лабораториялық жұмыс. Құжатты форматтау мүмкіндіктері

34

лабораториялық жұмыс. Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Мақсаты:

  • Мәтінді, абзацты, қатарды ерекшелеу
  • Қаріпті, абзацты форматтау
  • Мәтінді туралау, шегіністер мен ұмтылыстарды орналастыру
  • Қатар, абзац аралық интервалдар қондыру
  • Кестелеу позицияларымен жұмыс жасау
  • Тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу іс әрекеттерін орындауды үйрену.

 

Тапсырмалар

  1. Word текстік редакторын іске қосыңыз. Жаңа құжат құрыңыз да, өзіңіздің фамилияңызды атыңызды, әкеңіздің атын 12пт, жартылай қарайтылған (жирный) етіп теріп жазыңыз.
  2. Фамилияңызды курсив, атыңызды асты сызылған, әкеңіздің атын жартылай қарайтылған қаріп түріне өзгертіңіз.
  3. Қаріптердің көлемін сәйкесінше 13,15,25 және түстерін қызыл, жасыл, көк болатындай етіп, үш түрлі анимациялық көркемдеуді қолданыңыз да, орындау ретін түсіндіріңіз.
  4. Фамилия, аты-жөніңізді оң жақ, сол жақ, орта, ені бойынша туралап болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
  5. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күні болатын сабақ кестесін теріп жазыңыз.
  6. дүйсенбі күнгі сабақ кестесінің қатар аралығын бір, сейсенбініңкін бір жарым, Сәрсенбінікін екі интервалға ауыстырыңыз.
  7. Әр күнгі сабақ кестесін азат жолдан басталатындай етіп өзгертіңіз де азат жолдардың аралығын 5пт интервал қойып форматтаңыз.
  8. Сабақтардың нөмірлерін әр түрлі маркерлерге ауыстырыңыз да, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріп, қайта қалпына келтіріңіз.
  9. Сабақтарды: Дүйсенбі күнгіні 6-дан, Сейсенбіні 12-ден, Сәрсенбіні 18-ден бастап нөмірлеңіз.Нөмірлерінің қаріп форматтарын: Дүйсенбінікін 12пт қарайтылған, Сейсенбінікін 14пт курсив, Сәрсенбінікін 16пт асты сызылған етіп өзгертіңіз.
  10. Осы сабақ кестесін толықтырып, яғни басқа күндерді де жазыңыз да, өзіңізге ұнайтындай етіп форматтап Кесте деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.