Цилиндр 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр. 9-сынып

Сабақтың ұстанымы:  «Естігенімді ұмытып қаламын, Көргенімді есімде сақтаймын,

Істегенімді түсінемін» Конфуций.

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға «Цилиндр», оның элементтері, қималары,қолданылуы туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерақтивті тақта, слайд, тест тапсырмалары, карточкалар, цилиндр макеттері.

Оқыту әдістері: 1. Компьютерлік технология.

  1. Шаталовтың тірек-сызба нұсқа және өзара байланысты үш деңгей әдісі.
  2.   Дьяченконың жұптап оқыту әдісі.

Сабақтың жоспары:   1. Ұйымдастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Мағынаны тану.
  3. Ой шақыру.
  4. Қызығушылығын ояту.
  5. Қорытынды.
  6. Үй тапсырмасы.
  7. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (тест арқылы).

 

І нұсқа.

1.Пирамида табанының ауданы 21м² болатын, ал биіктігі 6м-ге тең пирамиданың көлемін табыңдар.

2.Пирамиданың қандай элементтері бар?

3.Тік призма мен пирамида … деп аталатын геометриялық денелерге жатады.

4.Пирамида көлемінің формуласы.

5.Көпжақтың бір жағына жатпайтын екі тбесін қосатын кесінді оның … деп атайды.

ІІ. Нұсқа.

  1. Пирамиданың табанының ауданы 33м² болатын, ал биіктігі 7м-ге тең пирамиданың көлемін табыңдар.
  2. Пирамиданың ең аз болғанда қанша жағы болуы мүмкін?
  3. Ортақ төбені … төбесі дейді.
  4. Пирамида ауданының формуласы.
  5. Барлық пирамидалар көпжақтар деп аталатын геометриялық денеге жатады.

 

ІІІ. Мағынаны тану (цилиндр, пирамида, призма, параллелепипед суреттері көрсетіліп, таныс емес дене сұралады).

Анықтама. Тіктөртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда алынған геометриялық денені  тік цилиндр дейміз.

ВС түзуі немесе L айналу осі цилиндрдің биіктігі, АД-жасаушысы деп аталады. СД және ВА кесінділері осьтен айналғанда, параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды.

 

В және С нүктелері олардың центрлері болады. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады. Дөңгелектің радиустары цилиндрге де радиус болады.

Цилиндрді тігінен жазықтықпен қиғанда, қимасы тіктөртбұрыш, ал көлденеңінен табандарына параллель жазықтықпен қиғанда, қимасы дөңгелек болады. Егер цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне перпендикуляр емес  β жазықтықпен қисақ, онда қимада эллипс аламыз.

Цилиндр грек тілінен аударғанда, «валик», «оқтау» мағынасын білдіреді екен.

Біз алдыңғы сабақта параллелепипед, призма, пирамида деп аталатын көпжақтарментаныстық. Бүгін өткен біздің цилиндріміз айналу денелеріне жатады. Өйткені, ол тіктөртбұрышты бір қабырғасынан айналдырғанда пайда болған дене.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Бүгін біз қандай айналу денесімен таныстық? Анықтамасын кім айтып жібереді?
  2. Цилиндрдің қандай элементтері бар?
  3. Цилиндрдің қимасы трапеция болуы мүмкін бе?
  4. Қай жағдайда цилиндрдің қимасы дөңгелек болады?

ІV. Ой шақыру. Есептер шығару бөлімі.

1-есеп. Берілген цилиндрдің ауданын табу, көлемін есептеу.

2-есеп. Цилиндрдің табанының диаметрі 4 см, ал биіктігі 3 см. Осьтік қимасының диагоналын табыңыз.

  1. Қызығушылығын ояту. Негізгі психологиялық және геометриялық жеке тұлғаның қасиеттерін анықтау. Әр оқушы фигураларды таңдай отырып, өз бойындағы қаиеттерді анықтайды.

Шаршы: қайраткер, еңбекқор, ұйымшыл, тәртіпті, үнемшіл.

Үшбұрыш: лидер, билікке ұмтылғыш, қайткен күнде жеңіске жетеді.

Төртбұрыш: білуге, барлық жаңаға жаны құштар, батыл.

Дөңгелек: қолы ашық, өзгені түсінетін, байсалды, сенгіш, достары көп.

VІ. Ой толғанысы. Қорытынды.

Семантикалық карта

р/сБерілгеніҺЖауаптары
r = 3мr = 2мr = 4мr = 7м
1V = 64πм³16м
2Sб.б = 54πм²
3Sт.б =  72πм²
4Sб.б = 56πм²

 

VІІ. Үйге тапсырма №280.

Қосымша тапсырма: Жазбаны пайдаланып, цилиндр денесін жасап келу.

  1. Бағалау