Сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау. Параметрлі сұраныс .

Сабақ  тақырыбы: Сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау.

Параметрлі сұраныс .

Сабақ  мақсаты:

Білімділік: MS Access  бағдарламасында  сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау, параметрлі сұраныс  құрудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгереді;

Дамытушылық:   Жаңа  мәліметтер  арқылы     білім қорын  көбейту,  ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттырады.

Тәрбиелік:  Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі  жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты  жеткізе білуге және  компьютерді  еркін  меңгеруге  үйренеді.

Сабақ  түрі:  Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау

Сабақ  типі:  Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.

Пәнаралық байланыс: Физика, Тарих,Дене шынықтыру.

Көрнекі құралдар:Слайд-фильм, оқулық, MS Access бағдарламасы, үлестірме тапсырмалар.

Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1: Бүгінгі күн.
    • Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.
    • Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.

Мұғалім сөзі:

Үй тапсырмасын сұрау 2-5 слайд көрсету арқылы

Жаңа білім:  

Сауалдар көмегімен  кестелерден  мәліметтерді таңдау. Параметрлі сұраныс.

Сұраныс- жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді  бір немесе бірнеше  кестеден берілген шарттарғы байланысты  таңдап алу тәсілі.

Параметрлі сұраныс. 6-18 слайд демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау арқылы түсіндіру.

  1. Менің құжаттарым бумасынан 11 класс бумасынан Облыс МҚ ашу.
  2. Кесте1 белгілеп Сұрау  компонентіне басып Кестелік режимде сұраныс (создание запроса в режиме конструктора ) таңдап аламыз.
  3. Ашылған сұқбат терезесінен  кестелерді қосу (добавление таблицы) сұқбат терезесі шығады.
  4. Кестелерді қосу (добавление таблицы) сұқбат терезесінде Кесте1 кестесінің атына екі рет шертеміз.
  5. Кестеден облыс, аймақ, облыс орталығы, халқы, ауданы, тығыздығы  өрістерінің аттарына екі рет шертеміз.   аймақ, облыс орталығы, халқы, ауданы, тығыздығы  өрістері сұрау бланкісіне қосылады.
  6. Аймақ  өрісіне шарт (условия отбора) Like [аймақтың атын енгіз] деп жазамыз.
  7. Саймандар панеліндегі сақтау (сохранить) батырмасына шертеміз.
  8. Сұраудың аты ретенде «11а сураныс» атын енгіземіз.
  9. Сұрау құрылады, енді сұрауды орындау үшін ! батырмасына шерту немесе кесте режиміне ауысу керек.
  10. Сол сәтте экранда параметр мәнін енгізу деген сұқбат терезесі шығады. Аймақтын атын енгіз  өрісіне аймақ атын енгіземіз, де ОК батырмасына шерту. Мысалы Оңтүстік Қазақстан.
  11. Сонда экранда сұрау кесте режимінде төмендегідей болады.

Практикалық жұмыс:

Тапсырма 1: Күн жүйесі МҚ «Планета» және «арақашықтық» бойынша сұраныс құру.

ПланетаКүнАрақашықтықДиаметрМассаПланета серігі
Күн001392920000000
Меркурий0,24584,80,320
Шолпан0,6210812,14,860
Жер115012,861
Марс1,882886,80,612
Юпитер11,9778142,61906,9816
Сатрун29,51426120,2570,917
Уран8428694987,2414
Нептун165449610,2103,382
Плутон24859002,80,11

Тапсырма 2: Пекинда Олимпиада қорытындысының кестесінен «мемлекет» атына  бойынша параметрлі сұраныс құр.

Әрбір елдің алған медальдарының кестесі. (Таблица медалей по странам) 23.07.2008
МемлекетАлтынКүмісҚолаБарлығы
1Қытай512128100
2АҚШ363836110
3Ресей23212872
4Ұлыбритания19131547
5Германия16101541
6Австралия14151746
7Корея1310831
8Жапония961025
9Италия8101028
10Франция7161740
11Украина751527
12Нидерланды75416
13Ямайка63211
14Испания510318
15Кения55414
16Беларусь451019
17Румыния4138
18Эфиопия4127
19Канада39618
20Польша36110
21Венгрия35210
21Норвегия35210
23Бразилия34815
24Чехия3306
25Словакия3216
26Новая Зеландия3159
27Грузия3036
28Куба2111124
29ҚазаҚстан24713
30Дания2237

Тапсырма 3:  Осы кестені  пайдаланып «орын» бағанына  параметрлі сұраныс құр

(Таблица «Казахстанцы в десятке сильнейших» 09.09.2008  Казахстанцы в десятке сильнейших на Олимпиаде в Пекине )

 

 Аты-жөніТүріКг Орын
1.Илья ИльинАуыр атлетика94Алтын
2.Бахыт Сарсекбаевбокс69Алтын
3.Таймураз ТигиевЕркін күрес96Күміс
4.Ирина НекрасоваАуыр атлетика63Күміс
5.Алла ВаженинаАуыр атлетика75Күміс
6.Асхат Житкеевдзюдо100Күміс
7.Нурбакыт ТенизбаевГреко-римская күрес60Қола
8.Асет МамбетовГреко-римская күрес96Қола
9. Марид МуталимовЕркін күрес120Қола
10.Елена ШалыгинаЕркін күрес63Қола
11.Мария ГрабовецкаяАуыр атлетика75Қола
12.Арман Чилмановтаеквондо80Қола
13.Еркебулан ШыналиевБокс81Қола

 

  1. Бағалау. Жаңа білім қорытындысы. Слайд 19 Жалпы қорытынды. Журналға баға қою.
  2. Үй тапсырмасын беру.8 тақырып оқу. Дәптерге конспектілеу.
  3. Қорытындылау.