Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға тік белдемшенің бөліктерін өңдеу технологиясы арқылы білімдерін бекіту, пішу, тігу және өңдеу технологиясының тәсілдерін үйрету
- Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету
3.Тәрбиелік: білімдерін тереңдету, теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыспен дамыту, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мата түрлері, дайын үлгі, тақырыптық суреттер
Қажетті құралдар: қайшы, ине, жіп, түйреуіш, бор, лекал
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап
- Не себепті тік белдемше белдік бұйымдарға жатады?
- Тік белдемшесі қандай бөліктерден тұрады ?
- Киімге қандай талаптар қойылады?
- Жаздық белдемшенің матасы қандай болады ?
- Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды?
- Силуэтіне қарай балдемше қалай бөлінеді?
Графикалық диктант .
Сұрақ жауабымен келіссе иә «-», келіспесе жоқ «˄» деп жауап беру керек.
- Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (иә)
- Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см.болуы керек.(жоқ)
- Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек.(иә)
- Ине майысқанда ине сынады, жіп үзіледі, тігістері босатылады.(иә)
- Ине негізгі төрт бөліктен тұрады.(жоқ)
- Қалың мата тігу үшін №90 инені қолдану керек. (жоқ)
- Айналмалы дөңгелек тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.(иә)
- Машина іске қосылмай тұрғанда басу табаны түсіп тұрады.(жоқ)
- Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.(жоқ)
- Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі.(иә)
- Ине дұрыс егелмегенде жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады.(иә)
- Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақтауы бірдей емес.(жоқ)
- Қайыққа шөрік дұрыс кигізілсе, сағат тіліне қарсы айналады.(иә)
- Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек.(иә)
- Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін , жіп 10-15см шығып тұруы керек. (иә)
III. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Белдемше суреттерін жасырып, бітіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауп берген сайын белдемше суреттері ашылады.
- Адам денесін қай жағынан өлшейді?
- Өлшемді немен алады?
- Белдемше түрлерін ата
«Өлшем алу»тақырыбы бойынша кесте толтыру
Тұлға өлшемінің шартты белгісі | Өлшеу әдісі |
Бжо | |
Мжо | |
Армұ | |
Бұ |
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Технология бойынша практикалық жұмыстарды орындау кезінде мыналарды есте сақтау қажет:
-матаны үнемдеп жұмсау
— санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау ,
— техника қауіпсіздігін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін сақтау,
— қол және машина жұмыстарын сақтау, ылғалды-жылу өңдеу жүргізу.
Орындау жоспары
- Пішу
Матаны пішуге дайындау.
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру.
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра, контуры бойынша сызып шығу.
Пішім бөлшектерін қиып шығу.
Пішу кезінде мына мәселелерге көңіл аудару керек:
-матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда отыратынын еске түсірген дұрыс.
— матаны бумен немесе жылы сумен өңделеу, яғни жазбалау (дымқылдау, үтіктеу, кептіру) қажеттілігін анықтау.
-тігіске қалдырылған шеттіктерінің көлемін анықтау.
-суреттің сипатына (оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына) назар аудару.
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс, я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.
Сарамандық жұмыс : Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Құралдар мен жабдықтар: мата, үлгі, қайшы, сантиметрлік таспа, сызғыш, бор немесе сабын алқындысы, түйреуіш инелер, оқулық.
Жұмыстың орындалу технологиясы
- Матаның сапасын тексер.
- Матаның оң және теріс жағын анықта.
- Матаның негізгі жібін тап.
- Мата мыжылған болса, негізгі жіп бойынша үтікте
- Матаны жұмыс үстелі бетіне жайып тегісте.
- Матаны екіге бүктеп, үлгіні мата бетіне түйреуіш инелермен қыстыр.
- Үлгінің сыртын матаға бормен немесе сабынмен сызып ал. Тігіске берілетін қосымшаны қалдыруды ұмытпа.
- Үлгіні мата жылжып кетпейтіндей етіп жинап ал. Сызық бойынша бөлшектерді қиып ал.
- Сабақты бекіту.
а) Бүгін біз қандай жұмыс істедік?
ә) Тік белдемшесін қандай матадан тігеміз?
б) Пішер алдында не себепті матаны тексереді?
г) Сен өзіңе қандай белдемшені таңдар едің ?
Инсерт әдісі
Не білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді ? |
- Бағалау
VII.Үйге тапсырма
Тік белдемше бөліктерін өңдеуге дайындау.