Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Сабақтың тақырыбы:  Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

Үйдегі тұрмыс қажетін өтеу құралдарының қызметін түсіндіру арқылы дүниетанымын және есте сақтау қабілетін арттыру.Сақтықпен өмір сүруге машықтандыру.

Жинақылыққа, тәртіптілікке, достық көмек көрсете білуге, өз басын дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдістері: талдау-жинақтау, салыстыру, топтау, сұрақ-жауап, ойын, қызығушылық арттыру, көрнекілік, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық, белсенділік, саналылық.

    Сабақтың көрнекілігі: суреттер, суретті кеспе қағаздар, электронды оқулық, тұрмысқа қажетті құралдар, жетондар, баға беогілері, сызба, диаграмма, дөңгелекшелер, т.б.

    Пәнаралық байланыс: ана тілі, адам өмірі қауіпсіздігі негіздері, медицина, бейнелеу өнері, экономика.

Сыныбы: бірінші.

    Пәні: дүниетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Психологиялық дайындық. Өз отбасыңа, өз отбасыңдағы адамдарға, өзіңе қандай жақсы тілектер айтар едің?(оқушы ойы тыңдалады)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

    1.Суретпен жұмыс. Міндет: Әр оқушы өз бетінше салған өз бөлмесін таныстырып береді.Сөздік қоры, әңгімелеу шеберлігі, сурет салу сапасы бағаланады.

  

    2.Сұрақ-жауап(кеспе қағазбен жұмыс).

-Бөлмеңдегі заттар таза болу үшін не істейсің?

-Бөлмеңді кім жинайды?

-Ойыншықтарды қайда сақтайсың?

-Үйде қонақты қалай қарсы аласың?

-Сенің отбасың қандай үйде тұрады?

Өз мекен жайымызды айтайық…

  3.Жағдаятты шешу.     Сен бөлмеңді таза ұстайсың. Бөлмеңде барлық заттар — оқу құралдары, ойыншықтар, кітаптар, т.б. заттар ретімен тұрады. Саған қонақ балалар келіп, осы заттардың бәрін шашып кетті.

-Сен оларға не дер едің?

-Екінші рет қонақ шақырасың ба?

    4.Салыстыру. Міндет: қала үйі мен ауыл үйін салыстыру; ұқсастығы мен айырмашылығын талдау; ортақ қасиетін табу.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.

    1.Ортақ заттар. Міндет: ауыл үйінде де, қала үйінде де қолданылатын заттардың көбі бірдей екендігін және сақтану шараларын білу керектігін ұғындыру.

-Үйде қандай құралдармен жұмыс жасаймыз?

-Ата-анаң жоқ кезде бұл құралдармен жұмыс жасайсың ба?

-Егер бұл затты дұрыс қолданбасаң қандай жағдайлар болатынын білеміз бе?

-Тұрмыстық құралдарды дұрыс қолданбаудан қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

Қорытынды:Бұл құралдардың бәрін адам өзінің уақытын үнемдеу үшін және қолайлы болу үшін ойлап тапты. Бірақ дұрыс қолданбағанда олар үлкен қайғыға душар етеді.

    2.Оқулықпен жұмыс.Міндет: Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету(бөлімдер бойынша оқиды, өз бетінше ұққанын әңгімелейді, ұжым талдайды және толықтырады).

    3.Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»

    Шарты: Айтылған ойға «ойланам»-сары түсті, «жоқ»-қызыл түсті, «иә»-жасыл түсті сәйкесінше көтереді.

-есіктен шығуға ерінсем, терезеден шыға саламын;

-үйге қонақ келеді десе, бөлмемді өзім жинастырамын;

-көршінің баласын үйге кіргізбеймін;

-бос шәйнекті тоққа қоса саламын;

-кішкене ініме ойнауға шанышқы бермеймін;

-ауырсам, емделуге кез келген дәріні іше саламын;

-үйде электр жарығын күн ұзағына жағып қоямын.

    4.Электронды оқулықпен жұмыс.Міндет: байланыс жүйесіндегі жетістіктермен таныстыру, компьютердің үй мүлкі екендігін ұғындыру.     «Білім» деген ауылда тұратын өздері секілді оқушылардан компьютер арқылы келген хатпен таныстыру.Отбасына қалай қамқор болу керектігі және үнемді болу жолдарын естен шығармауға пайдалы кеңестер беру.

  1. «Жадыңда жүрсін, балдырған!»жадынамасы. Міндет: үйде түрлі жағдайға байланысты болған қатерлі жағдайда көрсетілетін алғашқы көмектер туралы мағлұмат беру.

қан кеткенде                                                                                  ұсақ нәрселер

 

Жадыңда

жүрсін,

балдырған!

 

 

 

 

сынғанда                                                                                         шаққанда

 

 

 

 

қапқанда                                                                                         күйгенде

                                                      телефондар

                                                    101,102,103,104

 

  1. Дәптермен жұмыс.Міндет: телефон номерлерін жазып алу, есте сақтау.

101-өрт сөндіру қызметі

102-полиция қызметі

103- жедел жәрдем

104- газ қызметі

 

ІV. Бекіту бөлімі.

 

  1. «Қауіпті затты тап» ойыны.

    Шарты: суреттен қауіпті заттарды тауып, қызыл түспен бояу керек және жауабын дәлелдеп түсіндіру керек.

  1. Мына құралдармен неден сақтануға болады?

    Міндет: сәйкес құралды не үшін, қалай, қайда қолдану керектігін түсіндіреді.

  1. Ой қозғау: Міндет:сұрақтар бойынша ой-пікір айту.

-Өз басыңда қауіпті жағдайлар болды ма ?

-Сонда сен не істедің?

 

Ү.Үйге тапсырма беру.

 

а/ «Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі» мәтінін оқу, әңгімелеу.

ә/Телефон номерлерін жаттау.

б/Жеңіл жарақат алғанда қандай көмек көрсетуге болатындығын ойланып кел.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

а/ Оқушылардың өзін-өзі бағалауы;

ә/Мұғалім бағасы;

б/Қорытынды ой тұжырымы.