Тіл дамыту» арнайы курс бағдарлама

«Тіл дамыту» арнайы  курс бағдарламасы

Байтенова Гүлмира Мухамедиевна                                                                                                   

К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп,


Райымбек ауданы, Алматы облысы

2 сынып

Түсінік хат

Бастауыш сыныптарға арналған « Тіл дамыту» арнайы курс бағдарлама үлгісі  аптасына1 сағат, жылына 34 сағат.

Оқушының ой-өрісі, сана- сезімінің жан- жақты дамуы бастауыш сыныпта басталады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғары орынға қойылуда.


Бұл ретте сыныптан тыс жұмыстардың да маңызы зор.  Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында сыныптағы оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы түрде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз  ұштастырыла жүргізілген жұмыстар ғана нәтиже бермек.   Сондықтан тек сабақта ғана емес , сыныптан тыс жұмыстарда, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  баланың бойына  салт- дәстүрді сіңіретіндей, имандылыққа тәрбиелейтіндей  шешендік сөздер, мақал- мәтелдерді, жаңылтпаш, санамақтарды жиірек қолдансақ оқушылардың тілі дамып, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады,  жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуге тәрбиелейді.

Жүргізілетін жұмыстың

тақырыбы.

Сағат

саны

Өтілу формасыҚолданылатын материалдар
1Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті1Әңгіме лесуАқ сандық, көк сандық
2Бесік жыры1Жарыс сабақБесік жыры

Жазушы 1989ж

3Мақал сөздің мәйегі1Жарыс сабақАқ сандық, көк сандық
4Өтірік  өлеңдер1Шығармашы

сабақ

5Жаңылтпаштар1Жарыс сабақАқ сандық, көк сандық
6Ырымды ұғып ал1
7Ұлттық  ойын түрлері1Ойын сабақЭлектронды презентация
8Бата тілек  сөздер1ТанымдықсабақШешендік сөздер

Алматы  «Отау»1992

9Төрт түлік жырлары.

Түлік пірлері

2Жарыс сабақЭлектронды презентация
10Эпостық жырлар. Ер Тарғын. Қобыланды батыр. Алпамыс2Танымдық сағатБес ғасыр жырлайды. Алматы « Жазушы»
11Айтыс .Айтыс түрларі2Жарыс сабақВидео  фильм
12Ертегілер елінде2Театрландыр.сабақмультфильмдер
13Аңыз әңгімелер.Алдар мен Қожанасыр  әңгімелері2Театрландыр.сабақмультфильмдер
14Ұлттық салт — дәстүрлер2Таным сағатыЭлектронды презентация
15« Батыр болсаң жауға найзаң тисін» Қазақ батырлары2Таным сағатыЭлектронды презентация
16« Даналар сөзі- ақылдың көзі»

Қазақ билері

2Таным сағатыЭлектронды презентация
17Әйтеке бидің тапқырлығы

(шешендік сөздері)

1Таным сағаты
18« Қазыбектің қаламақ қандығына елшілігі»1Таным сағаты
19Қазақ хандары. Қазақтың хан сайлауы2Таным сағатыЭлектронды презентация
20Қорқыт атаның өсиет сөздері1Таным сағатыЭлектронды презентация
21Жеті қазына1Таным сағаты
22Үш арсыз. Үш ғайып. Үш жетім1Таным сағаты
23Қазақша ай, жыл атаулары. Жыл қайыру.1Электронды презентация
24Діни мейрамдар. Ораза . Ораза айт. Құрбан айт1
25Жыл бойы өткенді қайталау.1

 

1- сабақ

Тақырыбы:    . Халық ауыз әдебиеті

Мақсаты.          Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру.

Ұлттықсалт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Слайд, сызбалар

Сабақ барысыIҰйымдыстыру.

II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III   Жаңа сабақ

  • слайд

Беріп тай, лақты,                                                                                                                                                                         Алдым тайлақты.                                                                                                                                                    Беріп тайлақтыАлдым тай ,лақты                                                                                                                                                          -Балалар  бұл оқығанымыз не?

— Жаңылтпаш                                                                                                                                                            -Қане, қандай жаңылтпаштар білеміз ( Оқушыларға өздері білетін жаңылтпаштарын айтқызу.)2- слайд

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр- шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған  ізі  сөйлейді.  ( қалам)

  • Бұл не?
  • Жұмбақ.
  • Қане бір- бірімізге жұмбақтар  жасырайық(  оқушылар

жұмбақтар жасырып шешеді)

3 слайд

  • Батыр туса ел ырыс,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

 

  • Батыр қол бастайды,

Шешен сөз бастайды.

  • Бұл мақалдар. « Жалғасын тап » ойыны арқылы  мақал – мәтелдерді айтудан жарысып  көрелік. ( оқушылар екі- екіден мақалдарды айтып жарысады)

4- Слайд  бұл қай еретегі

Оқушылар ертегініңқалай аталатынын табады. Ертегініңмазмұнын әңгімелеп айтады.

Қорытынды: Ауыз әдебиетінің салалары

Ертегі

лер

Аңыздар
Мақал-   мәтел
Жаңылт

паш

тар

Төрт түлік жырлары

 

 

 

 

 

 

Бұл жанрлардың белгілі  авторлары жоқ , Бірден бірге  ауызша тарап бүгінгі күнге  дейін жетіп отырған халқымыздың асыл қазыналары

 

2  сабақ

Тақырыбы:              Бесік жыры

Мақсаты.  Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесік жыры туралы мәлімет беру.  Оқушыларды мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыра отырып тілін дамыту. Өз ұлтының салт- дәстүрлерін білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі.   Электронды презентация

I Ұйымдыстыру.

II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1-слайдБесік туралы түсінік беру

 

  1. Бесік жыры туралы түсінік беру.

Бесік жыры тұрмыс – салт жырларының  көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпаған халық жоқ. Бесік жырында халықтың тарихының,  дәстүрлі мәдениетінің көрнісі бар.

Бесік жыры- бесік тербелісіне ыңғайлас, сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып , оның жан- жүйесі мен санасына ұлтттық тәрбиенің алғашқы нәрін  сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде жанына  жағымдыәуенмен айтылады.

  1. Бесік жырының бірнеше нұсқаларын оқыту.
  2. Жырдың мазмұнын талдау. Жырдағы ананың арман тілегі, жүректі жарып шыққан жылы лебіздерінің мағынасын ұғыну.

2 слайд   Бесікке байланыста  ырым- тыйым сөздермен таныстыру

  1. Бесік жырларын мәнерлеп айтудан жарыс ұйымдастыру

IV   Қорытындылау.

3 – сабақ

 Тақырыбы:     Төрт  түлік жырлары

Мақсаты.          Төрт түлік түрлері және түлік пірлерімен таныстыру.

Оқушылардың ақыл-ойын,есте сақтауын, зейінін , тіл байлығын

сөздік қорын молайту , мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,

Көрнекілігі. Слайд, суреттер.

11

Сабақ барысы

     I   Ұйымдыстыру.

     II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1-слайд  арқылы  оқушыларды сабақтың тақырыбын ашуға бағыттаймын

Бұл слайттар не туралы екен?( Төрт  түлік туралы)2- слайд  Оқушылар осы тақырыптар бойынша  сөйлейді                                                                                       1.Жылқы төрт түліктің  патшасы.                                                                                                        2.Түйе  түлік төресі                                                                                                                                3.Сиыр -төрт  түліктің сыйлысы  4.Қой мен  ешкі түлегі

3- слайд  шығармашылық жұмыс

Ұйқас табу. Төрт түлік өз төлдерін қалай сүйеді?                                                                                           1.  Қой сүйеді  баласын « қоңырым» деп,

——————————————— .

  1. Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

— ———————————————— .

3.Ешкі сүйеді баласан  « лағым » деп

————————————————- .

4-слайд

 

       Зеңгі баба       Шопан  ата
     Аухау- аухау    Пұшайт- пұшайт
          бұзау     қозы
        Сиыр      қой

 

 

 

Төрт түлік

 

 

 

 
         Түйе
 

          Ешкі

 

        Жылқы

боталаққұлын
Көс- көсШөре -шөреҚұрау-құрау
ОйсылқараСексек атаҚамбар ата

 

 

 

 

төрт  түлікке  байланысты  қандай ұлттық ойындар білеміз  (бәйге,аударыспақ ,кокпар, қыз қуу)

 Қорытындылау

6-сабақ                                                                                                                                                                                                      Тақырыбы:      Ұлттық ойын түрлері

Мақсаты:        Ұлттық ойындармен таныстыру,  туралы түсінік беру.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін ,

белсенділін,  қызығушылын артыру.

Көрнекілігі. Слайд, асық,

Сабақ барысы

I  Ұйымдыстыру.

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

III  Жаңа сабақ

1 .Ұлттық ойындарымыздың түрлерімен таныстыру

Ұлттық

ойындар

Қозға     лыс ойындарыдары
   Асық   ойын   дары

дары

Спорттық

ойындар

 

    Асық ойындары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 — слайд     Асық ойындарының   түрлерімен таныстыру

3- слайд     Ұлттық ат ойындарымен таныстыру.

(қандай ойындар бар , олардың қалай ойналайтыны туралы әңгімелету)

4 Шығарамашылық жұмыс . «Көкпар»,  « Бәйге»,

«  Ат жарысы » тақырыптары бойынша еркін жазу

Қорытындылау.