Аққу, шортан, һәм ,шаян
Тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян
Мақсаты: Мысалдың мазмұнын ұғындыру; саналы түсініп оқу арқылы мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру; орыстың керемет мысал жазушысы И. А. Крылов өмірімен творчествосы туралы мағлұмат беру.
А. Байтұрсынов шығармалары туралы білімін толықтыру; оқушылардың жүйелі ойлау, ойлау арқылы ой қорыту қабілетін дамыту; өз бетінше және ұжыммен жұмыс істеу машығын жетілдіру; шығармашылық қиялын шарықтату; ғылымға ынтасын арттыру.
Оқиға желісі арқылы өзін — өзі тәрбиелей білуге баулу; бірліктің тірлікке тигізер пайдасын ұғындыру арқылы ынтымақтаса еңбек етуге тәрбиелеу; ұжымда достыққа тәрбиелеу, саяси , экологиялық тәрбие беру.
Типі: Жаңа тақырыпты меңгерту;
Түрі: сахналандырылған сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру стратегиясы, сөздік, бақылау, бағалау, салыстыру, талдау – жинақтау, сайыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, орыс әдебиеті, математика, сахна өнері, музыка, әдеп, еңбекке баулу, бейнелеу.
Технологиясы: дамыта оқыту технологиялары
Көрнекілігі: сахна, жануарлар бейнесі, мақалдар, портреттер, диаграмма, қосымша әдебиеттер, бағалау кестесі, бағалау белгілері, күйсандық, сызбалар.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Тақырыпқа сай безендірілген сыныпқа қажетті құралдарды түгелдеу.
 - Сабақ мақсатының хабарлануы.
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: оқушылардың үй тапсырмасын орындау деңгейін жан-жақты тексеру; дайындығына, қатысымына қарай мадақтау және өзін-өзі бағалау.
- «Көрінбейтін адам» романының үзіндісі.
 - Герберт Уэлс әңгімелеген көрінбейтін адам қасиеттері.
 - Ғажайып сәуле туралы мәлімет.
 - Венн диаграммасы. (Көрінбейтін адам —— Ғажайып сәуле)
 - Сенде қандай қиял пайда болды?
 - Ғажайып сәуле қолданған адамдарға көзқарасың қандай?
 - Атом бомбасынан зардап шеккен елдер туралы мәлімет.
 - Сұрақ – жауап.
 
— Полигон не үшін керек?
— Семей полигоны туралы не білеміз?
— Нейтронның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы не білеміз?
«Невада — Семей» қозғалысы бірлестігі.
- 1989 жылы «Невада — Семей» қозғалысы бірлестігі құрылды.
 - Жетекшісі – Олжас Сүлейменов.
 - «Невада — Семей» қозғалысы бірлестігінің мақсаты туралы.
 - «Невада — Семей» қозғалысы бірлестігінің жетістігі:
 
Қорытынды: бұл жетістік тек бірлесе қимылдағанда, халық бірлігінің арқасында ғана келді. Бірлік болмаған жерде қандай тірлік болады екен? бұл туралы да білігімізді арттырайық.
ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.
- Иван Андреевич Крылов туралы деректер беру.
 - Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректерді толықтыру.
 - Оқулықпен жұмыс.
 
- Деңгейлік тапсырмалар.
 
- Шығармашылық тапсырмалар.
 - Мәтін толық сахналау, ғибраттық өнегесін ашу.
 
ІҮ. Бекіту бөлімі.
- Сұрақ – жауап.
 
— «Бірлік түбі — тірлік» мақалының мәтінге қатысты екенін дәлелде.
— «Ынтымақ», «ғибрат» сөзіне мағыналас сөз тауып көр.
— Бұл мысалдан қандай ғибрат алуға болады?
- Топаралық сайыс. Бірлік туралы мақал – мәтелдер сайысы.
 
Ү. Қорытынды бөлімі.
- Венн диаграммасы. (бірлікте орындалған істер——бірліксіз тірлік)
 
- ҚР-ның мемлекеттік Әнұранындағы бірлік туралы ойы.
 
ҮІ. Үйге тапсырма.
- «Аққу, шортан һәм шаян» мәтінінің мазмұнын әңгімелеу.
 - Соңғы шумағын жаттау.
 - Мәтін мазмұнына сай шығармашылық жұмыстар.
 
ҮІ. Бағалау бөлімі.
- Оқушылардың өзін — өзі бағалауы.
 
2.Кесте бойынша өз бетінше қорытынды баға шығару.
- Сыныптың сабақты меңгеру сапасын пайыздау.