PowerPoint бағдарламасында жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: PowerPoint бағдарламасында жұмыс істеу.

 

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.

 

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

Б) Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденуге, алған білімдерін практикаға жүзінде

қолдана бәлуге дағдыландыру.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың түрі: Шығармашылық.

 

Сабақтың әдісі:  Интерактивтілік, түсіндірмелі-суреттемелік, сұрақ-жауап, тест.

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, PowerPoint слайдтары, Activstudio флипчарттары,

электронды оқулық.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, жоқ оқушыны анықтау, оқушыларды 2 топқа бөлу)

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 

1- топ компьютерде тест орындайды.

2 — топ тақтадағы сұраққа жауап береді.

  1. PowerPoint бағдарламасын іске қосу.
  2. Меню жолы қандай элементтерден тұрады?
  3. Презентация ұғымының толық мағынасы.
  4. Презентация жасау алдында не істеу керек?
  5. Презентация не үшін керек?
  6. Слайд дегеніміз не? Оның құрамына нелер кіреді?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кез келген PowerPoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады.

Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, әрбір слайдтарда кем дегенде бір объект – кадр фоны болады. Яғни бос слайд болуы мүмкін емес, тек қана фон типті объектісі болса, ол бос слайд деп есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Графикалық файлдарды еңгізу.

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

Фон менюі пунктін таңдаңыз. Способы заливки таңдау.

Дыбыспен жұмыс.

Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлдар ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Вставка – фильмы и звук-  звук из файла менюі пунктін таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдтарды демонстрациалау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет.

  1. Показ слайдов – настройка анимации командасын орындау.
  2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с анықтау керек.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Электронды оқулықта тапсырма орындау.

Ү. Компьютерде практикалық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

4 слайдтан тұратын «Ел ордасы — Астана» тақырыбына презентация жасау.

Слайдқа Астананың фотоларын және ҚР-ның Әнұранын кірістіру қажет.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқып, түсінгенін айту.

«Менің жанұям» тақырыбына келесі сабаққа практикалық жұмысқа презентация жасауға жоспар құрып келу.

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – балабақша кешені.

Информатика пәнінің мұғалімі Нуфтиева Динара Ержанқызы