Тақырыбы: «Үй құстары»
Бағыты : Экологиялық тәрбие .
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: 1) Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру. 3) Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
— Жануарлар дегеніміз не?
— Үй жануарлары дегеніміз не?
— Үй жануарларына нелер жатады?
Құстар дегеніміз не?
Құстар-қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.
Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Қарлығаш , сауысқан, торғай, қарға, бүркіт т.б.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:
. «Есіңе сақта!»
- Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
- Құстарды атуға болмайды.