У дыбысын қайталау
| Апта 3 | Күні | Сабақ 2 | ||
| Сабақтың тақырыбы: | У дыбысын қайталау. | |||
| Сілтеме: | 2-сынып Қазақ тілі оқулығы 9-10 беттер | |||
| Жалпы мақсаттары: | Удыбысы туралы алған білімдерін тиянақтау Ойларын анық, тура айтуға және қатесіз оқып, жазуға үйрету. | |||
| Оқыту нәтижесі: | У дыбысы дауысты және дауыссыз болуы туралы алған білімдері тиянақталады. Оқушылар ойларын ашық, тура айтуға және қатесіз оқып жазуға үйренеді. | |||
| Негізгіидеялар
| Сабаққа қызығушылығын оята отырып, у дыбысы бойынша алған білімдерін тиянақтау. | |||
| Пайдаланған әдіс тәсілдер | Топтық жұмыс, постер, ой қозғау, миға шабуыл, бағалау, ой толғаныс, сұрақ-жауап, кері байланыс. | |||
| Қажетті құралдар | Оқулық, интер тақта, маркер, стикер, постер, смайлдар | |||
| 1 сессия Тапсырмалардың түрлері | Уақыты (45 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | |
| 1.Сергіту сәті Шыршамен жаттығу жасаймыз | 2мин | Орындарынан тұрғызу. Бейнекөрініс көрсету. | Орындарынан тұрып, шыршаның қимылдарын қайталайды. | |
| 2.топқа бөлу оқу құралдары бойынша | 3 мин | -Кім маған кітап әкеледі?… «Ыстық орындық» иесін анықтау. | Кітап, дәптер, сөмке тобына бөлінеді. Орындықтың артындағы жасырылған жұлдызшаны табу арқылы «Ыстық орындық» анықталады.
| |
| 3. Ой қозғау
| 8 мин | -Кітап не үшін керек?(оқу) -…. -Сонымен «у» дыбысы Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды ашады.
| Әр топ құралдар неүшін керектігін айтады. Оқу, жазу, салу сөздеріндегі у дыбысына тоқталады.
1. Ереже оқиды 2 .«у» дыбысы бар сөздерді табады 3. Өлеңді оқып, «у» дыбысы бр сөздерді талдайды Көркем жазу минуты. | |
| 4. Миға шабуыл | 18 мин | Топтарға тапсырмалар таратады.
| 1) «Туған дала» деген өлеңді оқып, сурет салып жауын жауғанын келтіріп, көздің жауын алады тіркесімен салыстырады. 2) Жауын сөзіне синквейн құрастырады 3) «Суыр» туралы мәтінді оқып, тұжырымдамалық карта жасайды | |
| 5. Бағалау | 2мин | Топтарға басбармақ арқылы бағалауды айту. | Мимкамен өздерін өздері бағалайды. | |
| 6.Ой толғаныс | 6 мин | Сөздерді таңдауы бойынша топтарға таратады . | Сөздегі «у» дыбысытуралы айтып, сөйлем құрайды. Әр топ айтқан сөйлемдерін жазады. | |
| 7. Кері байланыс
| 4мин | «Ыстық орындық» иесіне нұсқау береді | Өтілген сабақ «Ыстық орындық» иесі , сұрақтар қойып, оқушылардың сұрақтарына өзі жауап береді. | |
| 8. Үй тапсырмасы | 2 мин | Күнделікке жаздырады | 26-жаттығу ереже қайталау | |