Нъютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері Күш
Сабақ тақырыбы: Нъютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері Күш
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Нъютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Күш туралы білім беру.
- Дамытушылық. Оқушылардың табиғат құбылыстарын физикалық заңдылықтар тұрғысынан түсінушілігін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік. Оқушыларды байсалдылыққа, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың формуласы?
- Дененің еркін түсуі деген не?
- Центрге тартқыш үдеу формуласы қандай?
- Векторлық және скалярлық шамалар деген қандай шамалар?
- Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласы?
- Сызықтық және бұрыштық жылдамдық арасында қандай байланыс бар екенін Формуласымен түсіндір.
- Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі период және жиілік дегеніміз не?
- Үдеу дегеніміз не? Формуласы.
Жаңа сабақ
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл-өздеріңе таныс инерция заңы. И. Нъютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Нъютонның бірінші заңы деп атайды.
Санақ жүйелерінде дененің қозғалыс жылдамдығы өзара әрекеттесуден ғана емес, сол жүйенің үдемелі қозғалысынан да туындайды. Ондай санақ жүйелері инерциялық емес санақ жүйелері деп аталады.
Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын (немес тыныштық күйін сақтайтын) санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.
Денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы күш деп атайды.
Ауырлық күші деп денелердің жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды.
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына (сығылуына) тура пропорционал: , бұл формула
Гук заңын өрнектейді, мұндағы Fсерп-серпімділік күшінің модулі, к-қатаңдық коэффициенті, -дене ұзындығының өзгеруі.
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа бағытталады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.үйкеліс күшінің модулі тіректің реакция күшіне тура пропорционал: , мұндағы-үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.
Табиғатта үйкеліс күші 3 түрде көрініс табады: сырғанау, тербеліс, тыныштық үйклісі.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
Сабақты қорыту:
Бір денеге 8 Н және 6 Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. осы екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
|
|
Fқ-?
Ж: Fқ=10 H
Үйге тапсырма:
- 10- §11-оқып, 8-жаттығуды орындау.