Практикалық жұмыс. ДК басқару пернелерін және амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалана алады

67
Апта:9

Күні: 27.10.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

7 «а,ә,б,в,г» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Сілтеме: ·         7-сынып оқулығы;

·         7-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Функционалдық пернелердің қызметін біледі.

ДК басқару пернелерін және амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалана алады.

Дамытушылық мәні: Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже: ·         Пернетақта анықтамасын және 4 блогын біледі;

·         Функционалдық пернелердің қызметін қолдана алады;

·         Дербес компьютерді басқару пернелерінің байланысын анықтайды;

·         Қандай да бір амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалануды үйренеді.

Түйінді идеялар: Пернелер қызметтері

Пернелер комбинациялары

Функционалдық пернелер қызметтері

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс: Математика
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         Пернетақта дегеніміз не?

·         Пернетақта неше бөлікке бөлінеді?

·         Басқару пернелерін қызметін атаңдар?

·         Функционалдық пернелер қызметі?

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
Пернетақтамен жұмыс істеу жаттығуларын орындау Компьютерде жаттығулар орындайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты әрбір оқушыға мәтін парағын беру.

 

Оқушылар мәтінді компьютерде тереді.
Ой толғаныс  (4 мин.)
Пернетақдағы басқару пернелеріне 5 жолды өлең жазу 5 жолды өлең құрастырады
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге 42-44 беттердегі «Пернетақта. Пернелер тобы» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.