Тақырыбы: «Кітапханаға саяхат»

Бағыты :  Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру .

Тақырыбы:  «Кітапханаға саяхат»

Мақсаты: а). Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің

пайдасы жайлы түсіндіру;

ә). Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

б). Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер, кітаптар.

Барысы: Ұйымдастыру.

-Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап).

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(Кітап).

-«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап -бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.

Кітап –уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.

Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.

Кітап-ең сабырлы ұстаз.

 

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

Қорытынды:

Кітапты құрметтеу керек, жыртпай таза, ұқыпты ұстау керек.