Тапқыр информатик сайысы

56

Тапқыр информатик сайысы

Мақсаты:

1.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2.Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3.Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысады. Бүгінгі ойынымыз алты турдан тұрады.

І-тур «Бәйге»  екі топтың мүшелеріне сұрақ қойылады. Шапшаң жауап беру керек.

  1. Ақпаратты алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен айналысатын ғылым? /информатика/
  2. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай деп аталады? /микрафон/
  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? /интерфейс/
  4. Ақпаратты шығару құрылғысы?/принтер/
  5. Бас әріппен жазатын перне /CapsLock /
  6. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша /меңзер/
  7. Алғашқы есептеу құрылғысы /саусақ/
  8. Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің ,,, құрылғысы /негізгі/
  9. Бүкіл әлемдік желі /интернет/
  10. Вирусты жоятын программа/ антивирус/
  11. Файл аты неше бөліктен тұрады /екі бөліктен, өз аты және кеңейтілуі/
  12. Атақты MICROSOFT фирмасының негізін қалаушы/ Билл Гейтс/

 

2-тур. Жұбын тап. Екі бағанда тұрған сөздердің  жұбын тауып, бағдарша арқылы көрсет.

 

Графикалық редактор Дыбыс шығарады
жүйелік модем
колонка Word
Ақпарат желісіне қосады принтер
Мәтіндік редактор Paint
Ақпараттты қағаз бетіне шығарады блок

3-тур «Адасқан әріптер» сайысы әріптерді  өз орнына қою керек.

Ротпьюкем /компьютер/

Армапогрм /программа/

тикдасе   /дискета/

дракерот /редактор/

нытшақ /тышқан/

4-тур «Кім жүйрік» әр топ кезек-кезек жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруңне болады.

  1. …кеме білім теңіз?/мектеп, школа, school/
  2. Өнер алды қызыл …/тіл, язык, landuade/
  3. Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/
  4. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/
  5. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка, mouse/
  6. Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/
  7. Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/
  8. Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/

5-тур «Сөз құрастыру»

Информатика пәні бойынша бір термин беріледі. Құрамына кіретін әріптермен  бірнеше  сөздер құрап шығу керек. Информатика, ақпараттандыру.

6-тур. «Өз өнерлерін көрсету»  сайыстың соңында  ең көп ұпай жинаған топ анықталып, оларға «Тапқыр инфоратик» атағы беріледі.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Информатика негіздері №6 2011 жыл

2.Информатика негіздері журналы №6 2009 жыл

  1. Иинформатика негіздері №4 2014 жыл
  2. Информатика негіздері №5 2007 жыл
  3. Информатика негіздері №2 2011 жыл

,