Тақырыбы: «Сәлемдесе білейік»

 

Бағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.

 

Тақырыбы: «Сәлемдесе білейік»

Мақсаты::         Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

                     түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді

                     сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

                     Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым

                     – қатынас жасай білуге баулу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі: кітап, сурет

Барысы :

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

         «Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?

  Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Балалар, үлкен атаны көргенде қалай амандасады?

Ал, қыздар ше?

Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?

          Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

 Бәріміз хормен айтамыз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, әже!

Амансыз ба, атай!

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

 Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

 

Қорытынды:

Міне, балалар осының  бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені»

          Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

         Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

.