Жас қазақтар қайдасың? Қаратау

70

Тақырыбы: Жас қазақтар қайдасың? Қаратау

Мақсаты:1.М.Дулатовтың «Жас қазақтар, қайдасың?», Т.Айбергеновтың «Қаратау» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың өлеңдеріндегі оқушыларға беретін негізгі идеялармен таныстыру.3.Жалынды жастарды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,  жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері:    мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Терең білім аламыз,

Күшімізді саламыз.

Маңыз беріп оқимыз,

Әр күніміздің сабағын.

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру: Туған жер. Туған ауыл. Туған ел туралы тақырыптары бойынша түсініктерін сұрау.

ІІІ  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:  

а) Оқулықпен жұмыс: М.Дулатов  туралы түсінік беру. Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.

Ә) «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Б) Т.Айбергенов туралы түсінік беру. «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сұрақ жауап:

  1. «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңі кімге арналған?
  2. Ақын өлеңіндегі жастар қандай болуы керек?
  3. Т.Айбергеновтың өлеңінде табиғаттың қандай бөліктері сипатталған?

Дәптермен жұмыс: Көктем туралы өлең құрастыру.

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Қандай ақындардың өлеңдерімен таныстық?

ҮІІ  Үйге тапсырма:   «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін жаттау, «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау