Шыбын мен Көбелек

Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек

Сабақтың мақсаты мен міндеті:1. Балалардың шыбын мен көбелек жайлы білімдерін жинақтау. 2. Өз бетінше жаңа ақпаратты алуды қалыптастыру, тілін, шығармшылық ойлауын дамыту, оқылып жатқан мәліметке сұрақ қоя білу шеберлігін шыңдау. 3. Өзгелердің пікірін тыңдай білуге, әңгімелесу мәдениетіне, өз жұмысына рефлексия жасай білуге тәрбиелеу.

 Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, «Ассоциация» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі.

Көрнекі құралдар: слайд, ватман, маркер.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру бөлімі. I. Қызығушылықты ояту. Мен неге  қуандым? Ойынын ойнау. 1.Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап алу.  2.Оқушылардың үйден салған суреттеріне баға беру. 3. Кейіпкердің өзімен-өзі сөйлесуін не дейміз?

Балалар, бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Мысал. Мысал деген не?

Ендеше, бүгін де тағы бір мысалмен танысымыз, ол «Шыбын мен көбелек»  авторы Сейіткұл Оспанов.

Автор туралы оқушыларға қысқаша мағұлмат беру.

-Балалар шыбын мен көбелек туралы біз не білеміз?

-Олар жануарларға жатады. Олар нәзік болғандықтан «Жәндіктер» деп атайды. Олар бунақденелілерге жатады. Өте дұрыс. Олай болса біз бірнеше бунақденелілерден тұратын топ құрып аламыз.

Трениг: «Молекулалар», «Атомдар»  1, 2, 3, 4, 5

1- шыбындар, 2-масалар, 3-аралар, 4-көбелектер,

5-инеліктер.

Мысылды рөлге бөліп оқу.

Сөздік жұмыс. Топтар бір-біріне сұрақ қояды жауап береді

Сергіту сәті

1-шыбындар тобы «Ассоциация» әдісі бойынша  әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау

2-масалар тобы «Венн» диаграммасы  әдісі ерекшеліктері мен ұқсастықтарын  қиылысқан шеңберге жазу  (жеке, жұпта)

3-аралар тобы Сатылай кешенді талдау.

4-топ Көбелектер Шыбын мен көбелекке  эссе жазады.

5-топ. Инеліктер Шығармашылық тапсырма  5 жол өлең құрастыру

  1. Зат есім ( кім? не?) 1 сөз
  2. Сын есім (қандай? қай?) 2 сөз
  3. Етістік (не істеді? ) 3 сөз
  4. Сөйлем -4 сөз
  5. Зат есім синонимі 1 сөз.

Әр топ салыстыру нәтижесінде презентация жасайды.

Қорытынды сабақ. -Бүгін бізге сабақ ұнады ма?

-Шыбын мен көбелек туралы не білдік?

-Қайсысы бізге зиян келтіреді?

-Қалай сақтану керек деп ойлойсың?

-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма оқып, сахналау

І