Диаграммаларды құру
№13 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Боранова Ақкүміс Масабайқызының информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспары
| Сынып | 8 «в» сынып (2-тізбектелген сабақ) |
| Өтілетін орны | Мультимедиа кабинеті |
| Өтілетін мерзімі | 16 cәуір 3 – сабақ сағ. 10.30 — 11.15 |
| Сабақтың тақырыбы | Диаграммаларды құру |
| Мақсаты | Excel бағдарламасының негізгі графикалық мүмкіндіктерімен танысып, берілген мәлімет бойынша диаграмма құру туралы білімінің кеңеюі. |
| Жұмыс нәтижесі | Excel бағдарламасында диаграмма типін ажыратып, оны бағдарламада орналастыра біледі. Диаграмма шеберінің жұмысын және қызметін түсінеді. Берілген ақпаратты көрнекілік үшін диаграмма арқылы көрсетеді, көркемдей алады. |
| Сілтеме | Н.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина. Информатика. 8 сынып. Алматы «Мектеп» 2004 ж. Интернет материалдары |
| Әдіс тәсілдер | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқытуды басқару және көшбасшылық Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. |
| Ресурстар | Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, интерактивті тақта, проектор, желім, қайшы |
| Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут
|
| Сабақ жоспары | 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою 2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша 3. Рефлексия 4. Үйге тапсырма |
| Үйге тапсырма | Диаграммаларды құру 1)Тақырыпты оқу 2) Банк қызметкерінің рөлін және мектеп бухгалтерінің рөлін сомдау |
| Ойлауды Блум бойынша жіктеу | Мақсат | Тапсырма түрі. Түрткілер. | Нәтиже | Бағалау | |||
| критерийлер | дескриптор | Ұпай | Жиынтық баға | ||||
| Білу | Сыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыру
| Әр ел бойынша амандасу.
| Әр елдің амандасу салтын жасайды | ||||
| Оқушыларды топқа бөлу | Мозаика әдісі арқылы топқа бөлінеді.
| Гистограмма График Дөңгелек | |||||
| Өткен тақырып бойынша білімді еске түсіру | Өрмекші торы | «Өрмекші торы»арқылы оқушылар бірі-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды, білімін еске түсіреді. | Білімін анықтау
| Сұраққа толық жауап берді | 3 | ||
| Жауап беру кезінде қателесті | 2 | ||||||
| Сұраққа жауап бере алмады. | 1 | ||||||
| Бағалау | Жарайсың! Тамаша! | ||||||
| Түсіну | Диаграмма туралы түсіндіру және оны сипаттау. | Күту алма ағашы
Қос жазба күнделігі 1 топ – Гистограмма құру, көркемдеу әдістері 2 топ – Графиктік диаграмма құру, көркемдеу әдістері 3 топ – Дөңгелек диаграмма құру, көркемдеу әдістері | Диаграмма туралы түсінеді және сипаттайды. | Тақырыптың басты идеясын табу | Тапсырманы толық орындады, ізденді | 3 | |
| Ауызша идея қосты, қателіктері болды | 2 | ||||||
| Тапсырманы орындауда қиналды | 1 | ||||||
| Өзін-өзі бағалау | Бас бармақпен бағалау | ||||||
| Қолдану | Тапсырма орындау барысында жаңа мәліметті қолдану | Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей Кестедегі мәтіндерді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма диаграммасын салып, сәйкес түстерге бояу
2-деңгей №13 мектептің жылдар бойынша озат оқушылар саны
3-деңгей Сыныптағы оқу үлгіріміне дөңгелек диаграмма құрыңдар. | Тапсырма орындау барысында жаңа мәліметті қолдана алады.
| Тәжірибе жасау дағдысын дамыту | Тәжірибені жоғары деңгейде жасады | 10 | |
| Орташа деңгейде жасады | 5 | ||||||
| Тәжірибе жасауда қиналды. | 2 | ||||||
| Сергіту | «Көңілді күн» әніне билейді | ||||||
| Талдау | Тақырып бойынша алған білімдерін зерделеу. | Диаграмма түрлерін топтастыру
| Сұрақтарға жауап беру кезінде алған білімін зерделейді. | Топтастыру арқылы ара-қатынасын белгілеу | Диаграммаларды дұрыс топтастырып, толық мәлімет берді | 3 | |
| Сызба құрастыруда топпен жұмыс жасады | 2 | ||||||
| Ауызша ой қосты | 1 | ||||||
| Бағалау | Стикер арқылы бағалау | ||||||
| Жинақтау | Білімді тиянақтау, өз болжамын ұсыну | Көршінің сұрағына жауап | Білімдерін тиянақтап, өз болжамдарын, ойларын ұсынады. | Білімді жинақтайды | Толық сұрақ құрастырды, толық жауап берді | 3 | |
| Сөйлемдері толық құрылмаған | 2 | ||||||
| Сөйлем құрастыруда кедергілер туды. | 1 | ||||||
| Бағалау | Ойды жинақтауға дағдыландыру | Тест
Блоб ағашы
| Ойлана отырып, шешім қабылдауға дағдыланады. | Ойлау дағдысын кеңейту | Барлық сұрақ дұрыс | 5 | |
| Қателері бар | 4 | ||||||
| Тестілеуде шатасқан | 3 | ||||||
| Рефлексия | Бес саусақ әдісі
| Сабақ бойынша кері байланыс жасау | |||||
Әр елдің амандасу салты арқылы бір- бірімен амандасу.
Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.
Қазақтар -қол алысады
Италияндықтар — құшақтасады
Бразилиялықтар — бір бірінің иығын қағады
Зимбабалықтар –арқасымен амандасады
Македониялықтар – шынтақпен
Никарагулықтар — иықпен амандасады
Австралиялықтар — шапалақ ұрып серкіреді
Француздар- бір бірінің маңдайынан сүйіп амандасады.
Үнді халқы- қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етеді.
Жапондықтар- бастарын иіп амандасады.
Кения- билей бастайды.
Американдықтар- қол алысады.
Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей. Сыныптағы оқу үлгіріміне дөңгелек диаграмма құрыңдар. Диагарамманы безендіріңдер.
| Оқу озаты | 4 |
| Оқу екпіндісі | 15 |
| Орташа | 7 |
2-деңгей.
Мирон НЖББ мектебінің жылдардағы оқушылар саны
| Жылдар | 2008 | 2009 | 2010 |
| 7-сыныпта | 10 | 9 | 8 |
| 8-сыныпта | 5 | 10 | 9 |
| 9-сыныпта | 6 | 5 | 10 |
| Барлық оқушы саны: |
- Берілгендерді енгізу, редакциялау.
- «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.
- 7-сыныптың, 8-сыныптың, 9-сыныптың жылдар бойғы оқушы санын өзіңіздің қалауыңыз бойынша диаграммаға салыңыз
«Ағылшынға қалаймыз?».
3-деңгей. Мына кестедегі мәтіндерді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма диаграммасын салып, сәйкес түстерге бояу керек.
Түстердің қолданылуының пайыздары
| blue | 37% |
| red | 20% |
| green | 12% |
| yellow | 10% |
| white | 3% |
| brown | 2% |
| orange | 1% |
| black | 25% |
- Тест сұрақтары
1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
А) Іске қосу — программалар – MS Office – MS Office Microsoft Excel
Б) Іске қосу — программалар – стандартты — Microsoft Excel
В) Іске қосу — құжаттар — Microsoft Excel - Диаграмма қою тәсілі:
А) Файл – диаграмма Б) Вставка – диаграмма В) Формат – диаграмма - Ұяшықтың дұрыс жазылған атын көрсет:
А) А6, Ң12 Б) Д12 В) Ә15 - Ұяшық дегеніміз не?
А) Бағанның жалпы атауы
Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.
- Диаграмма деген не?
А) Мәтіндерді еңгізу үшін;
Б) Мәліметтерді талдау мен салыстыруда көрнекі графиктік түрде бейнелеу;
В) Эксперимент жүргізу үшін - Диаграмма түрлерін көрсет?
А) гистограмма, форматтық, графиктік, төртбұрышты
Б) гистограмма, конустық, графиктік, дөңгелек
В) дөңгелек, конустық, пирамидалық, төртбұрышты
- Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?
А) A, B, C, D, E, F, т. б. және 1, 2, 3, 4, 5, 6 т. б.
Б) А, И, С, М және 1, 2, 3, 4, 5, 6
В) A6, D12, F15, Q4 және 1, 2, 3, 4, 5, 6
- Дөңгелек диаграмма не үшін қолданылады?
А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін
В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға
- Гистограмма не үшін қолданылады?
А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін
В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға
- Графиктік диаграмма не үшін қолданылады?
А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін
В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға