«Үстеу» тақырыбын пысықтау

Сабақтың тақырыбы: «Үстеу» тақырыбын пысықтау

  • Мақсаты:
  • 1.Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін жүйелеу, қайталау, пысықтау.
  • 2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыта түсу. Жұмысты тез, дұрыс, жүйелі орындауға, шығармашылыққа баулу.
  • 3. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақта қолданылған технологиялар: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

  1. Сөздік әдістер: диалогтық (сұрақ-жауап)
  2. Практикалық әдістер: жаттығулар орындау, дидактикалық ойын, практикалық жұмыстар
  3. Эвристикалық әдіс: жартылай ізденіс
  4. Өзіндік жұмыс тәсілдері: анализ, синтез, топтау

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, 2013 жылғы Елбасының Жолдауы,

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, бағалау парағы, түсті қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық-бағдарлау кезең

1.Оқушылардың сабаққа даярлығын қарау

2.Психологиялық дайындық слайд№1

  • Әрбір адам?
  •  Туысым, досым, жұрағат.
  •   — Әрбір сабақ?
  •  Үйрену, ұғу, ұлағат.
  •   — Әрбір ісің?
  • Тірлік, тірек, адамдық.
  •   — Әрбір сөзің?
  •  Шындық, бірлік, адалдық.
  • Балалар, осы сабақтан өздеріңе көп ұлағат алып, көп нәрсе үйреніп, ұғынуларыңа тілектеспін.

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

1.Көркем жазу

— Біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Елбасымыз кім?

— Елбасының халыққа Жолдауы туралы естігендерің бар ғой?

— Биылғы жолдау қалай аталды? Слайд№2

“Қазақстан — 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

  1. Ассоциация

Жолдаудың 7 тарауы бар. Соның І тарауы «Қалыптасқан Қазақстан» деп аталады. Бұл ұғымды қалай түсінесіңдер, топтастырайық.

 

  1. Жедел жауап

Біздер Жолдаудың барлық 7 тарауын қарастырмай, тек бірінші тарауда не туралы айтылғанына тоқталып кетеміз. Сонымен І тараудың бірінші тармағы «Ұлттық қауіпсіздік» деп аталады. Онда Елбасы: «Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.» деген. Ендеше біздер нағыз елімізге сай әскерлер сияқты тез, нақты  жауап қайтарайық. Слайд №4

  • — Үстеу дегеніміз не?
  • -Үстеудің сұрақтары
  • -Үстеудің қандай түрлері бар?
  • — Қашан сұрағына жауап беретін үстеу
  • — Мекен үстеуінің сұрағы
  • — Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?
  • -Үстеу сөйлемнің қандай мүшесімен байланысады?
  • — Үстеу сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?

4.»Бірлік» тапсырмасы

Жолдаудың 1.2 тармағы «Ішкі саяси тұрақтылыұ пен ұлттық бірлік». Жолдауда: Бізде  көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.

Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы  18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдаржұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ  бар, оның  90%-ы – жеке иелікте.Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды.Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. –деген. Сондықтан біздер бірнеше тілді меңгеріп, өзге ұлттармен тату болуымыз керек.

 

  • Жұптасып жұмыс істейміз. Жұптағы 1 бала берілген үстеулерге қарсы мағыналы үстеулер табады, ал екінші бала берілген үстеулерді орысшаға аударады. Ұпай жұпқа беріледі.
  • Тез,бүгін, жазда, жаңаша, жоғары, алда, оңға, ерте, сыртта, күндіз
  1. «Аукцион»

1.3 «Деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономиканың өсуі» 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Біздер де нарықтық қатынас құра алуымыз ен татуек ғой?

ын, прқажет. Сондықтан келесі тапсырманы орындау үшін аукцион ұйымдастырамыз. Кім ұтса сол тапсырманы орындап, тапсырманың ұпайын алады.

Тапсырма: 1 минут ішінде көбірек мезгіл үстеулерін жазу.

Ұтыс тапсырмасы: 25-жаттығу Үстеулерді байланысып тұрған сөзімен теріп жазу.

  1. Топтастыру.

1.4 тарауы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты»

Соңғы 15 жылда халықтың саны   14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. 1997 жылдан бері республика бойынша

942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана  және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.

Білімді,дені сау, алдында мақсаты мен таңдауы бар азаматпыз. Онда 28-жаттығудағы сөздерді топтастырып жазайық. (Тақтамен жұмыс)

  1. Сергіту сәті

1.5 тарау «Энергетикалық ресурстар». Энергиямызды толықтыру үшін жаттығу жасайық.

  • Біздер тату баламыз,
  • Гүлдей жайнап, жанамыз.
  • Жаттығулар жасасақ,
  • Жақсы сергіп қаламыз.
  • Орнымыздан тұрамыз,
  • Қолды белге қоямыз,
  • Бұрыламыз оңға бір,
  • Бұрыламыз солға бір.
  • Жоғары қолды созамыз,
  • Аяқ ұшында тұрамыз.
  • Орнымызды табамыз  -Қандай үстеулер бар?
  1. Шығармашылық жұмыс «Интернет-тапсырма»

1.6 тарау «Инфрақұрылым: көлік пен байланыс» деп аталады. Онда: Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты.

Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.

Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде  ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.

Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз.

  • Интернет қалай, қашан, қайда жұмыс істейді? сұрағына үстеулер қолданып жауап бер.
  1. «Талдау»

1.7 «Кәсіби мемлекет» тарауы. Мұнда: Біз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық.

Біз де өз кәсіби шеберлігімізді көрсетейік. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау қажет.

  • Айдар бүгін ерте тұрды.
  • Алыста мотор үні ызыңдайды.
  • Дәурен хатты асықпай оқып берді.

ІІІ. Рефлексия-қорытындылау кезең.

  1. Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?
  2. Өз біліміңді бағала:( тақтаға іледі)
  • Мен жақсы қатысып, өз деңгейімді көрсеттім – көгілдір түс
  • Мен жақсы қатыстым, бірақ бар мүмкіндігімді пайдалана алмадым – сары түс
  • Мен бүгін толық ашыла алмадым –
  • қызыл түс

Тақтаға ілінген парақтар көгілдір және сары түсті. Олар біздің туымызбен түстес. Біздің туымыз тек биіктерде желбірейді, біздер де тек биіктерден көрінейік.

  1. Үй тапсырмасы: Жолдау бойынша шағын шығарма жазып кел
  2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тез,      бүгін, жазда,  жаңаша, жоғары,  алда, оңға,       ерте, сыртта,   күндіз

 

Тез,      бүгін, жазда,  жаңаша, жоғары,  алда, оңға,       ерте, сыртта,   күндіз

 

Тез,      бүгін, жазда,  жаңаша, жоғары,  алда, оңға,       ерте, сыртта,   күндіз

Нагорный орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары:

«“Қазақстан — 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»Жолдауы бойынша

 

 

Өткізген: Идрисова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

 

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Көркем жазуАссоциацияЖедел жауапАукцион25-жТоптас

тыру

Интернет-тапсырмаТалдауҚорытынды баға

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Көркем жазуАссоциацияЖедел жауапАукцион25-жТоптас

тыру

Интернет-тапсырмаТалдауҚорытынды баға

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Көркем жазуАссоциацияЖедел жауапАукцион25-жТоптас

тыру

Интернет-тапсырмаТалдауҚорытынды баға

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Көркем жазуАссоциацияЖедел жауапАукцион25-жТоптас

тыру

Интернет-тапсырмаТалдауҚорытынды баға

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Көркем жазуАссоциацияЖедел жауапАукцион25-жТоптас

тыру

Интернет-тапсырмаТалдауҚорытынды баға