Ғасырдың қасіретті дерті – ЖҚТБ

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Рахметова Ләззат Ғабитқызы.

Тақырыбы: «Ғасырдың қасіретті дерті – ЖҚТБ»

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Міндеттері:  — СПИД-ң адам ағзасында зиянды әсерлерін ашып көрсету.

  • Солардың салдарынан болатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.
  • Салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: бейнероликтер, слайдтар, плакаттар, нақыл сөз жазылған

плакаттар.

Тәрбиелік шараның жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Топтармен таныстыру

ІІІ.  Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІV. Оқушылармен жұмыс (әр топпен)

  1. V. Бекіту (тренинг ойындар)
  2. VI. Қорытындылау

 

ІІІ. Кіріспе сөз.

Қоғамды меңдеген СПИД дерті, талай пенденің тыныш ұйқысын  қашырып, берекесін алып барады. СПИД қатерлі жұқпалы ауру болғандықтан  оның қара бұлты шалмаған жер бетінде елді — мекен қалмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша бүкіл індет басталғалы бері (Вич) 47 миллион адамды қамтып үлгерген, олардың ішінде 3,5 миллионы балалар болса, жалпы алғанда бұл дерт                           21 миллион ересектер мен балалардың өмірін қиған. Қарусыз майдан ашқан жұқпалы аурулар дашыған мемлекеттің өзін айналып өтпей, барша халықты түршіктіріп отырғаны жасырын емес. Ал Қазақстанда Вич көз ілеспес қарқынмен бой көтеріп, 2001 жылы оның шарықтау шегі әлем бойынша ең жоғарғы шегіне жетті. Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек Вич жұқпасын жұқтырғандар саны 4481 — ге жетсе, соның ішінде 201 — і СПИД дертіне шалдыққан. Арнайы зерттеу мамандарының айтуы бойынша бұл көрсеткіш 10 — 15 есе көп болуыда мүмкін.

Ол облысымызда Вич ауруымен 161 адам есепте тұрса, соның ішінде 30 — ы әйел адам.

Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдың — алу және одан емделу тәсілдерін барша жұртты мазалап ойландыратыны сөзсіз. Осы сұрақтар төңірегінде сөз қозғап, ойларымызды ортаға салып отырайық.

 

IV  Топпен жұмыс.

  1. «Ақпараттар бөлімі» ( жалпы СПИД туралы мағлұмат айту)
  2. «СПИД-ң жұғу жолдары»
  3. «СПИД-ке қарсы жоба» қорғау
  4. Шығармашылық топ ( өмір биі)
  5. «Сыншыл топ» (психологпен кеңес)

«Тренинг»  өткізу

  1. Доп арқылы танысу
  2. «Ия» қолын көтереді

«Жоқ»  екі рет қол соғады

 

  1. Бекіту сұрақтары:
  2. СПИД — ластанған шприц арқылы жұғады (иә)
  3. АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдыққандарға білім алуға, жұмыс істеуге, некеге тұруға болады (иә)
  4. СПИД ауруын жұқтырған адамдарды оңашалау керек (жоқ)
  5. Бетінен сүйгенде СПИД жұғады (жоқ)
  6. Жалпы әдісті пайдалану қауіпті (жоқ)
  7. Жалпы дәретхана қауіпті (жоқ)
  8. Жөтелу, түшкіру нәтижесінде жұғады (жоқ)
  9. Тексерілмеген қан құю қауіпті (иә)
  10. АҚТҚ жұқтырған адам дайындаған тағамды пайдалану қауіпті (жоқ)
  11. Денеге инемен сурет салғанда залалсыздандырылмаған   инструментті пайдалану қауіпті (иә)

VI  Қорытынды.

Әлемде бұл аурумен бір минутта 10 адам ауырады екен. Оның ішінде сіздің досыңыз не жақыныңыз болуы мүмкін.

Бір жылдың ішінде бір-ақ рет жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір — ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына да жастық бір рет келеді.

Жаздан соң қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан кейін кәрілік те жетеді. Сондықтан жас өмірімізді қатерлі дерттің қармағына іліктірмейік. Іліккен соң одан құтылам деу бос әурешілік.

«Өмір сүр, өзгеге де өмір сүруге мүмкіндік жаса» деген ұлы сөзбен кешімізді қорытындылаймыз.