лабораториялық жұмыс. MS Word-та кестелерді құру және өңдеу

лабораториялық жұмыс. MS Word-та кестелерді құру және өңдеу

Жұмыстың мақсаты:

  • Мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу;
  • Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу;
  • Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту әрекеттерін орындап үйрену.

Тапсырмалар

  1. Құжаттағы кесте қоятын орынға көрсеткішті (курсорды) орналастырыңыз.
  2. Кесте менюінен Кестені қосу командасын таңдап алыңыз немесе саймандар панельінен Кестені қосу бастырмасын басыңыз.
  3. Бағаналар саны өрісіне керекті бағаналар санын және қатар саны өрісіне қажетті қатар санын енгізіңіз.
  4. Бағана ені өрісінде бағананың енінің шамасын көрсетіңіз.
  5. Егер кестенің форматталған басқа үлгілерін немесе рамкаларын пайдаланғыңыз келсе, Автоформат батырмасын басыңыз.
  6. Құжатқа кестені қою үшін, Кестені қою сұхбат терезесінен ОК батырмасын басыңыз.

 

Кестені құру, оған ақпараттарды енгізу және түзетулер жасауды үйрену үшін мынадай жаттығуларды орындау қажет.

  1. Саймандар панельінен Құру батырмасын шертіп жаңа құжат құрыңыз да, оған Тамақтану кестесі деген сөзді жазыңыз да Enter пернесін басыңыз.
  2. Кесте менюінен Кестені қосу командасын орындаңыз.
  3. Бағаналар саны өрісіне 4 санын енгізіңіз.
  4. Tab пернесін басыңыз және Қатар саны өрісіне тышқан көрсеткішін шертіңіз де 6 санын енгізіңіз. Қалғандарын өзгеріссіз қалдырыңыз.
  5. ОК батырмасын шертіңіз. Экранда 4 бағаналы 6 қатарлы кесте пайда болады. Көрсеткіш бірінші ұяшықта тұрады. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз. Бір ұядан екінші ұяға өту үшін Tab пернесін пайдаланыңыз.
КҮНІКІМНЕҚАЙДА
ДүйсенбіЕркінСалаттарДиірмендер көрінісі
СейсенбіҒабитКәуапЛас-Казас бақтары
СәрсенбіСәулеПиццаАйда үйі
БейсенбіАйгүлҮлкен пиццаПрограмист сыраханасы
ЖұмаЖомартМантыТабиғат бары
  1. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз.
  2. 6 бөліктегі ақпарларды енгізіп болған соң көрсеткішті «Программист сыраханасы» мәтін ұясына орын ауыстырыңыз. Көрсеткішті басқаратын пернелер арқылы осы сөздің соңына орналастырып жаңа абзацтан бастау үшін <Enter> пернесін басыңыз. Мынадай сөйлем жазыңыз: (Егер жақсы орын алғыңыз келсе, алдын ала тапсыра беріңіз).

 

1.2. 9х7 өлшемді кесте құрыңыз, тышқанның көмегімен бағаналардың өлшемін әр түрлі етіп жасаңыз.

1.3. Кесте командасының көмегімен оны қайтадан қалпына келтіріңіз

1.4. Осы кестенің ішіне өзіңіздің сабақ кестеңізді толтырыңыз. 1-бағанаға сабақтардың рет нөмірі, 2-бағана – Дүйсенбі, 3-бағана Сейсенбі т.с.с.

1.5. Осы кестені Кесте1 атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.