Зат есім

Сабақтың  тақырыбы:  Зат есім

Сабақтың мақсаты:

А)   Зат  есім туралы түсінік беру.Зат есімнің сұрақтарымен таныстыру.

Ә)   Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, өзара сыйласуға тәрбиелеу.

Б)   Сауатты, көркем жазуларын қалыптастыру.

 

Сабақтың  түрі: түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу, практикалық.

Сабақтың  әдісі:

Сабақтың  көрнекілігі.: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер.

 

Сабақтың  барысы:                 

                                                 І . Ұйымдастыру кезеңі

 

-Қайырлы  таң дастым,

Қайырлы  күн болсын.

Аптаның жұма күні,

Сәттілікке  толсын!

  • Жақсы балалар, сабағымызды бір –бірімізге сәттілік  тілеуден бастаймыз.

(Оқушылар бір –біріне сәттілік тілейді )

 

  • Ертеде бір ешкі жеті лағымен суатқа су ішуге келсе, алдынан ашыққан  қасқыр шығып, тап беріп, қуа жөнеледі.Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқаларынан адасып қалады.
  • Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, адасқан лақтың өз тобына қайта қосылуына көмек көрсетулерің керек.
  • Алдарыңда кездескен кедергілерді жеңе отырып тапсырмаларды орындауларыңа тілектеспін.
  • Лақ келе жатып екіге айырылған жолды көреді.Қайсысын таңдарын білмей, сасқалақтап тұрған лаққа көмектесейік, ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.

 

 

                                   ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А)  – 372 –жаттығуды ауызша оқытып, тексеру.

 

Ә)  Өткенді қайталау.

 

  • Жақсы балалар, енді біз үшінші тоқсан басталғалы қандай тақырыптар өткенімізді еске  түсірейік.

 

(Интерактивті  тақтада тапсырмаларды ретімен ашады )

 

 

 

1-тапсырма:

 

 

 С

 

З

 

Ө

                               

 1

 

 3

 

 2

(Сандарды  өсу  ретімен орналастыр)

-Қандай  сөз шықты?

-Сөз.

-Ол туралы  не білесің?

2 –тапсырма:

 

Р Ү І Т Б     ( Анаграмманы дұрыс  шеш)

                                          — Қандай сөз шықты?

                                          —Түбір.

                                          —Ол туралы не  білесің?

3 –тапсырма:

ҚО
ША
СЫМ

     

(Буындарды дұрыс құрап, сөз шығару)

— Қандай сөз шықты?

— Қосымша.

-Ол туралы не білесің?

 

    4 –тапсырма:

 

(Әріпті дөңгелекшелерді сызықша

арқылы жалғастырып оқы)

—  Қандай сөз шықты?

—   Жұрнақ

  • —   Ол туралы не білесің?

 

 

 

5 – тапсырма

 

 

Ж

 

Ғ

 

Л

 

А

 

У

 

А

(Сандарды өсу ретімен орналастыр)

1         4         3        2       6         5              — Қандай  сөз шықты?

— Жалғау

— Ол туралы не білесің?

 

100
90
80
30
70
50
20
60
40
10

6 –тапсырма:

 

 

 

 

 

 

( Үйлердегі ең кіші ондықтан бастап, ең кіші жүздікке дейін сандарды өсу ретімен қой)

—  Қандай сөз шықты?

  • Сөз таптары.
  • Ол туралы не білесің?

 

(  Үй тапсырмасын айтып жатқанда суреттерді оқушыларға тарату)

 

                                             ІІІ. Жаңа сабақ.

 

  • Жақсы балалар, енді қолдарымыздағы суреттерге мұқият қараймыз. Содан соң тақтадағы сөзжұмбаққа назарымызды аударамыз. Мен қазір жұмбақ айтамын, шешуіндегі сөзге кімнің қолындағы сурет сәйкес келсе, сол оқушы тақтаға келеді.
З
Ы
Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

( Әр  оқушы  суретке қарап сұрақ қояды )

  • Өте жақсы балалар, сонымен осы сөздердің барлығына қандай сұрақтар қойылды?
  • Кім? Не?
  • Дұрыс ал  осы  сұрақтарды біз үнемі қандай  сөздерге  қоятын едік?
  • (Заттың атын білдіретін)
  • Өте жақсы, осы  заттың атын білдіретін сөз  қай сөз табы екен?
  • Зат есім дұрыс!

(Ережесін толық айтып өту)

—  Өзеннің арғы бетіне өткен лақ қуанышпен келе жатыр еді, алдынан тағы қасқыр кездесті.Қасқырдан қорыққан лақ не істерін білмей тұрып қалды.Қасқырдан құтқару үшін оқулықтарымызға қараймыз.

 

  • Олай болса оқулықтарымыздағы 376 –жаттығуды қараймыз.

(Берілгенін бір оқушыға дауыстап оқыту)

 

 

Дәптермен жұмыс.

-Жақсы балалар, олай болса дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазамыз.

І топқа –бірінші мақал

ІІ топқа –екінші мақалды көшіріп жазып, кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып,астын сызу.

(Екі топ өздеріне тиісті мақалды жазады )

 

  • Жақсы балалар, сабағымызды 377 – жаттығумен жалғастырамыз.

 

( Берілгенін бір оқушыға оқыту)

(Тақтада орындау төртбұрыштың ішіне жазу)

 

 

үреді.                      ұлиды.                      қарқылдайды.

 

шақырады.

 

 

 

Сергіту  сәті.   (Әуенді ән алу қыс мезгіліне байланысты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

  • Қасқырдан құтылып, әндетіп келе жатқан лаққа түлкі кез болады. Түлкіден құтқару үшін оқулықтағы  378 –жаттығуды топтар арасында «Кім жылдам?» ойыны арқылы  орындаймыз.

( Әр топтан кезектесіп орындайды )

1 –топ Кім?    2 –топ Не? сұрағына жауап беретін  сөздерді бөлек жазу.

Кім? : Сатушы, дәрігер, ата

Не? : Кітап, парта, дөңгелек, түлкі ағаш, қарға.

 

( Бірінші болған топты  мадақтау )

 

  • Енді, балалар сабағымыз 379 – жаттығумен жалғасын табады.

( Берілгенін 1 оқушыға оқыту, дәлелдету  ауызша )

 

 

    Жаңа  сабақты бекіту.

 

  • Лақ түлкіден құтылып, енді үйіне келе жатса, үлкен тауды көріп, өте алмай сендерден көмек сұрайды.Ол үшін мына шығармашылық – топтық жұмыстарды қатесіз орындауымыз керек.
  • Қазір мен сіздерге бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді тексеру, пысықтау мақсатында төмендегідей, топпен отырып орындау үшін шығармашылық тапсырма беремін.

 

 

Шығармашылық  -топтық  тапсырма

 

 

   І топ.

— Берілген буындардан зат есім тобына жататын сөздер құрастырыңдар.

 

 

БуындарШыққан сөздер             Сұрақтары

 

 

 

ІІ топ.

— Берілген сөздерге       Кім?   Не? сұрағына жауап беретіндей сөздер ойлаңдар.

 

Кім ?  Не?Сөздер
жүгірді

биледі

оқыды

мияулады

еріді

биік

(Әр  топтан  бір оқушы  қорғайды )

 

Мұғалім:

  • Өте жақсы  балалар, міне алдыңыздан қандай кедергілер шықса да өз білімдеріңіздің, татулығыңыздың арқасында, кедергілерден өтіп лақты да ата –анасымен, бауырларымен қауыштырып, қуаныш сыйладыңыз.Оларда сіздерге көп рахметін айтуда.Міне, біреуге қуаныш сыйлау үлкен бақыт екен.

( Қуаныш білдіріп, қол шапалақтау )

 

Қорытындылау.

  • Сонымен біздер бүгінгі сабақта сөз таптарының алғашқысы

«Зат есіммен » танысып, көптеген тапсырмаларды орындадық.Сонымен: