Анашым- ақылшым

Анашым- ақылшым

1.Отбасын таныстыру.

2.Қай істеде өнер қолдан

   өнерлі адам жеңер болған.

Өз өнерін көрсету  

Ән немесе би

  1. Балаларға өнер- білім берілсін

      Сұлу мінез әр өнермен өрілсін

Ою ойып жапсыру.

(анасы ояды, баласы жапчырады.)

  1. Шар үру.

(10сек.)

5.Ата –мұраң асыл қазынаң

шар жарып, сұраққа жауап беру

.

  1. Музикалық сәт.

7.Ойын: «Ана мен бала махаббаты»

Ана баласына жеткенше әр қадам сайын баласын еркелететін бір сөз жазып отырады.

Анашым-ақылшым

1-жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші,жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңдер қадіріменді қонақтар

Гүл-гүл жинап біздің мына төрімізде.

2-жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

  • жүргізуші:

Қастерлейміз халық боп,

Салт дәстүрді дәріптеп.

Айтып кеткен бабалар,

Дәстүріңді таныт деп!

2-жүргізуші

Қадірменді қонақтар ата-аналар ,ұстаздар!  « Анашым-ақылшым» атты сайысымызды бастаймыз.

Мұғалім: балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі.

Әрбір ана отының өшпеуін, бақыттың көшпеуін, шаңырақтың құламауын, сәбидің жыламауын тілейді.

Інжу

Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Даниал

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан ,өзің неден .

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген.

Жасұлан

Туған небір дананы,

Туған небір алыпты.

Қадірлейік ананы,.

Қастерлейік халықты.

Ақберген

Ананың құт береке әр адымы,

Сезілер әр ісінен даналығы.

Ана-өмір, ана-бақыт,ана- жүрек,

Тіршіліктің даналық ғұмырлығы.

Ұлжалғас

Ана жанын ана болсаң ұғасың,

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың.

Балаң үшін биіктен де құларсың,

 

Ана мейірі күн көзімен пара пар

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

Ұлар

Дүниенің жарық күні- анамыз,

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

дана болсақ-анаменен данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген

Дүние қымбат екен анаменен.

Бейсен

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –апясындай гүл бақтың.

Сәния

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

Сабыржан

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін!

Ән: Біріншіге барамын

 

Қорытынды.Жеңімпаз отбасына  «алғыс хаттар» тапсырылып,құттықтау сөздер айтылады.

 

Қызылорда обл. Жаңақорған ауд.Келінтөбе ауылы.

№192 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Тілепова Ғалия.