Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

Сабақтың мақсаты:

а/ жануарлардың арасындағы бір-бірін қолдауы туралы түсінік беру;

ә/ жан-жануарлар арасындағы қарым-қатынасты ұғындыру;

б/ жануарлар дүниесі, қорғау, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі:

Суреттер, слайд, оқушылардың шығармашылығы, қосымша матер

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтау, әңгімелеу, ой шақыру, деңгейлік тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

Қайырлы  күн   Біз көңілді  баламыз

Қайырлы  күн  Сәлемдесіп  аламыз

Мақсатымыз —  білім алу

Міндетіміз   — еңбектену

1) Үй тапсырмасын тексеру

а/ Үйден салып келген суреттер бойынша әңгімелеу;

б/ Үй жануарлары төлдерін қалай қамқорлыққа алады?

Ұрпақ – тіршілік жалғасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ.

Оқулықтың бірінші абзацын оқу.

Неге қоян түлкіден қорқады?

Тағы қандай аңдар бір-бірінен қорқып жүреді?

Піл – тышқаннан

Мысық – иттен

Түлкі – бүркіттен

Қоян – арыстаннан

Сұрақ: Олар өмір бойы қорқып жүре ме?

Сөзжұмбақ:

Доңыз 
 қОян
арыСтан 
 Тышқан
қасқЫр 
мысыҚ
  1. Жабайы шошқа
  2. Сыбдырдан қорқатын аң
  3. Аң патшасы
  4. Мысық жақсы көретін аң
  5. Көкжал, сұр аң
  6. Пеш түбінде ұйықтағанды жақсы көреді

Достық сөзін қалай түсінесіңдер?

 

Оқулықпен жұмыс.

а/ мәнерлеп оқу

б/ түртіп отыру

 

Тұзақ – аңдарды аулайтын құрал

Шақшақай – құстың аты

Сұраққа-жауап беру

Әңгімеде нелер туралы айтылған?

/Аңшы, арқар, суыр, шақшақай суреттері көрсетіледі./

Аңшының тұзағына қандай аң түсті?

Аңшы нені көрді?

Ол тұзаққа неге жақындамады?

Түлкі қоянға не істеді?

Суыр, арқар, шақшақай достығы туралы не айтар едіңдер?

Шақшақай неге арқардың қасынан шықпай жүреді?

Суырдың қандай достық қасиеттерін көруге болады?

Олар бір-біріне қандай белгі береді?

  1. Өздерің осындай аңдардың бір-біріне қамқорлығы туралы қандай әңгіме білесіңдер?

«Арыстан мен тышқан»/әңгімелеу/

І топ                                           ІІ топ                                  ІІІ топ

Адам мен ит                     Адам мен мысық                  Адам мен жылқы

арасындағы қайырымдылықты айтуға болады.

 

Қосымша материалдармен жұмыс.

Құмырсқаның илеуі.

Кәдімгі құмырсқалар топтасып тіршілік етеді екен. Олар бірігіп илеу салады. Илеу ішінде бөлмелер бар: « балалар бөлмесі», «азық-түлік бөлмесі», «ана құмырсқа бөлмесі» Олар бірін-бірі өлтірмейді екен. Егер аңдаусызда біреуі өліп қалса, олар оны қорекке пайдаланбай, оны құмырсқа илеуіндегі «бейіт бөлмесіне» апарып тастайды екен. Сырттан әлсіреп, ауырып, жүре алмай келген құмырсқаларды арнайы бөлмеге орналастырып  оларды емдейді  екен   екен.

Оқулықпен жұмыс.

а/ Мәнерлеп оқу

б/ Тестілік тапсырма

Қорытынды.

Жануарлар әлемін сақтап келесі ұрпаққа жеткізу үшін ҚР бірнеше қорықтары ұйымдастырылған. Олардың ең ірілері: Алматы, Ақсу-Жабағылы, Марқакөл, Арал теңізіндегі Барсакелмес.

Қатон-Қарағай, Қорғалжын қорықтары таулы өңірлере орналасқан.

Тестілік тапсырма:

Сирек кездесетін жануарларды енгізетін кітаптың түсі қандай?

 

А) ақ

Б) жасыл

В) қызыл

Д) көк

 

Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын Заң қалай аталады?

 

А) «Табиғатты қорғау» туралы

Б) «Адамдар мен аңдар достығы» туралы

В) Құмырсқаның илеуі туралы

Г) Тыйым салу туралы

 

Жануарлар тобы:

 

А) бақа, раушан, бала

Б) асқабақ, қияр, бұғы

В) сүтқоректілер, жәндік, қосмекенділер

Г) қарға, сауысқан, бақа

 

Видеоклип көру.

Сабақ қорыту

Бағалау