Мәтіннің жоспары

Тақырыбы: Мәтіннің жоспары

Мақсаты:

Білімділік: мәтін туралы алған білімдерін әрі қарай жетілдіру.

Дамытушылы: мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын  анықтай білу.

Тәрбиелілік:мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың әдісі: «Пирамидалық оқиға», «Кубизм»,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық тренинг

«Шаттық шеңберін» ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту.

Әр топқа жеке суреттер таратылады. Сол суретте не бейнеленген сол бойынша топ мүшелері шағын мәтін құрастырады.

1-топқа: «Қыс бейнесі»

2-топқа: «Мектеп»

3-топқа: «Туған күн кеші»

 «Пирамидалық оқиға» стратегиясы қолданылады.

1.______

2._________

3._____________

4.________________

5.__________________

6._____________________

7._______________________

 

Мұндай сызба барлық оқушыларға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.

  1. Оқиға кейіпкері (адам, аң, өсімдік, жансыз зат)
  2. Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын 2 сөз.
  3. Оқиғанын болған орнын анықтайтын 3 сөз
  4. Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем.
  5. Оқиғаның шығу себебі 5 сөз
  6. Әрі қарай не болды 6 сөз
  7. Оқиға қалай аяқталды 7 сөз

Оқулықпен жұмыс

  • Жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастырып жаз.

Мәтінге жоспар құр.  Мәтіннің тақырыбын құру үшін.

  • Мәтіндегі абзацтардың санын анықта
  • Әр абзацтағы тірек сөзді тап.
  • Абзацтардың тірек сөзін немесе оның негізгі мағынасын бір сөйлеммен жаз.
  • Жаттығу. Ертегіні түсініп оқы. Неше бөлктен тұрады? Әр бөлік қандай жолдан басталып жазылады? Мәтіннің әр бөлігінде  не туралы айтылған?

  4-Жаттығу. Серіктің мәтінге  құрған жоспарын оқы. Қатесі болса, түзетіп жаз.

 

Ой толғаныс.

1-топқа бірнеше тақырып үлестіріліп беріледі. Тақырып таңдалады. Топ басшысы мәтіннің басын бастап бір сөйлемнен айтады, топ мүшелері жалғастыру арқылы, топтан толық мағыналы мәтін пайда болады. Әр топқа жеке тақырыптар беріледі

 

Үйге тапсырма. 3-жаттығу. Сөлемдерді оқы. Қандай қате жберілген?  Сөйлемдерді қалпына келтіріп жаз. «Менің отбасым» тақырыбында мәтін құрастыру.

Бағалау, мадақтау