  1. Мәтін үзіндісін қиып алу үшін қолданылатын команда

■Правка — Копировать

■Правка — Вырезать

■Правка – Вставить

  1. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)

Сандық ақпаратты өңдеу

Калькулятор бағдарламасын іске қосу

Калькулятормен жұмыс жасау

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолджанбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын:  бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.

(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасыменкалькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.

 

Қарапайым калькулятор

 

Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

— соңғы енгізілген цифрды өшіреді

— индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді

— барлық енгізілген ақпаратты өшіреді

— енгізілген мәндерді бөледі

— енгізілген мәндерді көбейту

— енгізілген мәндерді азайтады

— енгізілген мәндерді қосады

— орындалған амалдардың нәтижесін шығарады

— квадрат түбірді есептейді

— санның процентін табады

— экрандағы санның кері мәнін есептейді (2*1/х=1/2)

 

  1. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)

1-тапсырма

Сандық әткеншек.

Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстырамыз.

37 санының қызықты қасиеті

37*3=111

37*6=222

37*9=333

37*12=444

37*27=999

2-тапсырма

Калькулятордың функционалдық батырмалары

 

 

 

Оқушылар бос торкөздерге терезе элементтерінің атын және калькулятор батырмаларының атын жазып шығады.

3-тапсырма

Оқулықтан: «Өзің орында!» тапсырмаларының 5-есебі

№5-есеп.

Мына сандардың квадрат түбірін тап: 49; 144; 529; 119.

49=7; 144=12; 529=23; 119=10,9

4-тапсырма

Сандарды табу

4*4=16

34*34=1156

334*334=111556

3334*3334=11115556

33334*33334=1111155556

5-тапсырма

Ақпараттық диктант

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің ………………………….. қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: ……………………………. және ………………………………….. .

            Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз:

…………………….. – Все программы – Стандлартные …………………………………….. . Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда ……………………………………………….. калькулятор шығады.

Тарихи деректерден…

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.

(Слайдта есепшоттың, абактың және қазіргі есептеу құралы калькулятордың суреттері көрсетіліп тұрады)

  1. Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үйге тапсырма беру)

Үйге тапсырма – оқулықтан §30, «Өзің орында!» тапсырмасының 1-4 есептері

  1. Конференция қорытындысы

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау