Ә дыбысы мен әріпі

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ә дыбысымен таныстыру. Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға, буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтыру дәптерлеріне Ә әрпін жаздыру.

Дамытушылық: Ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.                               

Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.

Түрі: саяхат сабақ.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Өткенде қай әріппен таныстық?
  • І дыбысы мен әрпі
  • Қане, сол і дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

 

 

 

 

 

  • І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Дауысты.

Ережені еске түсіру.

Дыбыс деген не?   Әріп деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз, әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)

Сызбамен жұмыс, талдау, жинақтау.

 

Жаңа сабақ.    Ой толғаныс.

  • Бүгін тағы бір жаңа әріппен танысаыз. Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Бізге қонаққа әже келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әжеміз базарға кеткенде екі бала сыртқа шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?
  • Ия (Сюжетті суреттердің көмегімен тапсырманы орындаймыз)
  • Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек. Орындаған жағдайда бүгінгі танысатын әрпіміз шығады.

«Өзеннен өту»

І деңгейлі тапсырма. «Миға шабуыл»

Сөзжұмбақ шешу арқылы «Әліппе сөзіне мағлумат беру.»

  1. Әкенің анасы кім.
  2. Ешкінің төлін ата.
  3. Тышқанның үйін ата.
  4. Ірі жануарды ата.
  5. Жеті күн тағы қалай аталады.
  6. Ыдыс түрі.
 Ә Ж Е
 Л А Қ
 І Н  
 П І Л
А П Т А
К Е С Е

 

  • Қандай сөз шықты?
  • Әліппе
  • Әліппе сөз қай дыбыстан басталып тұр?
  • Ә дыбысынан
  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
  • Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
  • Қандай дыбыс екен?
  • Дауысты
  • Олай болса ол әріпті дауыстылар қатарына салайық. (Әріптер салған қалтаға салу)
  • Әжелерін іздеп келе жатқан немерелерінің де алдынан кедергілер шығады.
  • Көмектесеміз бе?
  • Ия
  • Онда ІІ деңгейлі «алма ағашының алмасын жинау» тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап буынға бөлеміз.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Өте жақсы.
  • Енді ауада Ә әрпін жазып үйрену.
  • Әсет пен Әселді сиқырлы алма ағашынан өткізіп жібердік.
  • Дәптерге Ә әрпін жазу.
  • Ал, кәнеки балалар, бәріміз бір – біріміздің қолымызды ұстап әндетейік.

 

Сергіту сәті.

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін.

 

Әжемізде немересіне асығып келе жатқан, алдынан сиқырлы пеш шықты. Енді ІІІ деңгейлі «Сиқырлы пеш» тапсырмасын орындаймыз.

Сөздерге сөйлем ойлап схема түрінде тақтаға жазу.

 

                                         Әтеш шақырады.

 

Әліппе – әйбат кітап

 

Әжем ауылдан келе жатыр

 

  • Біз «сиқырлы пештегі» нандарды күйдірмей алып тапсырманы жақсы орындадық.
  • Әжесімен немерелері бір – бірімен кездесуге аз жер қалғанда алдарынан жайылып жүрген төрт түлік мал кездеседу. Төлдерді енелерімен қосу үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.

ІҮ деңгейлік шығармашылық тапсырма.

Әже туралы әңгіме құрастыру.

Әркім өз әжелері туралы ой қозғады.

 

Әжеміз немерелерімен кездесті. Барлығының қуанышында шек жоқ.

Қорытынды:

  • Мінеки, балалар, біз сендер мен әжеймен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтап «Менің әжем» деген өлеңді оқып беру. Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.