«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»

 Тасқала ауданы

ЖОББ Совхоз МБ

 Жасакова А.М.

Семинардың   тақырыбы:   «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»

Кіріспе сөз.

       Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
        Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
        Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
        Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

  1. Әдепті болам  десең, арлы   бол!                       /7-сынып/
  2. Қайырымдылық-имандылық         /8-сынып/
  3. Қыз қылығымен сүйкімді           /9-сынып/
  4. Құқықтық сауаттылық – заман талабы /10-сынып/

 

2.Психологиялық  дайындық.

-Балалар, бүгін  бізде  ерекше  семинар-практикум ретінде өткелі отыр.Сондықтан барлығымызда түгел  қатысып  отырайық және  жақсы  көңіл-күймен  өткізу   үшін, біз  бір-бірімізге  жақсы  тілектер  тілейік. «Жүректен  жүрекке»  ойыны

(тілектер  айтылады. )

-Денің  сау  болсын!

-Ұқыпты  бол!

-Батыл  бол!

-Кішіпейіл  бол!

-Ізетті  бол!

-Әдепті  бол!

-Ақылды  бол!

-Білімді  бол!

-Сүйкімді  бол!

-Арманшыл  бол!

–Өнерлі  бол!

-Өнерің  өрге  жүзсін!

-Нұр  жаусын!

-Мерейің  үстем  болсын!

-Білім  беріп, жақсылыққа  тәрбиелегеніңіз  үшін  рахмет!

-Рахмет!   -Міне, балалар,  бір-бірімізге  денсаулық  тілеп, жақсылық  жасасақ, ол  өзімізге  жақсылық  болып  оралады  екен.

 

І.Кіріспе сөз .Әдепті болам десең, арлы бол!  Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.
1-ші тапсырма.  -Ал ,балалар,  өздерің  ойланыңдаршы  әдепті  бала  қандай  болады? Әдепсіз  бала  қандай  болады? Өздерің  айтыңдаршы? «Әдепті  болам  десең, арлы бол!» Ал  енді, адам  бойындағы  жақсы-жаман  қасиеттерді  топтастырайық.  Сендер  қалай  ойлайсыңдар? Жарқырап  тұрған  күнге  қандай  баланы  жатқызуға  болады? Ал, мына  бұлтқа  қандай  баланы  жатқызуға  болады? Олай  болса,  өздеріңіздің ойларыңыз арқылы  жақсы  және  жаман  қасиеттерді  бөліп  алып,  күннің  шуағы  мен  бұлттан  жауған  жаңбырды  көрсетейік.

 

 

-Міне, балалар, уәде  беріп  оны  орындамаса, кісіге  дөрекі  жауап  берсе, үлкенді  сыйламаса, ондайды  жұрт  «әдепсіз  екен» дейді. Әдепсіз  баланы  достары  да  сыйламайды. Кейбір  балалар  әдептілік  ережесін  байқамай  немесе  білмей  бұзады.

 

Жүргізуші:  Әдептілік – адамдардың  өзара  жақсы  қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының  ережесі. Осы  әдептілік  ережесін  сақтау  керек.

2-ші тапсырма. Ал, балалар  енді кім маған тыйым сөздер айтады.

Әбес  іс  жасама.

Әкені  ренжітпе.

Босағада  отырма.

Босағаны  керме.

Үйге  қарай  жүгірме.

 

Бүйіріңді  таянба.

Бетіңді  баспа.

Бас  киіміңді  аяғыңа  киме.

Бос  бесікті  тербетпе.

Білмесең  айтпа.

Бейуақытта  жылама,ұйықтама.

 

 

Бөркіңді  теріс  киме.

Баланы  басқа  ұрма.

Баланы  алдама.

Бетіңе  сызба.

Баланы  шошытпа.

Бөтен  үйге  рұқсатсыз  кірме.

 

Бала  бетіне  үрлеме.

Басыңды  шайқама.

Досыңды  өкпелетпе.

Дөрекі  сөйлеме.

Дастарханды  аттама.

Үлкеннің  алдын  кесіп  өтпе.

Үлкеннің  сөзін  бөлме.

3-ші тапсырма. Жаман  әдет  туралы  қандай  мақал  білесіңдер?

-Жаман  әдет  туралы  мақал  білетін  болсаңдар  айта  қойыңдаршы?

-Ұрлық – түбі  қорлық.

-Ұрымен  жақын  болсаң, ұятқа  қаласың.

-Атақты  ұры  аштан  өледі.

-Ұры  қарының  серігі.

-Міне, балалар, бұл  жерден  біздің  білгеніміз  кісі  сыйлық  жасаса  рахмет, біреуді  ренжітсең  міндетті  түрде  кешірім  сұрау  керек  екен. Біреудің  затын  ешуақытта  да  рұқсатсыз  алмау  керек  екен, бір  рет  рұқсатсыз  алсаң  соған  әдеттеніп  кетесің  де, біртіндеп  ол  әдетті  бойыңа  сіңіресің. Түбі  ол  сені  үлкен  ұрлыққа  жетелейді. Ал  өздерің  білесіңдер  «Ұрлық- түбі  қорлық»  екенін, ұрлық  жасасаң  заң  алдында  жауап  беруге  тура  келеді.

4-ші тапсырма.   Сиқырлы  сөздер  айтыңдар.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз  бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің  өссін!

-Көп  жаса!

-Денің  сау  болсын!

-Спортпен  дос  бол

-Рахмет!

-Қайырлы  таң!

-Кеш  жарық!

-Кешіріңіз!

-Сау  болыңыз!

-Ал, балалар, өздерің  айтқан  сиқырлы  сөздерден  не  пайда  болды?

 

 

-Дұрыс,  өздерің  айтқан  сиқырлы  сөздерден  көңілімізді  көтеретін  әдемі  гүл  пайда болды.

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл  қасиеттер. Адамдарды  бір-бірінен  осындай  жақсы  қасиеттері  арқылы  бағалайды.

/Келесі сөз 7-сыныпқа беріледі/

Камилла:                                    Сыйла  үлкен  кісіні,

Қамқорлыққа  ал  кішіні

Сақтап  көше  тәртібін,

Бағдаршамның  ал  тілін.

Әдет  қыл  бұл  ісіңді,

Тазалап  жүр  тісіңді.

-Мені  үлкендер  әдепті  деп  мақтайды,

Мінезімнен  теріс  қылық  таппайды.

Ал  егер  сен  жалқау  болсаң  тілазар,

Ондай  әдет  жақсылыққа  жатпайды.

 

Алтынбек:                               -Қарсы  алдынан  кесіп  өтпей  көлденең,

Қашан да  мен  үлкендерге  жол  берем.

Абайсызда  қалса  біреу  сүрініп,

Сол  заматта  сүйеніш  боп  қол  берем.

 

Тілін  алып  кішінің  де  кәрінің,

Көңілінен  шығып  жүрмін  бәрінің,

Ата-ананың  айтқан  сөзін  тыңдауды,

Әдептілік  белгісі  деп  таныдым.

 

Әсем.                                       Сыйластықты  іздеген,

Әдеп  сақтар  ізгі  өрен.

Сыпайылық  белгісі,

Үлкендерге  «сіз»  деген.

 

Жақсылықтан  үйреніп,

Боламыз  біз  жақсы  адам.

 

Жамандықтан  жиреніп,

Үлгі  аламыз  жақсыдан.

 

Қазақтың  мынадай  жақсы  мақалы  бар. «Жақсы бала  ата-анасының  есіктегі  басын  төрге, жаман  бала  төрдегі  басын  есікке  сүйрейді»  деген  халық  нақылын  естеріңде  ұстаңдар.

Қорытынды.  /7-сынып оқушылары/

-Біз  Отанның  балдырған  ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық  ұранымыз.

(Тақпақты  айтып, жұлдызшалардан  шашу  шашылады.

ІІ. Кіріспе сөз. Қайырымдылық-имандылық  Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз.
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық -мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды.Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп,қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау,мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Иманды болу. Құдіретті өмір заңдылықтарын жанжүрекпен сыйлап, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың көркем көрінісі. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білу. Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету. Адам баласына, табиғатқа тек пайда келтіру. Иманды болу-ұлттық мәдениеттің, яғни әдептіліктің мәдени көрінісі. Иманды болу – адамгершілік парыз.
 

 

Қайырымдылық –имандылық  тақырыбына  өз ойыңызды айтып берсеңіз.

Адамгершілікке жатпайтын іс әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?

Иман жүзді адам деп кімдерді айтамыз. Иманды болудың себебі неде?

Ойын. «Жақсы мен жаман» сөздерін ажыратып беру.

«Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беріп толтырады.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

Ой толғау.

3 бұлт тапсырмасы

«Қайырымды бала » мәтінімен талдау , пікірталас өткізу. Айдос мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып  алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді.Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып жолда жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап ,беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау.

Баланың  қайырымдылығы неде ?

Өзің Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

/сөз 8-сыныпқа беріледі/

ІІІ.«Қыз қылығымен сүйкімді»
Қыз қылығымен сымбатты.
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Жастықтың өз жастығымен, пәктігімен әдемі дегендей жас қыздардың өздері — ақ қыздың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше.
Намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.

  1. Қазақ қызы қандай болу керек?
  2. Қыз өссе, елдің көркі… деген қалай түсінесіңдер?
    3. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
    4. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
    5. Үйде ата — аналар балаларын қалай тәрбиелейді?

Сұлу болу, сау болу — өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз — келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі — денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді.

Сөз кезегі 9-сыныпқа беріледі.

  IV.Қазақстанның өсіп-өркен­деуінің кілті жастарда. Ел да­муы­ның жаңа кезеңі мен тә­уел­сіздігіміздің үшінші он жыл­­дығында білімді, тәрбиелі, өне­гелі жастарды қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі. Елімізде құқықтық бі­лімді, құқықтық сана мен тәр­биені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданған болатын. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқығы мен бостандықтары.Сенің құқығым – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде айтып өтеді. 1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
2-оқушы
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3-оқушы: 9 – бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
4-оқушы: 11-бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5- оқушы: 12бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
6 – оқушы: 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
7 – оқушы: 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8 – оқушы: 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)

ІV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» — деп өкініп жүр ме? Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?  Сөз кезегі 10-сыныпқа беріледі.

Қорытынды. /стикер тарату /

Не үйрендіңдер?

Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап ғасырдаң –ғасырға жеткізуде адам баласы бір — бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір- бірімзді қадірлей білуіміз керек. Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады. Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.

  1. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе
  2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және

ізгілікпен ойлай жүр

  1. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды,

қайырым жасағаныңды есіңе түсір.

  1. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
  2. Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6 .Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы ,

мәдениетті сөйлеуге үйрен.

  1. «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа

жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.

КҮН

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім,

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым. Жақсы адам- ел ырысы.

Жақсы адам деп бойында адамгершілік құнды қасиеттердің барлығы жинақтаған тұлғаны айтамыз.  /гүл сыйлау/