«Деректер мен формулаларды енгiзу» 8-сынып.

Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы
Ильич атындағы орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімі Ержанова Махаббат Ажахметовна

Сабақ кезеңдеріУақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі.2-мин Стикерлер арқылы сынып екі топқа бөлінеді.Оқушылар іс-әрекетті барлығы бірдей істейді. Қалаған қиындыны алып құрастыру арқылы2 топқа  бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасы 6-минҮйге берілген тапсырманы «Эйлер кестесін» толтырту арқылы дайындықтарын байқаймыз.Үй тапсырмасын қорғау.

 

Оқушылар өзара  әрбір тапсырмаға топ мүшелері кезек-кезек жауап беру арқылы орындайды.
ІІІ. Жаңа білімді өзектендіру. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

 

 

 

 

6 -минМиға шабуыл: «Ең бастысы» оқыта үйрету ойыны.     Мәтінді жылдам әрі мұқият, зейін қоя оқимыз. Тағы бір рет қарап өтіп, жарысты бастаймыз.

Осы мәтінді, оқу материалын сипаттайтын бір ғана сөз ойлаймыз. Сосын мәтінді бір сөйлеммен сипаттаймыз, артынан оның бір «құпиясын», яғни, онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табамыз.

Топпен бірлесе отырып  туындаған мәселенің  жауабын анықтайды.
5-минБүгінгі тақырып бойынша білімдерін толықтыру, өз бетінше іздену жұмыстарын жасайды.Оқушылар оқулықпен және эл.оқулықпен жұмыс жасайды.
Глоссарий (Сөздікпен жұмыс)Қосымша мәлімет5-минБүгінгі тақырып бойынша презентация көрсету арқылы қосымша мәлімет беру, ережелермен таныстыру.Оқушылар жаңа сөздермен танысады, ережені  дәптерлеріне жазады.
Компьютермен жұмыс.АҚТ-ны пайдалану

 

Қабілетті оқушымен жұмыс

10-мин1-тапсырма «Қоңырау кестесін» құруОқушылар тапсырмаларды алып жеке-жеке компьютерде жұмыс жасайды.
2-тапсырма Қабілетті оқушыға қосымша тапсырма  тақырыптың мәнін ашатындай графикалық объектілер кірістіру.Қабілетті оқушы кестеге графикалық объектілерді қалай кірістіргенін басқа оқушыларға түсіндіріп береді.
Сабақты бекіту.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер5-мин«Бой сергіту» таратпалы тапсырма сұрақ-жауап  (Өзара бағалау) Тапсырмаларға бірігіп жауап жазады. Топтардың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес топ  жауаптың  дұрыстығын  қадағалап отырады
Үйренуге берілетін тапсырма.1-минДеректер мен формулаларды енгiзу.Авт.Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева Алматы «Мектеп» баспасы 2008 жыл.Үйренуге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 4-мин8-сыныпқа арналған эл.оқулықпен жұмыс (өзін-өзі бағалау)                    Баспасы  ҰАО Алматы 2008Авт.Н.Ермеков, С.МұхаметжановаОқушылар тақырып бойынша 15 сұрақтан тұратын тест жинағымен жұмыс жасайды
Кері байланыс. 1-мин1.      Бүгін мен нені үйрендім?2.      Маған не ұнады/

ұнамады?

3.      Жаңа сабақ бойынша тағы не білгім келеді?

Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін, ойларын еркін жазып, кері байланыс парағына жапсырады.