«Ойнайық та, ойлайық» сайысы.2-сынып

«Ойнайық та, ойлайық» сайысы.2-сынып

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.
2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Плакатқа жазылған қанатты сөздер, плакатқа жазылған тест, дұрыс құралмаған сөйлемдер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезең
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Ойнайық та, ойлайық» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің ұранын, мақсатын айтады.
2 –кезең: «Жұмбақ есептер»

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.

5-кезең:«Жорға» үш топқа сұрақ қою.

1-кезең Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.

2-кезең «Жұмбақ есептер»

1-топ

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
2-топ

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

3-топ

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

Тал басында,
Тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

1-топ:    70+14=84     90-65=35      25+ 35=60        50-35=15

2-топ:    60+25=85     70-35=35      15+25=40         40-25=15

3-топ:    80+16=96     60-25=35      35+35=70         80-55=25

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы. 3-топқа тақырып беріп, тақырыпқа байланысты  мақал-мәтелдер айтқызу.

Отан туралы, еңбек туралы, өнер туралы, білім туралы.

5-кезең:«Жорға» үш топқа сұрақ қою.

1-топ:

  1. Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене)
    2. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)
    3. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)
    4. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
    5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

2-топ:

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т.с.с.)
    2. Жеті күнді ата. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
    3.Тұнғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
  2. Наурыз мейрамы қай мезгілде тойланады? (Көктем)
  3. ҚР қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж)

3-топ

1.Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)

  1. Төрт түліктің пірлерін ата. (Жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара, қой – Шопан ата, ешкі – Сексек ата)

3.Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)

4.Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)

  1. Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )

ІІІ. Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды.