Мәтіннің түрлері қандай болады?
Қысқа мерзімді жоспар
| 30.10.14 Сабақтың тақырыбы: | Қазақ тілі 2 «А» сынып Мәтіннің түрлері қандай болады? | ||
| Сілтеме | Жоспар | ||
| Жалпы мақсаты | Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру. Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек- сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу. | ||
| Күтетін нәтиже | Мәтіннің түрлерін ажырата білу. Түрлеріне сәйкес мәтін құру | ||
| Негізгі идеялар | Көркем әдебиетте мәтіннің түрлерін түртіп жазып алу. | ||
| Сабаққа керекті құралдар | суреттер, интерактивті тақта, презентация ,тірек — сызба, оқулық,стикерлер, смайлктер | ||
| Тапсырмалар
| Топтық жұмыс 1. Кластер құру 2. Венн диагаммасын жасау 3. Жұптық жұмыс 4. Шығармашылық жұмыс 5. Тест | ||
| Ұйымдастыру кезеңі
1- слайд Топқа бөліну | Сәлеметсіздер ме, балалар! Психологиялық көңіл-күй. Шаттық шеңбері Әр халықтың амандасуымен бастау Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Топқа бөлу. Гүлдердің түрлерімен Бағалау парағының критерийлерін үлестіру. Әр топтан спикерлер тағайындау | ||
| Үй тапсырмасын сұрау | Жалпы мәтін дегеніміз не? Сұрақ – жауап арқылы тексеру | ||
| Жаңа сабақ 2- слайд | Ребус құру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару. Мәтіннің түрлеріне тоқталу | ||
| 1-слайд | Кластер құру Мысалы: 1- топқа Мәтіннің құрылымына 2- топқа Мәтіннің түрлеріне
| ||
| 3- слайд
| Жаттығу орындау. «Ойталғаныс» Сурет бойынша қандай өсімдік бейнеленгенін тауып,сипаттау мәтінін құрау.
| ||
| Сергіту сәті | Жаттығу жасау. | ||
| 4-слайд | Топтарға Мәтіннің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазу 2 жұлдыз, 1 тілекпен бағалап отыру | ||
| 4- слайд
| 148- жаттығу Жоспар бойынша мәтін құрау. Жұппен бір-біріне айтып беру Шапалақ арқылы бағалау | ||
| 5- слайд | «Менің отбасым» тақырыбына шағын мәтін жазу. Ол мәтіннің қандай түріне жататынын айту. | ||
| Сабақты бекіту | Тест арқылы алған білімдерін тексеру Бүгінгі сабақтан алған әсерлері көңіл-күйлерін смайликтер арқылы тексеру | ||
| Бағалау парағын қорытындылау | Белгіленген критерий бойынша оқушыларды әр топтың спикерлері бағалау | ||
| Үйге тапсырма | 147 –жаттығу. Ережені жаттау |