Microsoft Word бағдарламасында формулалар редакторын қолдану

87

Microsoft  Word  бағдарламасында формулалар                редакторын қолдану

 

Сабақтың мақсаттары :  

Білімділік :   Оқушыларға  Microsoft  Word  бағдарламасында  формулалар редакторын қалай қолдануды үйрету, осы үйренген білімін басқа пәндерге іс жүзінде қолдана білуге үйрету,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық :  Алдыңғы сабақтардан алған білімдерін бекіте отырып,  Microsoft  Word  бағдарламасы туралы білімдерін дамыту, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.

Тәрбиелік:  Оқушыларды  жеке жұмыс жасауға, үнемшілдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі :   жаңа хабарлама сабақ

Сабақтың әдісі :  лекция және практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, жаттығулар, жеке жұмыс

Оқу материалын жабдықтау :   Дербес компьютер, Microsoft  Word  бағдарламасы, әртүрлі плакаттар, оқулық, сабақ конспектісі, математикалық формулалар

Пән аралық байланыс :    информатика, математика, қазақ тілі

 

                                   Сабақтың барысы :    

   

  1.    Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру

     Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға Word бағдарламасы бойынша өткен сабақтардан сұрақтар қойылады:

♦  Word бағдарламасы дегеніміз не ?

♦  Microsoft Word бағдарламасын іске қалай қосамыз ?

♦    Microsoft Word бағдарламасында қандай, қандай мүмкіншіліктері бар ?

♦   Microsoft Word терезесінің негізгі элементтері қандай ?

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалімнің түсіндірмесі:

     Microsoft Word мәтіндік редакторында формулалар редакторының көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын обьектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшелер және т.б. жатады.

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, КірістіруОбьектMicrosoft Equation (ВставкаОбьектMicrosoft Equation) әмірін орындау керек немесе стандартты құрал саймандар мен пішімдеу жолағынан  белгішесін басамыз. Сонда экранда “Формула” атты шаблондар панелі шығады. Осы шаблондар арқылы біз математикалық формулаларды жаза аламыз.

Мысалы:  ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеуінің түбірін табу формуласын жазайық. Оның түбірін табу формуласын жазбастан бұрын осы теңдеудің өзін біз компьютерде қалай теретінін қарастырайық. Бұны теру үшін формулалар редакторы керек пе, жоқ па дегенге тоқталайық. Оны біз жоғарғы индексілі х2 белгісін қолдану арқылы оңай жаза аламыз.   Олай болса біреуіміз осы формуланы компьютерде теріп көрсетейік. (теңдеуді бір оқушы компьютерде жазып көрсетеді)

Ал теңдеудің түбірін қалай табамыз ?  Кім ол формуланы тақтаға жазып береді?

(тақтаға бір оқушы жазып көрсетеді)

 

Міне осы формуланы біз компьютерде теру керек.

Ол үшін жоғарғы немесе төменгі индексілі белгілерді қолдана аламыз ба?

Қолдана алмайтын болсақ оны қалай жаза аламыз?

Ендеше осы формуланы компьютерде теру үшін келесі амалдарды орындаймыз:

Теориялық бөлім:

               ♦   ВставкаОбьектMicrosoft Equation әмірін орындау

♦    Пайда болған төртбұрыштың ішіне х-ті теріп, формулалар

редакторынан төменгі индекслі шаблонды таңдап, х-тің төменгі

бұрышына 1,2 деп жазу

♦   = белгісін қою

♦    Бөлшектің шаблонын таңдау

♦    Бөлшектің алымына -в жазып, квадрат түбір белгісін қойып, түбірдің

астына в2 – 4ас деп жазу

♦     Бөлшектің бөліміне 2а деп жазу

Осының барлығын жазып болған соң формуланы мәтінге енгізу үшін құжаттың кез келген бос жеріне курсорды шертсе формула мәтінге енгізіледі.

 Практикалық бөлім

Тақтадағы жазылған квадрат теңдеудің түбірін табу формуласын практика жүзінде компьютерден теріп көрсету керек.

(формуланы мұғалім компьютерде теріп көрсетеді)

  1. Жаңа сабақты пысықтау

Жаңа сабақты пысықтау үшін оқушыларға келесі формулалар беріледі. Олар формулаларды компьютерде теріп көрсетуі керек.

 

 

 

 

 

 

  1. Қортынды және бағалау

  (формула жазуға қатысқан, сұрақтарға жауап берген, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға            

     баға қойылады )

 

  1. Үй тапсырмасы

 

 

функциясының формуласын компьютерде теру алгоритмін сөзбен түсіндіріп жазып келу.