Шыбық С.Сарғасқаев

Тақырыбы: Шыбық   С.Сарғасқаев

Мақсаты: А) оқушыларға С.Сарғасқаевтың балалар  жазушысын өмірі мен шығармасын таныстыру ,адам бойындағы жаман әдеттерден аулақ болып, адалдық,  еңбексүйгіштік қасиеттерді оқушылардың бойына қалыптастыру

Б) Табиғатты қорғай білуге , оны аялауға тәрбиелеу

В) сауатты оқи, жаза білуге сөздік қорларын дамытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой шақыру топтау, көрнекілік, әңгімелеу
Құрал- жабдығы, көрнекілігі: түрлі-түсті қарындаштар, плакаттар,
суреттер, құмыра, шыбық т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Амандасу. Бүгінгі сабақта оқушылардың еркін сөйлеп
барынша белсенді болуларын өтіну.
                «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

Астанаға  саяхат

Оқушылар! Тақтада мынадай екі сурет ілулі тұр.  Ал, мына құмырада әдемі шыбық. Осы  суреттегі ағаштар мен шыбық туралы не айта                 аласындар?

1  «Үкімет  үйі»

Ой  шақыру         «Шыбық»

Қазір «Жасыл ел» -жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отыр. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру    керек — деген Елбасы өз Жолдауында

Ш – шырайлы

Ы – ынтымақты

Б  – байсалды

Ы – ырысты

Қ-қайратты

2«Хан  шатыры»Рахмет, балалар сендер өте жақсы жауап бердіңдер. Үлкен бәйтеректің тағдыры осындай кішкентай шыбықтан басталады. Осы тақырыпты кеңірек ашу үшін бүгін біз сендермен Сансызбай Сарңасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесімен танысамыз.
Сансызбай Сарғасқаев 1925 жылы Жамбыл облысы Сұлутөр өңірінде дүниеге келген, оның «Достар»,  «Бір көшенің балалары», « Тәмпіш танау», «Ұстаз» , «Көңілді балалар» атты шығармалары бар. Естеріңде болсын ол- балалар жазушысы. 1995 жылы 25 шілдеде дүниеден озды.

Оқулықпен  жұмыс                    248-251  беттер

1 топ. Мәтіндегі жыл мезгілі туралы.

2 топ. Бақыттың іс-әрекеті.

3 топ. Темірдің іс- әрекеті.

4 топ. Темірдің әкесінің іс-әрекеті..

                             3«Астана  бәйтерек»   «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Оқулықтан  оқушыларға  оқып, мазмұнын  айту

                     Венн   диаграммасы
Бақыт
Темір

Бақыт пен Темірдің ауласының суретін салу.

Бақыттың үйінің ауласы

                                        4-Ақ   Орда»

Темірдің үйінің ауласы

 Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. 1-қабатта  салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып таспен өңделген Шығыс залы;. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы

              Ситуациялық  сұрақтар

                       5 «Нұр  Астана»

                      Топтарға бөлу

І топ:  Табиғат туралы мақалдар

ІІ топ: Бес жол өлең «Шыбық»

ІІІ топ: Ойша  салыстыру

6«Есіл   өзені».
Тестілік  тапсырма
Үзіліс. Сен кімге ұқсайсың, Бақытқа, әлде Темірге?
Олардың болашағы қандай болады деп ойлайсың?

«Ағашты  гүлдендірейік»

Үй тапсырмасы.  «Еңбек түбі- береке» тақырыбына  шығарма жазу.