Түркістанға саяхат

Сабақтың тақырыбы: Түркістанға саяхат

Мақсаты:

1. Білімділік.  Оқушылардың білімдерін тереңдету, шығармашылықпен  жұмыс істеуге ынталандыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін  ояту;

2.Дамытушылық.  Логикалық ой-өрісін, санасын, өз ойын

жүйелеуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру;

3.Тәрбиелік.  Тапқырлыққа, зеректілікке, оқушы құзырлығын

арттыруға, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Типі:   Білім мен білік дағдыларын жетілдіру,  қайталау сабағы;

Түрі:   Дәстүрлі емес, саяхат-сабақ;

Әдісі:  Эвристикалық, сұрақ-жауап, иллюстрациялық, жандандыру;

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, суретті плакат, карточкалар;

Пәнаралық байланыс:  математика, информатика, тарих, жаратылыстану.

Барысы:  І.          Ұйымдастыру кезеңі.

– Балалар, бүгін біз өз білімізді шыңдап, Қазақстанның киелі жерлерінің бірі Түркістанға саяхатқа шығамыз.

    «Түркістан саяхат» маршруты:

Талдықорған → Алматы → Тараз → Шымкент → Демалыс аялдамасы → Отырар →  → Түркістан → Сергіту сәті аялдамасы.

Әр аялдама тапсырмаларын дұрыс орындап отырсақ, «Білімді мыңды, білекті бірді жығар» демекші, алған біліміміз тиянақты болса, қиналмай бара аламыз.

  • Сіздерге сәттілік тілеймін!

 

ІІ.   “Алматы” аялдамасы.
Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5, 8, 13 және 15. Балалардың есімдері: Анар, Болат, Дана, Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысының жасын анықта?

 

ІІІ.  “Тараз” аялдамасы.

1, 3, 5 — топтар
Ыдыстардың сыйымдылығы 7л және 5л. Осы ыдыстармен 6л суды қалай құйып алуға

болады?

Шешуі:

 

07220744076
00502250445

 

2, 4 – топтар
Біреуінің сыйымдылығы – 5л, екіншісінікі – 9л болатын екі шелек қана бар. Өзеннен дәл 3л суды қалай әкелуге болады?

Шешуі:

005044505
094409883

 

ІV.  “Шымкент” аялдамасы.

3 оқушы тақтада карточкамен жұмыс

1-карточка (интерактивті тақтаға)

 

 

3,4,5 және 6 цифрларынан, бірінші

цифры екінші цифрынан артық және

тең емес екі таңбалы неше сан

құрастыруға болады?
2-карточка

Математикадан болған аудандық олимпиадада 6 оқушы, нәтижесінде бірдей балл жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардан 2 оқушы жіберудің неше нұсқасы бар?

 

3-карточка

Орал, Қостанай, Павлодар, Ақтау және Тараз қалалары екі – екіден тікелей ұшатын әуе жолдарымен байланысқан болса, осы қалалардан ұшақтар бір-біріне тікелей ұшатын неше әуе жолы болуы мүмкін?

Осы кезде сынып оқушылары орнында өз бетімен жұмыс жасайды.

№1, 3, 5 – топтар

№9.7      0; 1; 2 және 4 цифрларымен неше екі таңбалы жұп  сандарды жазуға болады?

 

№2, 4 — топтар

№9.10        Дәптерге үшбұрыш сызып, оның қабырғаларын қызыл,сары және жасыл түспен бояудың неше нұсқасы бар? Үшбрыштың әрбір қабырғасы әр түспен боялады және бір түс қайталанбайды.

 

 

 

  1. “Демалыс” аялдамасы.

Топпен жұмыс

3  3 + 3 + 3 : 3  = 37

5 * 5 * 5 — 5  = 120

5 * 5 * 5 + 5  = 130

(5 + 5) * 5 + 5  = 55

7  7  7 : 7 + 7 * 7  = 160

 

       VІ.“Отырар”аялдамасы.

Күшіктер мен үйректердің бастарының саны 17, ал аяқтарының саны 44.                                   Қанша күшік,қанша үйрек бар?

Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым математик кім?

(Әл–Фараби)

VІІ.  “Түркістан” аялдамасы.
“Сиқырлы  шаршы”   (Жұппен  жұмыс).

1, 3, 5 – топтар

Кез келген бағытта сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп, 3, 4, 5, 6, 8, 9   сандарын бос тор көздерге орналастырыңдар.

 

1038
579
6114

2, 4 – топтар

Кез келген бағытта сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп, 6, 7, 9, 10, 11, 12  сандарын бос тор көздерге орналастырыңдар.

 

1149
6810
7125

VІІІ.   “Сергіту сәті” аялдамасы.

Бір шаруаның қасқыры, ешкісі, капустасы                                                       болады екен.Оларды өзеннің арғы жағына                                                                     алып өтуі керек.Егер шаруа болмаса олар                                                                      бірін-бірі жеп қояды.Сұрақ: Оларды                                                                                        бір-біріне жегізбей өзеннің арғы жағына                                                                                 қалай алып өтуге болады?

 

 

ІХ.    Деңгейлік тапсырмалар.

Сыйлықтар.

А-деңгей.

А-1. Жұлдызшаның орнына цифрларды қойып,  есепті шығар:

 

 

 

А-2.    Сынып оқушылары екі-екіден жұптасып сап түзеп келеді. Оқушылардың бірі алдына қарап, тоғыз жұпты санады, содан соң артына қарап, жеті жұпты санады. Барлығы қанша оқушы сап түзеп келеді?

 

“А-3”.         Квадратты   6   квадраттарға   бөл.

 

В-деңгей.

“В-1”.  Ұзындығы 9 см, ал ені 4 см болатын тік төртбұрышты квадрат құруға  болатындай тең екі бөлікке бөл.

 

 

“В-2”.  Жұлдызшаның орнына цифрларды қойып қалпына келтір.

 

 

 

“В-3”.                  Бес оқушы  100  дәптер сатып алды. Омар мен Әли   52   дәптер,  Әли мен Жанат  43,  Жанат пен Арман  34,  Арман мен Асқар  30.

Әрқайсысы қанша дәптер сатып алған?

 

 

 

С-деңгей.

“С-1”.         Шегіртке ағашқа қарай бір алдыға бір артқа секіріп барады. Алдыға секіргенде

3 м, артқа секіргенде 1 м жүреді. Бастаған жерден ағашқа  дейінгі қашықтық 21 м болса, сол жерге жету үшін неше рет секіруі керек.

 

 

 

 

 

“С-2”.   Ребусты шеш:

 

“С-3”                    “Бір топ қаз бен жалғыз қаз”.

Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады, жалғыз қаз:

– Ассалаумағалейкум, жүз қаз! – дейді.

– Уағалейкөмәссәләм, бір қаз! Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болу үшін тағы біздей, содан кейін жартымыздай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң, сонда жүз қаз боламыз, — дейді.

Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан?

 

  • Түркістан қаласын неліктен киелі жер дейміз?
  • ………………………………..
  • Отырарда кімнің кесенесі бар?
  • Арыстанбаб кесенесі.
  • Ал Түркістанда ше?
  • Түркістанда «Кіші Мекке» аталған Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және онда «тайқазан» бар.

Қазір көптеген адамдар онда барып, тайқазанды көріп, саяхат жасайды.

 

Х.  Сабақты бекіту, бағалау.

Үйге тапсырма: №9.12;  10.29;  11.5;  12.14.