Наурыз

 

Сабақтың атыНаурыз
СілтемеЖоспар,оқулық
Жалпы мақсаты1.«Наурыз» өлеңінің мазмұнын ашу,табиғаттағы өзгерістер туралы мағлұмат беру.

 

2.М.Дулатов пен С.Сейфуллин «Наурыз» өлеңдерінің ұқсастықтарын  таба білу.

 

3. Топта  өзара бірлесіп,ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыландыру.

 

 

Күтілетін нәтиже1.Өлеңнің мазмұнын аша алады.

 

2. .М.Дулатов пен С.Сейфуллин «Наурыз» өлеңдерінің ұқсастықтарын  таба алатын болады.

 

3. Топта  өзара бірлесіп,ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.

 

 

Негізгі  идеялар  Наурыз мезгілі және осы айда болатын табиғат өзгерістері

туралы жырлайды.

 

ТапсырмаларТоптық жұмыс.  Кеңейтілген тапсырмалар.
Тапсырмалар Жұптық  жұмыс «Кестемен  жұмыс»
ТапсырмаларЖеке жұмыс «Тест  тапсырмасы»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

      1.1. Топқа бөлу (Көктем,наурыз,сәуір, мамыр 4- топқа бөлінеді,4минут)

            1.2. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу .

1.3. Шаттық шеңбері.

Топтар бір-біріне тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

М. Дулатов. Наурыз.

1. Авторға түсінік беру.

2.  Өлеңді жатқа айту.

3. Өтілген тақырыпты қорыту.

«Наурыз» эссе оқу.

 

ІІІ. Сурет арқылы әңгімелеу.

 

IY.Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

—          Көктем несімен ұнайды?

—          Табиғатта қандай өзгерістер болады?

—          Наурыз айында қандай мерекелер бар?

Y. Жаңа сабақ.

 С. Сейфуллин.

 Наурыз.

Ребус шешу.              ,     ,                          Р     ,

                    

 

Авторға түсінік беру.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 — 1938) – ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Туған жері әкесінің қыстауы Ортаудағы Қарашілік (қазіргі Шет ауданының жері) деп аталып жүр. Ал туысқандары Ә.Ахыбеков, С.Бармұханбетовтердің айтуынша күз айларында, Иманақтауларына жақын жерлердегі Сейфолланың жайлауында (қазіргі Жаңаарқа ауданының жері), қыстауға көшпей тұрғанда туған.

 

1.Топтық  жұмыс.   10 минут.

А. Өлеңді топта оқып, талқылау.

2. Кеңейтілген тапсырмалар.

I топ. Өлең мазмұнына сай сурет салу.

II топ. Өлеңді қара сөзбен әңгімелейді.

III топ. Топтастыру  «Көктем»

IY топ. Венн диаграммасы. Екі өлеңдегі ұқсастықты табу.

Шапалақ ұру арқылы  бағалау.

VI. Жұптық  жұмыс  7 минут

Сызбаны толтыру.

Өлеңде адам кейіпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын үлгі бойынша жазу.

Жаз                   құшақтайды, беттен сүйеді.

Су

Құстар

Мал

(Дайын  жауап  бойынша «Бағдаршам» арқылы формативті бағалау).

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

4-жасыл

3-қызыл

2-сары

Сергіту   сәті.Қызыл өрік.      3 минут  

VІ. Жеке жұмыс «Тест  тапсырмасын  орындау» (10 минут)

1).«Өз елім-өлең төсегім» деген мақал қай шығармада кездеседі?

А)  Туған жер.(Қ. Аманжолов)

Ә)  Ұшып келем (С. Жиенбаев)

Б)   Туған жердің ыстығы-ай.(Қ. Сапарбаев)

В)   Елтаңба мен Ту туралы жыр(К.Оразбекұлы)

  2) Берілген анықтаманы аяқтап жаз.

«Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге…..)

3) «Жылқы» әңгімесінің авторы кім?

А) Ш. Құдайбердиев

Ә) М.Дулатов

Б) М. Гумеров

В) С. Мұқанов

4. Жылқы  сүтінен  жасалған  сусынды  ата.

А)  Айран

Ә) шұбат

Б) қымыз

В) қымыран

 

 

5) Берілген үзінді қай шығармадан алынғанын анықта.

« — Құлыным, Қайрошым… Қайда жоғалып кеттің…- деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естілді».

А)  С. Мұқанов. Жылқы

Ә)  М. Қалдыбаев. Үлек

Б)  Н. Айтов.  Алтын сөз

В)  Ғ. Мүсрепов.  Ана құшағында

6Тақырыбы бірдей екі шығарманың аты мен авторларын тауып жаз.

7)  Анықтаманы аяқта. 

«Портрет дегеніміз көркем шығармада кездесетін адамның …»

8) Үйден шығып балалар,

«|Жаз болды, міне!»  десіп тұр. Өлең жолдарының авторы және аталуы.

А) М. Дулатов «Наурыз»

Ә) Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек»

Б) Ф. Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»

В) С. Сейфуллин  «Наурыз»

 

 

 

 

YII.1.1. «Наурыз мерекесі» бейнекөрініс.

       1.2. Наурыз мерекесі туралы ой бөлісу.

 

 

YIII. «Автор орындығы»  арқылы қорытындылау.

 

Кейінгі тапсырмалар«Көктем» сурет салу..
Кейінгі оқуНаурыз туралы  қосымша  ақпарат жинау.Наурыз  туралы   жырды   түсініп  оқу.