Барыстай ел боламыз!

Барыстай ел боламыз!

Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы,

Құрық селосы,

МКҚК «Болашақ» мектепке

дейінгі қазақ гимназиясының

әдіскері Нургуль Амирова Ауарбековна

 

 

Барыстай ел боламыз!

 

Бұл әлде бағымыз ба, сорымыз ба,

Тосқауыл тұрды талай жолымызда.

Кернеген бойды ыза, намыз ашу,

Жастарын жетеледі шабуылға.

Мейрамгүл, Қайрат, Ләззат қаныменен,

Азатты түсті әрең қолымызға.

 

Тәуелсіз мемлекет болды елім,

Құлпырды масатыдай байтақ жерім.

Ақылды, парасатты, Нұрсұлтанды,

Сайлады елбасы етіп, артып сенім.

Елтаңбасы, Гимні, Жалауы бар,

Ата Заңы ардақты, таппас теңін.

 

17-жасқа толды Астанамыз,

Қол жеткізген шыңдарға шаттанамыз.

Ғарышқа ұшты қазақ қуат алып,

Оралды ата-дәстүр, салт-санамыз.

Ана тілім бүгінде асқақтап тұр,

Сүтіменен сіңірген бойға анамыз.

 

«Қазақстан» деп әлемге жар саламыз,

Жаңалықпен әр таңды қарсы аламыз.

Қосылып елу елдің қатарына,

Шыңдалып толысады салт-санамыз.

Түғыры мықты, тату, жаһанданған,

Бақыты зор, Барыстай ел боламыз.