Бабалар аманаты – ұрпақ борышы

Сабақтың тақырыбы:            Бабалар аманаты – ұрпақ борышы

Сайыстың   мақсаты:

  • Қоғамдық дамудың қазіргі рухани жаңғыруында жаңаша ойлайтын, жан-жақты тұлға қалыптастыру.
  • Оқушының сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
  • Оқушыларды елжандылыққа елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

 

САЙЫСТЫҢ МІНДЕТІ:

  • Оқушыларды ойлануға, топпен жұмыс жасауға, еркін сөйлеуге үйрету.
  • Әдісі: сайыс түрінде.
  • Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер,

Мұғалім:   Бүгінгі сайысымыздың мақсаты,  бұл  байқауда сіздердің Қазақ тілін, әдебиетін,қазақстан тарихын қаншалықты білетіндеріңіз байқалады.

 

Сайыстың шарттары:

1 Сандар сөйлейді

2 Қазақ халқының көрнекі қайраткерлері

3 Әдебиетке шолу

4 Мақал-мәтелдер

5  Шығармашылық

Ортаға байқауға қатысатын 4 тобымызды шақырамыз

  • Атамекен тобы
  • Ұлан тобы
  • Достық тобы
  • Барыс тобы

Мұғалім:  Бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Оқу-тәрбие ісінің орынбасары
  2. Мектеп психологы
  3. Тарих пәнінің мұғалімі

Негізгі бөлім.

Сайысқа қатысушыларға қояр талабымыз, сұраққа дайын болғандарыңызда, қастарыңыздағы  жалауды көтеріп, жауап берулеріңізді сұраймыз.

1-ші шартымыз – сандар. Мұнда қойылатын сұрақтар өздеріңіздің білімдеріңіздің қаншалықты екенін тексереді.

Сандар сөйлейді

  • Алматы қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?
  • Қазақ хандығының құрылған ғасыры?
  • Қазақстан тәуелсіздігін тұңғыш таныған мемлекет
  • “Абай жолы” романы қанша тілге аударылды?
  • “Абай жолы” романын кім аударған?
  • Алып аналарды ата?
  • Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев қай жылдан бері президенттік қызмет атқарып келеді?
  • Қазақтың тұңғыш ұлттық театры қашан ашылды?
  • Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары, суретшілерін ата?
  • Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы?

 

2-ші шартымыз бойынша әдебиеттен білімдеріңіз сыналады

Әдебиетке шолу

  • “Абай жолы” романы қанша тілге аударылды?
  • “Абай жолы” романын француз тіліне кім аударған?
  • “Ботагөз” кімнің романы?
  • І.Есенберлиннің қандай прозасы бар?
  • “Қартқожа” кімнің шығармасы?
  • Алып аналарды ата?
  • “Миллионер — Ш.Уалиханов” деген шығарма кімдікі ?
  • Қазақстанның тұңғыш рет Халық Әртісі атағын алған кім?
  • Ш. Уалиханов жайлы “Аққан жұлдыз” кім жазды?
  • Қазақ тілі негізін салушы?
  • Қырғыз хрестоматиясын жазған кім?
  • “Ақын өлімі” туралы аңыз кімдікі?
  • М. Дулатов ату жазасына қай жылы кесілді?
  • “Еңлік-Кебек пьесасы ең алғаш қай жерде қойылды?

 

 

Қазақ халқының көрнекті қайраткерлері

3-ші шартымыз:  Бұл конкурс екі айналымнан тұрады. Бірінші айналым – блиц Командаларға жалпы сұрақ қойылады. Кім бірінші жалауша көтерсе, сол адам жауап береді. Бағалануы – 1ұпай. Екінші айналымда әр командаға жеке сұрақтар беріледі.

  • Қазақ халқының бес арысы
  • Қазақ халқының үш бәйтерегі
  • Абылай заманындағы қазақтың қол бастаған, ту ұстаушы үш батыры
  • ХХ ғасырдағы қазақтың кемеңгерлері үш дана
  • Егемен қазақстанның ордендері мен медальдарын ата

Екінші айналым

Енді топтар мынандай қанатты сөздердің авторларын атап беруі керек.

1топқа сұрақ:

  • ….Атаға бөлінгендер адыра қалады,көпті қорлаған көмусіз қалады, хан азса- халқын сатады, халық азса- хандыққа таласады.

 

 

2 топқа сұрақ:

Біз, кейін қалған халық алға басып, жұрт қатарына кіруіміз керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

 

 

 

3-топқа сұрақ:

 

  • …Егемендігімізді алып, тәуелсіздігіміздің көк туын көтеріп отырмыз. Бұл жеткен табысымыз Абылайдан Абайға дейінгі барлық буындардың арманы еді.Осы тәуелсіздікті шынайы ету үшін көршілерімізбен арадағы тыныштық керек. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық….

 

4-топқа сұрақ:

….Қоғам дамуы үшін әлуметтік және экономикалық өзгеріс керек. Сондай-ақ халқымыздың өсіп-өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет…

 

Келесі сайысымыз мақал-мәтелдердің жалғасын табу

Мақал-мәтелдер

  • Отанға опасыздық еткенің,…
  • Есті бала ұяттан қорқады,…
  • Көздің тазалығын кірпік сақтайды,…
  • Жүрегінде мұз жатса,…
  • Он ақылдыдан,…
  • Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі,…
  • Әдепсіз өскен адамнан,…
  • Жақсы бала ата-ана басын төрге сүйрер,…
  • Халқым қандай десең, салтынан сынап біл,…

 

Келесі 5-ші байқауымызда топтар өзара шығармашылық сайысқа түседі.

 

Қорытынды бөлімі.

Сіздер біздің сыныптың білім деңгейінің қаншалықты екенін көрдіңіздер. Енді сегіз қырлы, бір сырлы топ кім болатынын әділқазы алқалары өздері шешеді. Сөз кезегі  сарапшыларда.

 

Мұғалім:   Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз лаулап жана берсін!

 

Көксу ауданы Балпық би кенті  Нұрмолда Алдабергенов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құсайынова Айгүл      1983 жыл, 27тамыз

Еңбек өтілі 7жыл