Хайуанаттар бағында
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №4 гимназия мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Баймухамедова Алмагуль
| Сабақтың тақырыбы: | Хайуанаттар бағында |
| Сыныбы | 5-сынып күні |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды хайуанаттар түрімен таныстыру, оларға күтім жасауға баулу,ой-өрістерін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
| Күтілетін нәтиже | Оқушының ой-өрісі, ойлау белсендігі дамиды. Хайуанаттарға қамқорлық жасауды үйренеді. Ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйренеді |
| Сілтеме | «Қазақ тілі» оқулығы, суреттер, ғаламтор желісі |
| Оқыту әдістері: | АКТ, ВЕНН диаграммасы«Ыстық орындық» Оқыту үшін бағалау |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Оқулық картиналар АКТ |
| кезеңдер | уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру жұптастыру | 3мин | Піл, аю, қоян суреттері бойынша топқа бөлу, топ ережесін сақтау. | Топтарға бөлінеді, топ ережесін сақтап, ынтымақтастықта жұмыс істейді. |
| Үй тапсырмасын тексеру«Ыстық орындық»
| 5мин | Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қояды | Өтілген тақырып бойынша төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап береді |
| АКТ | 3мин | Хайуанаттар тіршілігі туралы бейнеролик көрсетеді. | Бейнероликті мұқият көріп,, сабақтың тақырыбын ашады. |
| Жаңа сабақТақырыпты ашу | 10мин | Хайуанаттар бағы туралы әңгіме өрбітедіМәтінді бірлесіп оқып, аударуға тапсырма береді. Тақтаға сөйлемдерді жаздыртады, сөз құрамына талдатады. | Өздерінің хайуанаттар туралы білгендерін айтып, ой бөліседі.Оқушылар жаңа мәтін бойынша өз ойларымен бөліседі3-тапсырманы жазбаша орындайды, сөздерді сөз құрамына талдайды. |
| Тапсырмадиалогтік оқыту | 10мин | Деңгейлік тапсырмалар береді | Сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын дәптерлеріне жазып алады Қосымша сұрақтарға жауап беріп, диалогты өзара жалғастырады |
| Сергіту сәті. | 3мин | Хайуанаттар туралы бейнеклипке би билетеді | Хайуанаттардың іс-қимылын қайталап, би билейді. |
| Венн диаграммасы | 5мин | Тапсырманы түсіндіріп, бақылайды | Үй жануарлары мен хайуанаттар туралы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды |
| Үй тапсырмасы | 3мин | «Мен үй жануарларына қамқорлық жасаймын» тақырыбына эссе жазу. Үй тапсырмасының мақсатын түсіндіреді. | «Мен үй жануарларына қамқорлық жасаймын» тақырыбына эссе жазады. |
| Өзара бағалау | 3мин | Қорытынды жасайды | БББ стратегиясы арқылы кері байланыс жасайды |